
- •8. Электр машиналарының жылулық режимдері және қозғалтқыш қуатын таңдау
- •8.1 Электр машиналарын жылыту және суыту
- •8.2.Сурет. Қозғалтқышты ажыратқанда температураның төмендеуі
- •8.1. Сурет. Әр түлі жүктеме кезінде қозғалтқыш температурасының жоғарлауы
- •8.3. Сурет. Қысқа уақытты режим
- •8.4. Сурет. Қайталама - қысқа уақыттық режим.
- •8.3. Жүктеме моменттерінің түрлері
- •8.7. Сурет. Жүктеме моменттерінің түрлері
- •8.4. Қозғалтқышты таңдау бойынша жалпы мағлұматтар
- •8.5. Ұзақ уақытты жүктеме кезінде қозғалтқышты таңдау
- •8.6 Қысқа уақыттық және қайталама-қысқа уақыттық жұмыс режимдеріндегі қозғалтқышты таңдау
- •8.7 Орындаушы механизмнің бұрылу бұрышына тәуелді жүктемелік моменттегі қозғалтқышты таңдау
- •8.8. Ілеспелі жүйелер үшін қозғалтқышты таңдаудың қарапайымдылығы
- •8.9 Қуатты есептеу мен электрқозғалтқышты таңдау мысалдары
- •8.8 Сурет. Электроқозғалтқыш білігіндегі жүктеме графигі
- •8.10. Бақылау сұрақтары
8.7 Орындаушы механизмнің бұрылу бұрышына тәуелді жүктемелік моменттегі қозғалтқышты таңдау
Орындаушы механизмнің бұрылу бұрышына тәуелді жүктемелік момент кезіндегі қозғалтқышты таңдауда, орындаушы механизмнің бұрылу бұрышына МС =f(θС) тәуелділікті тексереміз.
Каталогты қолдана отырып, қозғалтқыштың орташа айналу жылдамдығы ωср беріледі және орындаушы механизмнің орын ауыстыруының орташа жиілігін біле отырып, редуктордың жалпы берілу қатысын анықтайды Iред. Редуктордың кинематикалық сұлбасын алдын ала белгілеп, редуктордың ПӘК-н бағалайды және редуктордағы бұрылу бұрышының θС жоғалтуларын есепке ала отырып, қозғалтқыш білігіне келтірілген МС. кедергілік моментінің тәуелділігін құрады
.
(8.12)
Қозғалтқышты жүргізетін орташа қуатты есептейміз:
,
[Вт].
Егер орындаушы механизмнің орын ауыстыруы кезінде кедергі моменті таңбасын өзгертетін болса, онда (8.12) теңдеуіндегі соңғысының орнына оның орта квадраттық мәнін қойған дұрыс.
Стандартты Рср қуаты бар қозғалтқышты таңдайды, ол қуаты жағынан оның жұмыс режимін есепке ала отырып Рср қуатына жақын болады.
Егер қосылудың фактылық ұзақтығы каталогта көрсетілген, стандарттыдан ерекше болса, онда қозғалтқыштың есептік қуатын Ррасч термиялық жүктемелеудің рф фактылық коэффициентін есепке алумен өзгертуге болады:
,
мұндағы рст –стандартты қозғалтқыш есептелген термиялық жүктемелеудің деңгейі.
Бұл кезде асинхронды қозғалтқыштар мен аз қуатты тұрақты тоқ қозғалтқыштарының жағдайында міндетті түрде Мсmax –н асатын іске қосу және жүктемелік (λм Мн) моменттерінің жеткілікті екендігін тексереді. Қарасытырылған жағдайда орындаушы механизмдердің бір шеткі жағдайдан екіншісіне орын ауыстыру уақытын есептеу қажет. Мұндай есепті шешуді орындау әдетте, айналу жылдамдығы айналу моментінің өзгерісі кезінде кенеттен ауысатын, тізбекті тұрақты тоқ қозғалтқыштарын қолданған кезде өте маңызды болып табылады. Мұндай есептеуді келесі әдістеме бойынша жүргізуге нұсқау беріледі.
Мұндай құрылғыларда қозғалтқышты іске қосу мен тоқтатудың ұзақтығы оның айналуының толық уақытының тек кішкене бөлігін ғана алады, өтпелі процестер есебін түсіріп тастауға болады, және қозғалтқыш арқылы болатын айналу моменті кез келген уақыт мезетінде қозғалтқыш білігіне әкелінген кедергі моментіне тең болады: М=М΄с. Есептеу үшін М΄с тәуелділігінен басқа қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы қажет ω=f(М).
М΄с=f(θc) және ω=f(М) сипаттамалары бойынша ω=f(θc) тәуелділігін құрады және сол бойынша кері тәуелділікті (1/ω)= f(θc) есептейді және құрады. ω/iред =d θc/ dt теңдеуінен механизмнің 0 нүктесінен θc бұрышына орын ауыстыруының уақыт бөлігі келесіге тең болатындығын анық көреміз:
,
мұндағы
-1/ω
қисығымен
және
осьімен
шектелген аудан;
және
-сәйкес
осьтер бойынша масштабтар.
1,
2,
3
және
т.б бұрыштарының тізбекті мәндері үшін
есептеулер жүргізе отырып, t=
f(θc)
бұрыштан
орын ауыстыруының барлық уақыттық
тәуелділігін табады.
Егер есептеу нәтижесі кезінде, механизмнің орын ауыстыру уақыты берілгенді қанағаттандырмайтын болса, онда сәйкес редуктормен қозғалтқыш қуатын қайта есептеуге кіріседі.
t= f(θc) және М =f(θС) сипаттамалары бойынша айналу моменті өзгерісінің МС =f(t) қисығы арқылы интегралдай отырып және желінің кернеуін өзгеріссіз деп алып, энергия шамасын табамыз А=U∫I(t)dt, ол орындаушы механизмнің орын ауыстыруына қажет болады.