- •3 Курс студенті , Ақылшаева Ақдана Бекежанқызы
- •Лидердің атқаратын функциялары.
- •Лидерлік пен басшылық стильдері
- •Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.
- •Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.
- •Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы
- •Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы
- •Топтың лидерді қабылдауы
- •Лидерлерді анықтау тәсілдері
- •Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі
- •Лидерлікті дамыту
Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.
Әйел және ерлердің басқару стильдері бойынша қалыптасып қалған стереотиптер кең таралған. Гендерлік лидерлікте әр тұлғаның ерекшелігіне , қызба қабілетіне, ұйымдастырушылық, топпен жұмыс жасай алатындығы маңызды. Әйелдер қоластындағылардың эмоционалдық жағдайы туралы көп ойлайды, сондықтан оның назары топ ішіндегі қарым-қатынасқа түйілген деп есептелінеді. Ал ерлерді макиавеллистік типтегі авторитарлық лидерлер, қатаң, қоластындағылардың жағдайына көңіл бөлмейтін, және топ ішіндегі қарым қатынас жайлы аландамайтын басшылар ретінде қабылдайды. Психологтар жүздеген зерттеу жұмыстарын салыстыра келе ер және әйелдердің басқару стильдерінің айырмашылықтарын іздеген. Нәтижесінде әйелдердің басқару стилі ерлердікінен қарағанда демократиялылығы көбірек екені анықталды. Мүмкін, оның себебі әйелдер қарым-қатынасты жеңілдеу орнатады, коммуникативтік қасиеті жоғары. Осы қасиет топ мүшелерінің мүмкіндіктерін тиімдірек пайдалануға, кеңестерден сыпайы түрде бас тартуға мүмкіндік береді. Әйелдер әлеуметтік салада, коммуникативтік қасиеттер жоғары бағаланатын жерлерде жақсы лидер, ал ерлер бұйрық беру, қатаң бақылау жүргізілуі керек салаларда өздерін көрсетеді. [5], [8], [3], [11]
Жастар ортасындағы лидерлік.
Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасыТоптағы лидер дегеніміз – топ үшін маңызды болып табылатын белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл түрде сайланатын, топқа берілген тапсырмамен мүлтіксіз жол тауып оның шешімін табуға топпен бірлесіп ұймтылып топты ұйымдастра алатын тұлға болашақта топтың ұжымдық әрекеттерді жүзеге асыратын ресми емес топты басқаратын топ мүшесі. Жастар қауымдастықтарының жоғары немесе орташа деңгейлі өкілдеріне материалдық, тұлғалық қасиеттеріне байланысты, жеке тәжірибиесіне байланысты жоғары беделділік тән. Бүгінгі күн жастар қауымдастықтарының лидерлеріне тән қасиеттерге мыналар жатады:
Төзімді болу
Алға қойылған мақсатқа жетудегі қайсарлық
Өзгелердің еркін керекті жағдайда басып тастау
Өзгелерді өз ырқына көңдіру
Ақыл-ой
Физакалық күш
Сөзінде тұру
Іскерлік қабілетті
Берілген тапсырманы уақытылы орындап тапсыру
Өзгелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көру
Оларды өз мақсатында қолдану
Сенімге тез кіру
Коммуниккативтілік
Қайраттылық
Жауапкершілік
Жастар ортасының ішкі және сыртқы жұмыс істеу шарттарын білу
Қиын жағдайлардағы тез шешім қабылдау мен жылдам бағдарлану.
Жастар ресми емес ұйымының лидері – ақылды, ұйымдастырушылық және қоластыдағыларға психологиялық билік жүргізу қасиетіне ие. Қорытындылай келгенде жастардың бейресми лидері белгілі қасиеттерге ие, және оларды өз функцияларын атқаруда қолданады. Осындай индивидуалды қасиеттер лидерлердің сайлануына негізгі шарт болып табылады.
Лидерлерді сайлау себептері мен лидерлік биліктің көздері.
