Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КП РК шпора.rtf
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.77 Кб
Скачать

1993 ж. ҚР-ның Конституциясында бекітілген келесі құқықтардың қайсысы 1995 ж. ҚР-ның Конститу-циясында қайталанбайды:тұрғын үй құқығы.

1995 ж. ҚР-ның Конституциясы қабылданды:Референдум жолымен.

1995 ж. ҚР-ның Конституциясы:Преамбула және негізгі бөлімнен тұрады.

1999 жылы партиялық тізімдер негізінде Парламент Мәжілісіне:он депутат сайланды.

АААА

Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі:ҚР-сы Конституциясының екінші бөлімінде бекітілген.

Адамның белгілі бір мемлекетпен саяси-құқықтық байланысы қалай аталады:азаматтық.

Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттерін конституциялық тұжырымдаудың қандай тәсілдері бор:негативтік және позитивтік.

Азаматтық, бұл:адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы.

Азаматтықты алу жағдайында қабылданатын акті:Жарлық.

Апатридтер – бұл:азаматтығы жоқ адамдар.

Ата-анасының біреуі Республика азаматы болып екіншісі шет ел азаматы болса, бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады:егер Қазақстан Республикасының аумағында туса.

Аудандық соттың судъясы болып тағайындалуы мүмкін:25 жасқа толған Республика азаматы.

Аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі:5 жыл.

Ауызша өтініш негізінде саяси партияға қабылдауға бола ма:болмайды.

ӘӘӘӘ

Әділет біліктілік алқасынынң құрамына:Конституциялық Кеңестің мүшесі кіреді.

Әлеуметтік мемлекет бұл:ең қымбат қазынасы адамның құқықтары мен бостандықтары болып табылатын, өз азаматтарының әлеуметік қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекет.

ББББ

Бас Прокурор және Ұлттық қауіпсіздік комитінің Төрағасын тағайындауға келісім береді:Сенат.

Бәсең сайлау құқығы – бұл:сайлану құқығы.

Белсенді сайлау құқығы – бұл:сайлау құқығы.

Белсенді сайлау құқығы басталады:18 жастан.

ДДДД

Депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру сайлау округтеріндегі бірлескен жұмыс үшін құрылатын депутаттар бірлестігі:депутаттық топ.

Депутаттық әдеп ережелері белгіленеді:Палаталардың регламенттерімен.

Депутаттық иммунитет – бұл:депутаттық қызмет кепілдіктері (ешкімнің тиіспеуі).

Депутаттық фракция құрамында қанша депутат болуы тиіс:кемінде 10 депутат.

ЕЕЕЕ

Егер Парламент әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылдаған шешімді растайтын болса Республика Президенті заңға қандай мерзім ішінде қол қояды:жеті күн ішінде.

ЖЖЖЖ

Жастардың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері болуы мүмкін:16 жасқа толған азаматтар.

Жеке құқықтар:еркін жүріп-тұру құқығы.

Жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрацияларды өткізуге рұқсат беру не тыйым салу туралы шешімді ұйымдастырушыларға хабарлайды:өткізудің белгіленген уақытынан кемінде 5 күн бұрын.

Жергілікті қауымдастықтың Типтік Жарғысы кіммен бекітіледі: жергілікті қауымдастық кеңесімен.

Жиналыстар, митингілер, шерулер, демонстрациялар өткізу туралы өтініш жергілікті атқарушы органға:өткізудің белгіленген уақытынан кемінде 10 күн бұрын беріледі.

Жоғары Сот Кеңесінің құрамына:Бас Прокурор кіреді.

ЗЗЗЗ

Заң шығару бастамасы құқығы жүзеге асырылады тек қана:ҚР-сы Парламентінің Мәжілісінде.

Заңдылықты жоғары қадағалауды жүзеге асырушы орталық орган:Прокуратура.

КККК

Конституция бойынша тұрғын үйден айыруға жол беріле ме:соттың шешімі бойынша жол беріледі.

Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның Парламентіне ұсыныс енгізіледі:ҚР-ның Президентімен.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы:өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында:басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне жол берілмейді.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында:неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет қорғауында болады.

Конституцияға сәйкес ҚР-да:қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең азаматтық танылады.

Конституцияға сәйкес тұтқындауға болады:тек соттың және прокурордың санкциясымен.

Конституциялық бостандық – бұл:адамның өз мінез-құлқын заңға сәйкес дербес жүзеге асыруының кепілді мүмкіндігі.

Конституциялық Кеңес Тәрағасы:ҚР-ның Президентімен тағайындалады.

Конституциялық Кеңес төрағасының өкілеттігі тоқтатылады:ҚР-ның Президентімен.

Конституциялық Кеңеске кім жүгіне алады:Сенат Төрағасы.

Конституциялық Кеңеске өтініш жасау құқығы жоқ субъектілер:Парламент депутаты.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі:қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Конституциялық Кеңестің іс жүргізуге қабылданған өтініштерді қарау мерзімі Республика Президентімен қысқартылуы мүмкін:он күнге дейін.

Конституцияны дайындау мен қабылдау тәртібі келесі терминмен белгіленеді:құрылтайлық билік.

Конституцияның нешінші бабы өмір сүру құқығын бекітеді:15-бабы.

Контрасигнатура – бұл:Үкімет бастамасы бойынша шығарылған, ҚР-сы Президентімен қол қойылған Парламент актілерінің заңдылығы үшін Парламент Палаталары Төрағаларының және Премьер-министрдің жауаптылығы.

Көрсетілген актілердің қайсысы басым:бекітілген халықаралық шарттар.

Көрсетілген институттардың қайсысы Қазақстаннның мемлекеттік құрылысын сипаттайды:біртұтас мемлекет.

Көрсетілген институттардың қайсысы Қазақстаннның саяси режимін сипаттайды:демократиялық мемлекет.