- •3 Курс студенті , Ақылшаева Ақдана Бекежанқызы
- •Лидердің атқаратын функциялары.
- •Лидерлік пен басшылық стильдері
- •Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.
- •Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.
- •Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы
- •Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы
- •Топтың лидерді қабылдауы
- •Лидерлерді анықтау тәсілдері
- •Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі
- •Лидерлікті дамыту
Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы
Бұл тарапта көрсетілгендей жастардың арасындағы лидерлік пен біршама орныққа көп көрген яғни ерексек лидерлер арасында белгілі бір деңгейде айырмашылық та ерекшелікте басымдылықта болуы шарт. Лидерліктің бастамасы ретінде бизнесті жүргізудегі ерекше ортамен жұмыста қабілеттілік нақтырақ профессионализм. Бизнес пен профессионалдық ортада лидер болу мен жетісті болу дегеніміз көп жағдайда нақты нәтижелерге жетумен сипатталатын паралелльды құбылыстар. Бизнестегі лидер – ақты мақсатын білетін, өзінің идеяларын басқа адамдарға жеткізе алатын адам. Сонымен қатар өзгелерге әсер ету мен өзгелерді мотивациялау үшін белгілі бір коммуникативты қасиеттерге ие. Өзінің маңыздылығы мен нәтиженің маңыздылығына сенім – мінез-құлықтың негізі. Себебі бұл оның жетістілігінің өлшеу критерийі. Сонымен, бизнестегі лидер – нәтижеге сенімді адам.
Ал жастар арасындағы лидер қандай қасиеттерге ие болуы керек, және лидерлікті қалыптастыру процесінде қандай мақсаттар көзделеді? Көбінесе, басқа адамдарға қажетті және құнды қасиеттерге ие адамдар лидер болып таңдалады. Жасөспірімдерде қандай қажеттіліктер бар? Өзін-өзі таныту қажеттілігі, белгілі бір ортада қабылдануы мен көпшілік арасынан бөлініп шығу қажеттіліктері. Жастар арасындағы лидер үшін өзінің сөздері мен әрекеттерінде сенімді, қызықты болуы шарт.
Жастар арасындағы лидерлік процесске негізделген. Жасөспірімнің негізгі құндылықтарының бірі - уақытты қызықты әрі тиімдіөткізу. Қарым-қатынас, кей кезде ешқандай мақсат көздемейтін, карым-қатынас процессі мақсат ретінде танылады. Сол коммуникациялар кезінде жас жігіттер мен бойжеткендер құрдастарынан өз маңыздылығын растап, өз статусын анықтайды. Олар үшін қолдау өте маңызды, себебі, көптігінде өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптаспаған. Олардың құндалықтар жүйесі жиі бұқаралық ақпарат құралдарының, интернеттің, құрдастары мен ұқсағысы келген адамдармен араласу әсерімен қалыптастырылған. Сонымен қатар, ата-анасының қоластынан кеткеннен кейін олар ата-анасы мен басқа ұрпақтар насихаттаған құндылықтар жүйесін жоққа шығаруға тырысады.
Лидердің негізгі қасиеттерінің бірі, тек қана жастар арасында ғана емес, бизнесте де, өзгелердің алдында болу. Сәннің жаңа үлгілерін білу, жаңалықтарды білу, өзгелерге жетімсіз ақпаратқа ие болу. Демек, үлкен білгірлік, ақпараттың үлкен көлеміне ие болу қажет. Ақпаратқа ие болу – ресурс, осы ресурсты ие болушы адам өзгелерге әсер етуі мүмкін. Лидер қай жерден, және қандай ресурс алу керектігін біледі. Осындай ақпараттың жеткіліксіздігін жасөспірімдердің көпшілігі өзінің ойлары мен фантазияларымен толықтырады. Олар бір-бірімен өз өмірінің құрастырылып, жасанған немесе мүлде болмаған сәттерімен бөліседі, және айтқаны өз ортасында жеңіл қабылданады. Сонымен, жасөспірімнің лидерлік қасиеті қиялдарын шындыққа теңеп, басқаларға жеткізу еркіндігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жастар арасындағы лидер өз ойларын нақты факттармен толықтыруы қажет. Осындай лидерге деген сенім тез өседі.
