Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
jcr'.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.09 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (1): Бала 2 айлық. Әр емгеннен соң көп мөлшерде құсуға шағымданады, құсығында өт араласпаған. Бала жүктіліктің ІІ жартысында гестозбен өткен 1 жүктіліктен туылған. Туылғандағы салмағы 3200 гр., бойы – 52 см. 1 айға дейін анасы емізген, кейін жасанды тамақтандырылған.

Қарау кезінде тері түсі бозарған, құрғақ, тері мәрмәр тәрізді. Тері май қабаты кіндік маңайында 0,5 см жұқарған, тұрғоры төмендеген, бұлшықет гипотониясы. Жүрек тондары анық, ырғақты. Тынысы пуэрилді, іші жұмсақ, пальпацияланады. Несеп бөлу жиілігі тәулігіне 7-8 рет. Нәжісі тәулігіне 4-6 рет. Қазір салмағы 3450 гр

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Диагнозды дәлдеу үшін қандай тексерулер қажет?

  1. Денсаулық тобын анықтап, дәлелдеңіз?

  1. Осы балаға ем тағайындаңыз (препараттардың атаулары мен мөлшерін көрсете отырып)

5. Осы баланы бақылау бойынша ұсыныстар

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (2): Ұл бала 1 жас 7 айлық. Дене салмағы 13 кг, бойы 83 см. Мектеп жасына дейінгі мекемелерге бармайды, анамнезі қолайлы. Нерв-психикалық дамуы жасына сай, соңғы жылы ЖРВИ-мен 5 рет ауырған, 1 рет пневмониямен. Тексергенде соматикалық дені сау. Баланың дене бітімі қалыпты. Терісі және шырышты қабаты қызғылт, таза. Тері асты май қабаты қалыпты дамыған. Өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек тондары ырғақты. Іші жұмсақ, пальпация ауырсынусыз. Физиалогиялық шығарымдары қалыпты.

  1. Баланың денсаулық тобын анықтаңыз. Не себептен ол топқа

жатқызғыныңызды негіздеңіз.

  1. Баланы диспансерлік тіркеуге алу қажет пе?

  1. Осы баланы сауықтыру шаралары бойынша сіздің ұсыныстарыңыз (осы балаға емдеу және алдын алуға қажет препараттардың атаулары мен мөлшерін көрсете отырып)

  1. Диспансерлік бақылау есебінен алып тастау критерийлерін көрсетіңіз

  1. Балаға вакцинация жүргізуге кері көрсетілім бар ма?

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (3). 3 айлық қыз балада қорқақтық, тершеңдік, ұйықтап жатқанда селк ету байқалады. Қарау кезінде: бас пішіні қалыпты, шүйдесі тақыр, үлкен еңбегі 2,5х2,5 см. шеті жұмсақ. Бұлшықет тонусы шамалы төмендеген. Ішкі ағзалар патологиясыз. Бала 2 айынан бастап D витаминін қабылдаған.

  1. Алдын ала қандай диагноз қоюға болады?

  1. Балаға қандай тексеру жүргізу қажет?

  1. Осы балаға ем тағайындаңыз (препараттардың атаулары мен мөлшерін көрсете отырып)

  1. Осы балаға сулкович сынамасын жүргізу қажет пе? (жауабыңызды негіздеңіз)

  1. Вакцинация бойынша ұсыныстар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]