Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_Respublikasy_Bilim_zh_1241_n...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.42 Кб
Скачать

Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы

Бейресми жастар тобының жұмыс атқаруы барысында топтың психологиялық жіне функционалдық құрылымы пайда болады. Топтың психологиялық даму деңгейі жоғарлаған сайын оның ішкі психологиялық құралымы анығырақ көрінеді. Бейресми жастар тобының даму заңдылығының бірі – іскерлік қатынастар мен эмоционалдық қатынастардың топ ішінде біртіндеп араласуы. Топқа психологиялық талдау жасалғанда топ мүшелері арасында ақпарат алмасу тәсілдерін толық зерттеу қажет. Ақпарат алмасудың келесідей түрлері бар:

  1. Толық құрылым – топтың мүшелері бір-бірімен еркін қарым-қатынас орната алады.

  2. Шеңбер құрылымы – ақпарат шеңбер бойынша бір немесе екі бағытта таралады.

  3. Аралас құрылым – ақпарат алмасу үшін лидер екі немес бірнеше ақпарат алмасу тәсілдерін қолданады. Күрделі структура – лидер өзіндік коммуникативтік құрылымы бар екі немесе бірнеше топшаларды басқарады.Лидер негізгі бағыттардың басшыларымен ғана қатынас орнатады. Басшылар өз кезегінде коммуникативтік құрылым орнатып, делдалдармен қарым-қатынас орнатады. Делдалдардар тікелей орындаушыларға ақпаратты жеткізеді.

Топ ішіндегі қатынастардың негізгі көрсеткіші – конфликттердің болуы. Конфликттердің пайда болу себебі – психологиялық мотивация.

Топ ішінде пайда болатын конфликттер топ мүшелерінің қызығушылықтары, жеке абыройы мен құндылықтарына тікелей байланысты.

Конфликттерді 3 топқа бөлуге болады:

  1. Тұлғаішілік, адамның топқа кіргеннен кейін жаңа құндылықтар, нормалар мен заңдылықтардың қалыптасуы.

  2. Тұлғааралық, оған топ ішіндегі функциялардың бөлінуі әкеледі

  3. Топаралық, территория бөлісуі мен билік өрістеріне байланысты пайда болады.

Тұлғааралық конфликтілер бойынша, лидер өз тобы үшін пайдасыз бола бастаған сәттен ұйымдастырушы мен топ мүшелері арасында қақтығыстар пайда болуы мүмкін. Лидер мен топ арасындағы конфликттердің себептері:

  • Топ ұйымдастырылуының тиімсіздігі, эффективтілігінің төмендігі.

  • Топ мүшелерінің лидерге қарсы болуы

  • Топ мүшелерінің дисциплинаға бағынбауы

  • Топ лидерінің топ мүшелеріне қорлаушы қарауы

Лидер мен оның жақындары топ мүшелеріне салғырт қарауы жиі байқалады. Және де топ лидері мен оппозиционер арасындағы қақтығыстар болуы мүмкін. Ереже ретінде осындай қақтығыстар жасырын өтеді, топтың ыдырауына әкелуіне мүмкін. [13]

Топтың лидерді қабылдауы

Лидер кез келген топта «біреуіміз» деген тарапта қабылдануы керек. Егер де үлкен жетістіктерге жеткен лидерлердің биографиясын зерттесек, лидердің топ мүшелерімен бірдей белгілі сипаттамалары болғанын көреміз. Сондықтан да ол «бөтен біреу» ретінде емес, «біреуіміз» ретінде қабылданады.

Лидер топтың негізгі құндылықтары мен нормаларын бойында сақтаушы ретінде қабылдануы керек. Тек баршаға танымал тұлға ретінде көрінігенде, лидер «әке» рөлін бейнелей алады.

Лидер топ ішінде «біздің арамызда ең мықты» деп қабылдануы керек. Бірақ та лидер топ мақсаттары бойынша эксперт болмаса, сол мақсаттар орындалмайды немесе орташа деңгейде орындалады.

Лидер топтан қатты асып кетпеуі де керек, топ мүшелерінен аса ақылды болмауы да керек. Себебі өте ақылды адам «біздікі» ретінде қабылданбайды. Сонымен қатар лидер топ қажеттіліктерінен алыс болады немесе топқа көмек көрсету үшін мотивациясы жеткіліксіз болады. Және де интеллект деңгейлері арасындағы айырмашылықтарына байланысты коммуникативтілікпен мәселелер пайда болуы мүмкін.[8]