Жастар арасындағы лидердің тағы да бір қасиеті – қалыптыдан тыс, оригиналды, ортодоксалды болу, стандартты ойларды нұсқадағыдай емес жеткізу. Өз ойларын басқа бір, қызықты, шоғал әрекеттер арқасында жеткізу. Және өзгелерді осы ойларды жүзеге асыруға ынталандыру. Осында жастар арасындағы лидердің басты қасиеттерінің бірі – батыл болу, көрініс табады. Осы қасиеттерге ие лидерлерге сенеді, оларға ұмтылып, артынан ереді. Расталған тәуекел мен батылдық – жалпы лидерліктің сипаттамасы. Алайда, басқа жағынан шамадан тыс батылдық пен еркіндік жасөспірімге асоциалды әрекеттерге итермелеуі мүмкін, мысалы нашақорлық мен маскүнемдік және т.б. сондықтан да, лидерлік қасиеттері анық көрініс тапқан жастарға моральдік ұстанымдар мен дағдыларды үйрету керек. Осы әрекеттер жастар арасындағы лидерден ересек адамды қалыптастыруға көмектеседі.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әр түрлі әлеуметтік топтарға «қосылу» статусы маңызды. Сондықтан да жас адамдарға бірігіп уақыт өткізу, іске қосылу мен қоршаған адамдардың қолдауы маңызды болап табылады. Олар өзінің маңыздануы, назар аудару, қайталанбастығы сияқты негізгі қажеттіліктерін өтеу үшін жеке өзіндік әлемдерін құрады. Қазіргі таңда Интернет желісінде жанды журналдар, қызығушылықтар бойынша қауымдастықтар, форумдар, чарттар танымал. Мысалы: белгілі әлеуметтік топтардың өзіндік сленгінің қалыптасуы. Осындай топтарда да лидерлер пайда болады. Олар қозғалатын тақырыптарға байланысты өзгеріп отырады.
Кейбір топтар белгілі бағытқа ие. Мысалы, күрес бойынша спорт секциясындағы лидер – ең мықтысы, ал жүгірудегі ең жылдам. Себебі – жасөспірімдер үнемі күш салыстырады. Алайда, сол топтың ішіндегі жағдай контекст өзгерген жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін. Басқа бір қатысушы лидер болып тағайындалады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірім топтарының бағыты асоциалды. Егер де жасөспірімнің ең мықты, ең жақсы болуына мүмкіндігі болмаса, жағдай өзінен өзі тығырыққа тіреледі.
Мысалы, жасөспірімге өзін ересек болып сезіну өте маңызды. Темекі шегу қоршағандарға өзін ересек етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Ол өзінің маңыздылығының дәлелдемесі ретінде осы жол арқылы өзін көрсетем деушілерді жинайды.
Назар аудару мен жағдайлар ортасында болу – жастар арасындағы өзекті мәселе. Ол сыртқы көріністер арқылы жол табады. Мысалы: киім, шаш үлгісі, өзін топта ұстау және сөйлеу сипаттары. Жастар үшін киім сататын дүкендер өте көп. Ол белгілі статусты ұстануға және мода үлгілерінде өзін анықтауға көмектеседі. Көптеген жағдайларда жастар арасындағы лидер өз сыртқы түрімен өзгелерге қарағанда ерекшеленеді. Ол өзін әдемі көрсеткісі келетін қыздар үшін аса маңызды.
Жас жігіт пен бойжеткен лидерлердің сыртқы айырмашылықтарын көрсетуге болады. Жігіттер дене бітімінің мықтылығымен ерекшеленеді, себебі олар өздерінің позициясын әрдайым дәлелдеу керек. Сенімді, кей жағдайда дөрекі мінез-құлық, дауыстың қатты шығуы ерлерге тән. Бойжеткендер арасындағы лидерлік өзіне назар аударуды қажет етеді, ол сәнді киім, шаш үлгісі және коммуникативтік дағдылар арқылы жүзеге асырылады. Физикалық тартымдылық та мыңызды рөлге ие.
