Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
402.43 Кб
Скачать

8.4. Сурет. Қайталама - қысқа уақыттық режим.

tВ – қосылу жағдайындағы қозғалтқыш уақыты; tП – үзіліс уақыты; tц – цикл ұзақтығы.

Бұл режим әдетте пайызбен өрнектелетін, қосылу ұзақтығының жанамасымен сипатталады:

. (8.10)

Өнеркәсіптік борттық қозғалтқыштардың қосылу ұзақтығы 15,25 немесе 40%, көбінесе авиациялық қозғалтқыштар үшін үш түрін шығарады, ПВ=10%(кейде ПВ=1,5%).

Егер жылыту мен суытудың уақыттық тұрақтыларын ТТ – ға тең деп алатын болсақ, онда термиялық жүктемелердің коэффициенті келесі теңдеумен анықталады:

.

8.3. Жүктеме моменттерінің түрлері

Өндірістік механизмді қозғалысқа келтіретін, қозғалтқыш жұмысын қарастырған кезде ең алдымен, қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары өндірістік механизмдерінің сипаттамаларына сәйкестік көрсету қажет. Сондықтан дұрыс жобалау үшін және электрді үнемді тасымалдау үшін осы сипаттамаларды білген жөн. Жүктемелік момент пен (кедергі моменті) айналу жиілігінің арасындағы тәуелділік Мс=f(w) өндірістік механизмнің механикалық сипаттамасы деп аталады.

Қозғалтқыш білікке келтірілген жүктемелік моменттен құралатын кедергі моментінен Мс және қозғалтқыштың өзінің үйкеліс моментінен асуы тиіс. Түрлі өндірістік механизмдер түрлі механикалық сипаттамаларға ие болады. Оның нақты анықтамасын тең келтіру жұмысының шындық жағдайларындағы өзгерістер қатарының нәтижелерін статикалық өңдеу арқылы алуға болады. Кейбір жағдайларда жүктемелік момент кездейсоқ шама болып табылады.

Соған қарамастан жүктеменің көп түрлілігін айналу жиілігі немесе механизмнің бұрылу бұрышына тәуелді болатын момент өзгерісінің сипаттамасы бойынша жүйелеуге болады және бірнеше типтік заңдылықтар түрінде көрсетуге болады.

1. Айналу жиілігіне шамасы бойынша ғана емес, таңбасы бойынша да тәулді болмайтын жүктемелік момент, яғни тұрақты момент (8.7,а - сурет); Мс=const. Жүктеменің мұндай түрінің классикалық мысалы ретінде жүктің көтерілуі мен түсуі; жылжымалы материалдың тұрақты массасының конвейерлерін алуға болады.

2. Жүктемелік моменттің тағы бір түріқұрғақ үйкеліс моменті болып табылады (8.7,б – сурет), ол шамасы бойынша өзгеріссіз, бірақ қарсы қойылған айналу жиілігінің бағытына: Mc=Mcsignwc болады. Аз қуатты, із кесуші жүйелерде және келтірулерде жүктеменің бұл түрі негізгі болып табылады.

Вентильдер, дроссельдер, температураны автоматты реттеу жүйелеріндегі клапан, газ бен сұйықтық шығынның, кейбір станоктардың винттері, потенциометр щеткалары және т.б. Барлық осы құрылғылар ең алдымен, үйкеліс моментімен анықталады.

3. Байланысушы үйкеліс моменті деп Мс=kwn жүктемелік моментін айтамыз(8.7, в - сурет), мұндағы k – пропорционалдық коэффициенті. Мұндай сипаттама, мысалы, тұрақты тоқ генератордың кірісінде болады.

4. Жүктемелік моменттің айналу жиілігіне тәуелділігі, мысалы, желдеткіштің орталық насостың, әуе винтінің, 8.7, г – суретте көрсетілген. Мұндай жүктемелік моментті Мс=kwn формуласымен сипаттайды, мұндағы n=1,7-2,05 және оны желдеткіштік деп атайды.

5. Егер жүктемелік момент механизмінің бұрылу бұрышына Q және оның орналасуына тәуелді болатын болса, онда мұндай моментті позициялық деп атайды. Сипаттамалық жүктеме ретінде радиолакационды антеннаны алуға болады, оның кедергі мен моменті желдің бағытына қатысты орналасуына байланысты болады(8.7, д - сурет). Сондықтан механизмнің бұрылу бұрышының кейбір диапазондарында позициялық момент кері мәндерді қабылдауы мүмкін, яғни қозғалтқышқа антеннаны айналдыруға көмектеседі. Механизмдердің осы типіне ұшу аппаратттарыныңрульдерінің привоттары жатады, олардың кедергілік моменті шарнирдегі рульдің ауытқу бұрышына тәуелді болады және шарнирлік момент деп аталады.

6. Егер автоматика жүйелерінің приводтарындағы жүктемелік момент жылдамдыққа Мд=J(dw/dt) байланысты болатын болса, яғни өтпелі процестің ұзақтығына байланысты болса, онда мұндай момент динамикалық деп аталады. Динамикалық момент қозғалтқыш білігіне келтірілген инерция моментінің және осы біліктің dw/dt жылдамдығының жиынына тең болады. Сипаттамалық жүктемелеріне із кесуші жүйелерінің әртүрлі түрлері кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]