
- •8. Электр машиналарының жылулық режимдері және қозғалтқыш қуатын таңдау
- •8.1 Электр машиналарын жылыту және суыту
- •8.2.Сурет. Қозғалтқышты ажыратқанда температураның төмендеуі
- •8.1. Сурет. Әр түлі жүктеме кезінде қозғалтқыш температурасының жоғарлауы
- •8.3. Сурет. Қысқа уақытты режим
- •8.4. Сурет. Қайталама - қысқа уақыттық режим.
- •8.3. Жүктеме моменттерінің түрлері
- •8.7. Сурет. Жүктеме моменттерінің түрлері
- •8.4. Қозғалтқышты таңдау бойынша жалпы мағлұматтар
- •8.5. Ұзақ уақытты жүктеме кезінде қозғалтқышты таңдау
- •8.6 Қысқа уақыттық және қайталама-қысқа уақыттық жұмыс режимдеріндегі қозғалтқышты таңдау
- •8.7 Орындаушы механизмнің бұрылу бұрышына тәуелді жүктемелік моменттегі қозғалтқышты таңдау
- •8.8. Ілеспелі жүйелер үшін қозғалтқышты таңдаудың қарапайымдылығы
- •8.9 Қуатты есептеу мен электрқозғалтқышты таңдау мысалдары
- •8.8 Сурет. Электроқозғалтқыш білігіндегі жүктеме графигі
- •8.10. Бақылау сұрақтары
8.8. Ілеспелі жүйелер үшін қозғалтқышты таңдаудың қарапайымдылығы
Автоматты басқару жүйесіндегі жүктеме уақыттың кездейсоқ қызметін көрсетеді. Мысалы, радиолокациялық антеннаның із кесуші жүйелері, көрініп тұрғандай, қозғалтқыш білігіндегі кедергі моменті жел жылдамдығымен және оның бағытымен анқталады, ал қозғалыстың қажетті параметрлері (бұрыштық айналу жылдамдығы және лездік жылдамдық) ұшып бара жатқан ұшақтың бағыты мен жылдамдығына, сондай-ақ оның стансадан шалғай орналасуына тәуелді. Сондықтан, кедергі, тоқ және айналу жылдамдығын сондай-ақ, қозғалтқыш қуатын есептеу жақын сипаттамаға ие. Мұндай қозғалтқыштардың жұмысқа кеткен уақыты мен қуатының сирек емес түрдегі қоры белгілі бір түрде орта және эквиваленттік мәндерді жоғарылатады.
Қуаты үлкен қозғалтқыштарды таңдаған кезде, бір жағынан, автоматиканың борттық жүйелерінде сирек емес түрде шектелген привод массасының габариттеріне, энергияның артық жұмсалуына алып келеді. Ал екінші жағынан, бұл жүйенің динамикалық қасиеттеріне кері әсер беруі мүмкін өйткені, қозғалтқыш қуатының артықшылығы тез өсетін қуат ұлғаюын, сәйкесінше, ротор инерциясының шамасы мен уақытын есепке ала отырып, “өзін өзі күшейтуге” жұмсалады.
Төменгі қуатқа ие қозғалтқыштарды таңдау, бұл апатқа ұшырау, жұмыстың тоқтатылуы, “шеттік” жүктеме уақытында ілеспелі жүйенің жіберілмеген келісіміне алып келуі мүмкін.
Қозғалтқышты таңдаудың қарапайымдылығы статикалық (лездік) жұмыс режиміндегі МС кедергі моментінің шамасында және ωс жүктеме білігінің айналу жылдамдығы бойынша жасалуы мүмкін:
Р = (1,2 ÷2,5) Мс ωс [Вт],
мұндағы МС- Н·м; ωс –рад/с; 1,2÷2,5 –лездікті құру үшін қажет болатын қуат қоры.
1. Табылған Р қуат жақын мәнге ие қуаты бар қозғалтқыштарды таңдайды.
2. Қозғалтқыштың номиналды айналу жылдамдығы nн бойынша және жүктеме білігінің максималды қажетті беріліс қатысын анықтайды
,
мұндағы ωн=0.1 nн.
3. Редуктордың түрін таңдайды, редуктордың жалпы беріліс қатысын Iред саты бойынша орналастырады және ПӘК-і ηред мен қозғалтқыш білігіне келіп түсетін редуктордың инерция моментін J’ ред анықтайды.
Редуктор (iред ; ηред және J’ ред) қозғалтқышының (Jдв) берілгендрі бойынша, жүктеме білігінің орта квадраттық жылдамдығына берілген жүктемелер (МС және Jс) бойынша қозғалтқыш білігіндегі зквиваленттік моментті анықтайды:
Қозғалтқыш
дұрыс таңдалған болады, егер Мэкв
Мн,
мұндағы
Мн
– қозғалтқыштың
номиналь моменті.
8.9 Қуатты есептеу мен электрқозғалтқышты таңдау мысалдары
Орташа шығындар әдісімен айнымалы жүктеме кезіндегі қуатты есептеу мен электрқозғалтқыштарын таңдау.
Электрқозғалтқыштарының қуатын есептеудің тәртібі келесідей болады.
Берілген статикалық жүктеме бойынша алдын ала электрқозғалтқыш таңдаладаы және жүктемелік диаграмма құрылады, ол арқылы орташа жоғалтулар әдісімен электрқозғалтқыштың қажетті қуатын анықтайды. Егер қуаттың алынған мәні алдын ала таңдап алынған шаманың мәнінен ерекшеленбесе, онда есептеу дұрыс және таңдалған электроқозғалтқыш қызу талаптарын қанағаттандырады дегенді білдіреді. Қажет болған жағдайда электрқозғалтқышты мүмкіндіктеріне және іске қосу шарттары бойынша тексереді.
Орташа
жоғалтулар әдісінің маңызы жүктеменің
берілген графигімен орташа жоғалтуларды
∆рср
табу
және оларды алдын ала таңдалған
электрқозғалтқыштың номиналды
жоғалтуларымен ∆рном
салыстыру болып табылдаы және келесі
шарт орындалуы тиіс:
.
Электрқозғалтқыштағы бір циклдың орташа шығындары келесі формула бойынша анықталады:
,
мұндағы
– –жүктемелік график ауданындағы
қуаттың шығындары.
Шығындарды табу үшін жүктеме функциясындағы электрқозғалтқыштың ПӘК-ң қисығы болуы керек. Шығындар мына формула бойынша есептеледі:
,
,
.
Қуатты есептеу мен электр қозғалтқышты таңдау. Электр қозғалтқыштағы жүктемелік график Р(t) 8.8-суретте келтірілген. Біліктегі бұрыштық айналу жиілігі ω=150 рад/с, механизмнің бос жүрісінің қуаты Рх.х=1кВт, бос жүріс уақыты tx.x =4c, жүктеме режиміндегі біліктегі қуат Р1=4,2 кВт және Р2=3 кВт, сәйкесіеше t1=3с; t2=2с
Алдын ала қор коэффициентін k3=1.3 есепке ала отырып, орташа қуат бойынша электр қозғалтқыштарын таңдаймыз kз = 1,3:
Рср = 2,73 кВт.