- •3 Курс студенті , Ақылшаева Ақдана Бекежанқызы
- •Лидердің атқаратын функциялары.
- •Лидерлік пен басшылық стильдері
- •Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.
- •Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.
- •Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы
- •Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы
- •Топтың лидерді қабылдауы
- •Лидерлерді анықтау тәсілдері
- •Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі
- •Лидерлікті дамыту
Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.
Өзін-өзі бағалау әр адамға тән.Өзін-өзі бағаламаған адамның ісі өрге жүзуіде екі талай. Ал бұл жағдайда лидердін өзін- өзі бағалауы мінез-құлқына әсер етеді, мысалы, зақымданған немесе төмендетілген өзін-өзі бағалау билікті қажетсінуге әкеп соқтырады.
Өзін-өзі бағалауы төмен лидерлер ізбасарларына тәуелді болады, реактивтілігі жоғары. Лидердің өзін-өзі бағалауы төмендеген сайын реактивтілігі жоғарылайды. Ол кері байланысқа тәуелді, өзгелердің пікіріне көп назар аударады.
Өзін-өзі бағалауы төмен лидер әрдайым өзіне қанағаттанбаушылық қасиетіне ие, ол жаңа белестер алуына септігін тигізеді, бірақ та лидер өз жетістіктеріне қуанбайды.Ол жаңа жетістікке жетудің орнына төмен қарай құлдырайды. Лидер өзіне өзі сенімді болуы үшін билікке ұмтылып, сенімдікітін орнын билікпен толтыруға талпынады. Осындай лидерлер көп жағдайда саясатта белсенділік танытады.
Жоғарлатылған өзін-өзі бағалау қасиетіне ие лидерлер де сыртқы жағдайларға тәуелді. Ол салыстырмалы түрде тұрақты ішкі стандарттарға ие, өзін-өзі бағалауы жоғары лидерлер өз қасиеттерін тым жоғары бағалап, өз мінез құлқына деген сыртқы және ішкі реакцияларды байқамайды. Осындай лидер өз жетістіктеріне аса риза болып, болмашы нәрселерге бола мақтанады және өзгелердің критикасын шабуыл ретінде қабылдайды. Өзін-өзі бағалау қасиеті тым жоғары лидердің оның атқаратын әрекеттері мен мінез-құлқы арасындағы кері байланысы бұзылған.
Адекватты өзін-өзі бағалайтын лидер – ең тиімді нұсқа. Оның іс-әрекеті мен мінез-құлқы өзін-өзі анықтаумен ынталандырылмайды. Өзі, мінезі мен жүріс-тұрысы арасындағы кері байланыс жеткілікті дамыған. Осындай лидер басқа лидерлерді адекватты қабылдап, құрметтейді. Өзге лидерлер оны төмендетеді деп қорықпайды. Бірігіп жұмыс атқарғанда екі жаққа да тиімді болатын жұмыс стратегиясын таңдайды.
Лидер кез-келген жағдайда өз мінез-құлқын Мен концепциясына сәйкес реттейді. Лидердің мінезі оның өзге лидерлер мен ізбасарларымен салыстыруы арқылы алған нәтижелерімен байланысты. Мен образда өзіне байланысты сезімдер мен ұстанымдар анық көрініс табады. Американ зерттеушілері Д.Оффер мен Ч.Строзаер пайымдауы бойынша Мен образ 6 өзара тығыз әрекеттесуші бөлімнен тұрады.
Физикалық Мен дегеніміз лидердің өз деңсаулығы және физикалық күші немесе әлсіздігі туралы ойлары.
Сексуалдық Мен лидердің ең сырлы бөлігі болып табылғанымен өзін латерал түрде көрсеткенімен, дегенмен тәулесіздігін жоғалтпайды. Лидерлік қасиет пен сексуалдылық деңгейінің арасындағы қатынас анықталмағындақтан осы бөліктің өзектілігі төмен.
Отбасылық Мен – лидер тұлғасының ең басты элементі. Отбасындағы жағдай кез-келген адамының мінез-құлқына үлкен ісер тигізетінің барлығына белгілі. Кейбіреулер балалық шақта алған зақымдарды тез басынан өткізіп, ұмытып кетеді, ал кейбіреулері балалық шақтағы фрустацияларды қоршағандарға көшіреді.
Әлеуметтік Мен индивидтің басқа адамдармен бірігіп өмір сүру қасиеті. Өз ұжымдастары мен достарының жақсы қасиеттерін көрсетуге ынталандыру қасиеті.
Психологиялық Мен лидердің әлемдегі өтіп жатқан құбылыстарға, жан дүниесіне, қиял мен армандарына, қалаулары, иллюзиялары, үрейлеріне және т.б. деген көзқарастар жиынтығы. Лидер өз үрейлерін анықталуынан күйзеледі ме, немесе қалжын деп қабылдауы – лидердің өзін-өзі бақылауының көріністері.
Жанжалдарды басынан өткізуші Мен – лидердің жанжалдарды шығармашылықпен айналып өту түсініктері. Лидер алдында ескі мәселелерді жаңа тәсілмен шешу мақсаты тұрады. Ол мәселені қабылдау үшін жеткілікті ақыл-ой мен интеллектіге ие болуы қажет. Ол өзгелерге сенімділік ұялату үшін өз басына жеткілікті сенімді болуы керек. Жанжалдарды басынан өткізуші Меннің тағы да бір маңызды аспектісі – лидердің әлеуметтік рөліне байланысты күйзелістерді жеңе алатындығын түсіну. Стресстер тұлғаның мінез-құлық және интеллектуалдық қабілеттерін шектейтіні белгілі, сондықтан да лидердің стресске төзімділік қасиеті жоғарырақ болу керек.
Жоғарыда айтылған Мен-концепция бөліктері оның мазмұның толығымен ашпайды. Мен-концепцияның күрделілігі басқа адамдармен ұқсастығын байқаумен байланысты. Лидердің Мен-концепциясы күрделі болған сайын, оны өзге адамдарды қабылдау өседі, олар ақпарат негативті немесе жағымды болуына қарамастан ой елегінен өткізіп, жауабын кері байланыс арқылы қайтарады.
Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, Мен – концепциясы позитивті көрінеді (сонымен қатар интегацияланған). Сонымен қатар ер адамдардың өзін — өзі өзектендіруіндегі альтернативті және прагмативті мәселелерін біріктіруге болады. Өзін бағалауды мынадай шарттарда жоғарлатуға болады: - Іс — әрекеттің біреуінде жеке табысқа жеткен жетістіктің қолда болуы. - Сәтсіз жағдайда қоғамның теріс айналуынан қорықпайтынымен шартталса. - Жақсы тұста оған деген сенімділіктің болуы және басқа адамдармен қатар қоюдың жоқтығы. Шынайы өмірде индивидуалдық мүмкіндіктеріне байланысты ситуацияны бақылағанда мінез-құлық тәсілдерінің барлық спектрлерін қолдану керек. [3], [11]
