Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ХҚЕС сәйкес ҚЕ 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
815.1 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы

«Бекiтемiн»

Проректор

________________Қ.Ә. Ахметов

«_____»____________ 2014 ж.

«ХҚЕС сәйкес қаржылық есеп»

пәнi бойынша

«Қаржы» мамандығына арналған

Оқу әдістемелік кешен

Астана – 2014

Оқу әдістемелік кешен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің жоғары білім беру стандарты негізінде (ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген №1080, 23 тамыз 2012 жыл), және «қаржы» мамандығы оқу жоспарының типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған (ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығы № 343, 16 тамыз 2013 ж) және «ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп» пәні бойынша типтік бағдарлама негізінде (30.12.2009 ж ҚР Білім және ғылым министрлігі №611 бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа еңгізілген).

Оқу әдістемелік кешенді құрастырған:

аға оқытушы, магистр Тажигулова А.Ж.

Оқу әдістемелік кешен «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасында талқыланды,

хаттама № 1 «___28___» _____08___________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушiсi

э.ғ.к., доцент Порядина И.В.

Декан Аманбаев А.Ж.

Институттың ғылыми-әдiстемелiк кеңесiнде қаралып бекiтiлген, хаттама

№ __ ___ «___ __» ________ 201 ж

МАЗМҰНЫ

  1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы

  2. Оқу жұмыс бағдарламасы

  3. Силлабус

  4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

  5. Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі

  6. Дәрістемелік материалдар

  7. Машықтану сабақтарының жоспары

  8. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар

  9. СОӨЖ бен СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

  10. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

  1. Аралық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы

Тақырып 1 Қысқа мерзіді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар

Ақшақаражаттарын және олардың баламаларын тану, 7 ҚЕХС.Ақшалай қаражаттарды қолдануға қойылатын шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау жасау. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдарын ұсыну. Ақша қаражаттарының жасырынған ағымдарын бейнелеу.

Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу. Бастапқы бағалау. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының есебі. Жеңілдіктер мен тауарлардың қайтарылуы. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.

Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша басқа да дебиторлық борыштары.

Салықтық активтер есебі: ағымдағы және кейінге қалдырылған.

Басқа да активтер есебі: берілген аванстар; алдағы кезең шығыстары; аяқталмаған құрылыс және басқа активтер.

Тақырып 2 Қорлар есебі

Қорларды тану (2 ҚЕХС). Қорларды тану критерийлері. Қорларды бағалау. Сатып өткізудің мүмкін таза құны. Сатып алудың нақты құны. Қорларды бағалау әдістері. Қорлардың шығыс етілуі. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі. Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелері. Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептен шығару бойынша резерв.

Тақырып 3 Негізгі құралдардың есебі

Негізгі құралдарды тану критерийлері (16 ҚЕХС). Болашақ экономикалық тиімділік. Негізгі құралдардың бастапқы құны. Негізгі құралдарды сатып алу есебі. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары. Негізгі құралдардың кейінгі есебі: тарихи құны бойынша есепке алу, негізгі құралдарды қайта бағалау. Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қызмет мерзімдері және есептеу әдістері, оларды есептеп бейнелеу. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету.

Тақырып 4 Материалдық емес активтердің есебі

Материалдық емес активтерді тану (38 ҚЕХС). Бірегейлендіру. Бақылау.Болашақ экономикалық тиімділік. Материалдық емес активтерді сатып алу сәтіндегі бағалау және тану. Кәсіпорында құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны. Кәсіпорында жасалған саудалық маркалар, іскерлік бедел. Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі есепке алудың моделі. Бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі. Қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі. Пайдалы қызмет ету мерзімі. Шектелмеген пайдалы қызмет ету мерзімі бар материалдық емес активтер. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.

Материалдық емес активтермен операциялар есебі.

Тақырып 5 Активтердің құнсыздануы

36 ҚЕХС қолдану аясы. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн. Қолдану құндылығы. Бастапқы (генерирующая) бірлік. Құнсыздану белгілері. Құнсызданудан алынатын зиянды тану. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (ревенсирование). Активтердің құнсыздануының есебін ұйымдастыру.

Тақырып 6 Ұйымның міндеттемелерінің есебі

Міндеттемелер түсінігі және жіктелуі, оларды тану. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивиденттер мен қатысушылар кірістері. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Уақытша және тұрақты айырмашылықтар. Уақытша айырмашылықтардың салықтық әсері. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; жал бойынша; төленуге тиісті сыйақылар бойынша. Зайымдар бойынша шығындарды тану, 23 ҚЕХС. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі. Бағаланушы міндеттемелер есебі: кепілдік міндетемелері; заңды шағым талаптары бойынша міндетемелер; басқа да бағаланушы міндетемелер. Басқа да міндетемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер.

Тақырып 7 Кірістер мен шығыстар есебі

Түсімді тану критериі 18 ҚЕХС. Мәмілені бірегейлендіру.Тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивиденттер түріндегі түсімді тану. Кірістер мен шығыстар түсінігі. Қаржыландырудан алынатын кірістер есебі. Басқа да кірістер есебі. Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебі. Кезең шығыстарының есебі. Өзге де шығыстар есебі. Қорытынды кірісті немесе зиянды тану, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі.

Тақырып 8 Капитал және резервтер есебі .

Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.Төленбеген капитал есебі. Қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар. Эмиссиялық кіріс есебі. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.

Тақырып 9 Қаржылық есептілікті ұсыну

Қаржылық есептіліктің мақсаты (1 ҚЕХС). Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі. Қызметтің үздіксіздігі. Есептеу әдісі бойынша есепке алу. Ұсынудың бірізділігі. Мәнділік және біріктіруі. Өзара есепке алу. Салыстырмалы ақпарат. Құрылымы және мазмұны. Есепті кезең. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын ең аз талаптар. Қысқа мерзімді және ұзқ мерзімді жіктеу. Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар. Пайда және зиян жөніндегі есептің екі нысаны. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы, оның нысаны. Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы. Есеп саясатындағы өзгерістер. Кейіндетілген жағдайлар.

Тақырып 10 Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27)

Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы. Шоғырландыру процедуралары. Бухгалтерлік балансты және пайдалар мен залалдар туралы есептілікті шоғырландыру әдістері. Бөлек қаржылық есептіліктердегі еншілес, бірлесіп бақыланатын және тәуелді ұйымдарға инвестициялардың есебі. Пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есептілік.

Тақырып 11 Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет (ҚЕХС 21)

Функционалды валюта. Шетел валютасындағы операцияларды бейнелеу. Бастапқы тану. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Шетелдік қызмет. Функционалды валютадан бөлек есептіліктегі валютаны қолдану.Ұсыну валютаға қайта есептеу.

Тақырып 12 Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)

Салық базасы. Ағымдағы салық міндеттемелері және ағымдағы салық активтерін тану. Тұрақты және уақытша айырмашылықтар. Салық салынатын уақытша айырмашылықтар. Шегерілетін уақытша айырмашылықтар. Кері іскерлік бедел. Активті немесе міндеттемені бастапқы тану. Пайдаланылмаған салықтық зияндар және салықтық несиелер. Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелерді есептеу. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер мен активтерді тану. Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер: шығыстарға (табыстарға) және капиталға қатыстыру.