
Алғашқы диагноз: Инсулин тәуелді қант диабеті
Науқастардың шағымдарына,ауру анамнезіне,өмір анамнезіне,объективті белгілеріне сүйене отырып,келесі симптомдар мен синдромдарды ажыратамын:
1)Инсипидарлы синдром:
*Полидипсия(күніне 5,6 литрдей су ішеді)
2)Гипергликемия синдромы:
*Анамнезінде гликемия 17-24ммоль/л деңгейінде.
Осы синдромдардың ішіндегі жетекші синдром: Гипергликемия синдромы:
Осы синдромдар кездесетін мынадай аурулармен ажыратпалы диагноз жүргіземін:
1.Қант диабеті 1 тип:
2.Қант диабеті 2 тип:
3 Қантсыз диабет:
Ажыратпалы диагноздың І кезеңі.Инсипидарлы синдром бойынша
Шөлдеу-организмде су жетіспеуіне байланысты дамитын субъективті сезім.Шөлдеу(полидипсия)-инспидарлы синдромның бір көрінісі болып табылады,ол полиурия және гипостенуриямен(зәрдің салыстырмалы тығыздығының 1010-ден төмендеуі)сипатталады.Бұл синдромға айқын этиологилық полиморфизм тән,яғни ол алиментарлы,медикаментозды,эндокринді,нефрогенді және нефростатикалы,неврогенді және психогенді себептерден дами алады.Бірақ диагностикалық негізін анықтау маңызды.
Шартты түрде ИС патогенезінің бірнеше түрлерін қарастырамыз.
Біріншіден,орталық бұзылыстар:гипоталамуста АДГ аз синтезі,биологиялық белсенді емес АДГ синтезі,сонымен қатар АДГ-мен берік байланыстың патологиялық нейрофизиннің түзілуі.
Келесі механизм сольвентті полиурия.Сольвенттер электролиттер(натрий,калий,кальций)және электролит еместерге(мочевина,глфкоза) бөлінеді.Организмде сольвенттер шектен тыс болғанда осмостық диурез дамиды.Біріншілік зәрде сольвент концентрциясы артып,оның осмостық қысымы артады,бүйректің милық заты және біріншілік зәр арасындағы осмостық градиент азаяды.Соған байланысты судың реабсорбциясы төмендейді,диурез артады.Бұл механизм Қант диабетінде(1, 2тип) кездеседі.
Қантсыз диабет
Антидиуретикалық гормонның абсолютті немесе салыстырмалы жетіспеушілігі салдарынан дамитын су тұз алмасуының бұзылысымен сипатталатын сырқат.Қантсыз диабетке алып келеді:жедел немесе созылмалы инфекциялар,ісіктер жарақаттар(кездейсоқ,хирургиялық),тамырлық патологиялар,кейбір науқастарда идиопатиялық.Қантсыз диабетте жынысқа байланысты ерекшелік жоқ және әр түрлі жастағы науқастарда кездесе береді,бірақ жиі жастарда.Клиникасында кенеттен пайда болған,науқасты түнде ұйқысынан бөлетін полиурия,полидипсия тән,тәуліктік бөлінетін зәр мөлшері 6-15л,менің науқасымда шөлдеу бар,бірақ тәуліктік диурез 1200мл.Қантсыз диабетте дене салмағының төмендеуі,шаршағыштық,тері жамылғысының құрғауы тән.Менің науқасымда соңғы жылдары төрт кг.ға арықтаған және екі аяғының тері жамылғысы құрғақ.Қантсыз диабетті жоққа шығара алмаймын,сондықтан лабораторлы және аспаптық зерттеу қажет.
Қантты диабет і тип
Инсулиннің абсолютті жеткіліксіздігі нәтижесінде дамитын созылмалы гипергликемия синдромымен сипатталатын эндокринді-гетерогендік жүйелі ауру.Жиі 40жасқа дейінгі адамдарда кездеседі,менің науқасымда 36 жасында,аурудың басталуы жедел,жиі кетоацидозбен,менің науқасымда да жедел,аурудың анықталуы шағымдарына байланысты(мотивацияланбаған шаршағыштық,ауыздың құрғауы,қатты шөлдегіштік).Бұндай науқастардың дене салмағы қалыпты немесе төмендеген болады,менің науқасымның дене салмағы қалыпты,ИМТ-20.6 кг/м2.Қант диабеті І типте дене салмағын тастау тән,менің науқасым екі айда алты кг.ға арықтаған.Қант диабеті Ітипті жоққа шығара алмаймын,сондықтан лабораторлы және аспатық зерттеу қажет.
Қантты диабет 2 тип
Инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігі нәтижесінде дамитын созылмалы гипергликемия синдромымен сипатталатын эндокринді гетерогендік жүйелі ауру.Қант диабеті 2 тип- жиі 40 жастан асқан адамдарда,оның ішінде әйелдерде кездеседі,ал менің науқасым ер адам,54 жаста.Аурудың басталуы баяу,жиі кездейсоқ анықталынып жатады,ал менің науқасымда жедел,аурудың анықталуы шағымдарына байланысты,кездейсоқ емес.Қант диабеті 2 типтегі науқастарда дене салмағы жиі жоғары болады.Бұндай науқастарға дене салмағын тастау тән емес,ал менің науқасым екі айда төрт кг.ға арықтаған.Кетоацидозға бейім болу,екінші типтегі қант диабетінде сирек,ал менің науқасымда ауыздан ацетон иісі байқалады.Осы айырмашылықтарға сүйене отырып,Қант диабеті ІІ типті жоққа шығарамын.