Ұжымға байланысты лидерлік сыртқы аспектілерде емес, ішкі қасиеттер мен ерекшеліктерде көрініс табуы мүмкін.Мысалы, студенттер тобында карьера мен білім сияқты құндылықтар болса, лидер сыртқы келбетіне қарай емес, белгілі білімдер мен дағдыларға байланысты.
Лидерлердің тағы да бір негізгі қасиеті – жастар ортасы мен ересек ортасына ортақ қасиет – харизма - ерекше қасиет, өзгелердің адамды ерекше қасиеттерге ие екендігіне сенімділігі, өзгелерге эффективті әрекет ету қабілеті. «Харизма» түсінігі ежелгі грек мәдениетіне байланысты, өзіне назар тарту деген мағына береді. А хариттер – ежелгі грек әдемілік, грация мен бұрымдылық құдайлары. Әлем діндерінің тарихында белгілі харизматтарға Будда, Моисей мен Христос жатады. Харизматтарға әлемдік діндердің ішіндегі бағыттарды қалыптастырушы – Лютер мен Кальвин жатады. Басқа жағынан, бұлар ілемге әйгілі мемлекеттік және әскери қайраткерлер – Шыңғысхан, Наполеон. 20 ғасыр қайраткерлері: Муссолини, Гитлер, Ленин мен Троцкий, Ганди және Мартин Лютер Кинг. Харизма адам айналысатын ісі мен оның моральдық-этикалық мағынасына байланысты емес. Харизматикалық лидер әулие де болуы мүмкін, қылмыскер де болуы мүмкін. «Ол харизмаға ие» деген сөз, адам өзгелерге қатты әсер етеді, олар оның жарқындығына бет бұрып, артынан еруге даяр болады.[3]
Бір көзбен қарағанда өз артынан адамдарды ерту деген оңай іс емес, лидер болып тумайды, лидерлер адамдарды өз еркімен ерітпейді. Лидерлік – итарқы жұмыс, көп уақыт пен күш салуды қажет етеді.
Лидерліктің жетістіктерге жету, табыстылығы – айсбергтің тек көзге көрінетін бөлігі. Лидердің күнделікті жұмысы бәріне көріне бермейді, алайда оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Жиі лидерлер әдістемелік жобалар мен рекомендацияларға емес интуиция мен жеке тәжіриебесіне жүгінеді. Қалай да болса, лидерліктің теориялық аспектілерін білу, топтарды басқару жүйесіндегі соңғы зерттеулерді білу, әлеуметтік және педагогикалық психологиядағы базалық білімдерді игеру қажеттелігі бірнеше себептерге байланысты.
Біріншіден, уақыт бір орында тұрмайды, және қоғам бұрынғыдан екпінді дамуда. Идеалдының жоспары нақтының жоспарынан әрдайым артта қалып отырады, және жыл сайын уақытқа сай келу қиындауда.
Екінші себебі лидерліктің әлеуметтік табиғатында жатыр. Бұл дегеніміз адамдармен жұмыс демек, бір немесе басқа әрекетттерді дұрыс талқылау, мінез-құлықтың нақты мотивтерін табу, адамдарды бір-біріне тартатын немесе алыстататын әлеуметтік күштердің векторларын түсіндіру үшін психологиялық және педагогикалық білімнің негіздерін білу қажет.
Сыртқы әрекеттесудің эффективтілігі араласудың 4 принципінін және коммуникация ұйымдастырылуының іске асырылуына байланысты:
Басқа адамның позициясын конструктивты тұлға ретінде құрметтеу
Шыңшылдық
Адамның ішкі сезімдерін және мінез-құлық мотивтерін түсіну
Қарым-қатынастың нақтылығы[4], [10]