Жастар топтарында топтың дамуы мен жұмыс істеуіне байланысты лидерлерді сайлау шұғыл түрде өтеді. Сайлауға екі фактор әсер етеді – объективті және субъективтік.
Объективтік фактор – бейресми ұжымның ішінде өзін ең пайдалы мүше ретінде танытқан адамның салануы.
Субъективті - лидер болып сайланатын адам лидерге керекті қасиеттерге ие адам: ақылды, белсенді, қайратты, өзгелерді өз еркіне бағындара алатын адамдар.Қай кезде болмасын өзінің ұжымын яки тобын қиындықтан алып шығатын адамның дәл өзі.
Лидер топтың дамуы мен жұмысына байланысты дайындалуы мүмкін. Психологиялық даму деңгейі төмен топтардың, мысалы компания ол жеке меншіктегі немесе жалпы мемлекеттік болсын лидерді таңдау процессі енді басталып, аяқталып үлгеруінше топ тарап кетеді. Және лидер анықталғанша лидер функцияларын топтың басқа мүшелері атқаруы мүмкін.Лидер дегеніміз дәл уақытында әрекет етіп топтың тарап немесе басқа да қиындыққа ұшырамауына баса назар аудара алатын бойындағы алғырлықты толыққанды көрсете алатын адам.
Психологиялық даму деңгейі жоғары топтарда лидерлік классикалық жолмен жүзеге асырылады. Топтағы лидерлік қасиеттері бар адамдар жағдайға байланысты лидер функцияларын атқарудан бастап, тұрақты басшыға айналу процессінен өтеді. Лидердің арқасында топ ішіндегі қарым-қатынастар тұрақтандырылады, топ құрамы бекиді, топ бірігеді. Нәтижесінде психолгиялық жоғары деңгейде дамыған қауымдастық - бейресми жастар тобы пайда болады.
Бейресми жастар топтарының лидерлері биліктің мынадай қайнар көздерін қолданады:
Эталон билігі. Топ мүшелерінің лидермен идентификациялануына, топ мүшелерінің лидерге ұқсағысы келетіндігіне негізделген.
Мәжбүрлеу немесе жазалау билігі. Оның күші байланысты:
а) санкциялар мен жазалау түрлеріне. Мысалы: моральдік (жалпыға салу, мінез-құлқының қателігі туралы ескерту), материалдық (штраф, пеня), физикалық (ұрып-соғу).
б) жазалау қаупінен бойұсыну арқылы сақтану
Лидер орнатып, қолдайтын тәртіп лидер билік көзінің күшіне байланысты.
Білгір билігі. Лидерді анықтайтын күштін негізгі көздері жұмыс атқарылуына байланысты ерекше білімдер, дағдылар мен интуициямен анықталады. Сондықтан да зерттеулердің көрсетуі бойынша бейресми жастар топтарының лидерлерінің интеллект көрсеткіші жоғары, лидер топтың ми орталығы болып табылады. Лидерлердің басқа сферадағы мамандарды жинауы осы билікпен байланысты.
Ақпараттық билік. Ақпараттық билік топ лидері өзге топ мүшелеріне жетімсіз, аса маңызды ақпаратқа ие болғанда пайда болуы мүмкін. Жоғары ұйымдасқан жастар тобы арасындағы ақпарат мөлшерлеп бөлінген, ақпарат толығымен тек лидердің қолында болады.
Нормативтік билік. Лидер басқарып, реттеп және бақылау, мәжбүр болған жағдайда талап ете алатын құқығы бар нормаларға байланысты билік түрі. Бейресми топтардың негізгі белгілерінің бірі арнайы жарғысының болуы. Жарғыда мінез-құлық нормалары, салт-дәстүрлер, заңдар, заңдарды бұзған кезде пайдаланатын санкциялар белгіленген.
Қорытындылай келе бейресми жастар арасындағы топ лидерінің билігі – топ ішіндегі қалыптасқан қарым-қатынастар, топтың құрылымы, даму деңгейіне байланысты билік көздері ауысып отыруы мүмкін.[7],[9]
