
- •7. Автоматика жүйесінің микромашиналары
- •7.1. Айналмалы (бұралмалы) трансформаторлар
- •7.2. Синусты-косинусты айналмалы трансформаторлар
- •7.3. Сызықты айналмалы трансформаторлар
- •7.4. Қадамды қозғалтқыштар
- •7.5. Қадамды қозғалтқыштардың жұмыс істеу режимі және сипаттамалары
- •. Тұрақты ток вентильді қозғалтқышының құрылысы мен жұмыс істеу принципі
- •7.7. Сельсиндер
- •7.13. Сурет. Сельсиннің схемасы.
- •7.8. Индикаторлы режимдегі сельсин жұмысы
- •7.14. Сурет. Индикаторлы режимдегі сельсиннің жұмыс сұлбасы.
- •7.15 Сурет. Трансформаторлы режимде сельсиндердің жұмыс істеу сұлбасы.
- •7.10. Бақылау сұрақтары
7.5. Қадамды қозғалтқыштардың жұмыс істеу режимі және сипаттамалары
Берілген басқару импульстерінің жиілігіне тәуелді ҚҚ жұмыс режимдері келесіге бөлінеді: статикалық, квазистатикалық, орнатылған және өтпелі.
Статикалық режим- жылжымайтын магнитті өріс тудыратын фазалық орамдардың біреуінде тұрақты токтың ағуымен сипатталады.
Квазистатикалық режим – бұрыштық қадамның жұмысын қолдайтын өтпелі үдеріс, келесі қадамның бастамасы кезінде аяқталады.
Бұл режим әр қадамнан кейін ротордың орналасу күйін фиксациялау қажет болатын әртүрлі механизмдерде қолданылады.
Орнатылған режим- қадамдық қозғалтқыштардың жұмысы басқарушы импульстердің тұрақты жиілігіне сәйкес келеді.
Өтпелі режим - қоғамдық қозғалтқышты іске қосқанда, тежегенде реверстеу кезінде және бір айналу жиілігінен екіншіге өткен кезде орын алады. Бұл режим ҚҚ негізіг жұмыс режимдері болып табылады.
ҚҚ іске қосу ротордың жылжымайтын күйі кезінде жүзеге асады. Айналу жиілігі 0-ден жұмыстық режимдегі мәнге дейін секірмелі түрде артуы, алғашқыда ротордың өрістен қалып айналуымен одан кейін жылдамдығының артып өрістің айналу жылдамдығына жетуімен сонан кейін бірқалыпты мәнге ие болуымен сипатталады. Іске қосу режимінде ротор динамикалық орнықтылық аймағында болуы қажет.
Тежелу – басқарушы импульс жиілігінің 0-ге дейін төмендеуімен жүзеге асады.
Реверс- орамдағы токтың коммутациясын өзгерту арқылы жасалады, яғни өрісті бағытын ауыстырумен жасалады.
Қадамдық қозғалтқыштардың құрылысының, жұмыс режимдерінің әртүрлі болуы, бұл қозғалтқыштарды келесі: статикалық, шектік динамикалық, шектік механикалық сипаттамалары бойынша бағалау қажеттілігін туғызады.
Статикалық сипаттама – бұл электромагниттік күйдің бұрышқа тәуелділігі. Бұл сипаттама бос жүріс және жүктеме түсірген кезде квазистатикалық режимде бұрыштық қателіктің шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Шектік динамикалық – жүктеменің инерция иінкүші мен кедергі иінкүші шамасының үйлесу жиілігіне тәуелділігімен сипатталады. Бұл сипаттама іске қосудың шектік динамикалық сипаттамасы деп аталады.
Шектік механикалық – қозғалтқыштың мүмкін болатын жүктеме иінкүшінің орнатылған жұмыс режиміндегі басқарушы импульстер жиілігіне тәуелділігімен анықталады. Бұл сипаттамалардың кескіні 7.9-суретте көрсетілген, мұндағы fпр – үйлесу жиілігі:
мұндағы Ry және Ly – басқарушы орамының активті кедергісі және индуктивтілігі; Rдоб – қосымша кедергі;
7.9 -сурет. Әр түрлі жүктеме иінкүші инерциясына сәйкес келетін төрт фазалы қадамды қозғалтқыштың шеткі динамикалық сипаттамалары J нагр (кг см2), (1 – J нагр = 0,012; 2 – J нагр = 0,1)
Қозғалтқыш жұмысының орнықтылығы басқарушы импульстер жиілігімен ƒ ротордың еркін тербелу жиілігі арасындағы қатынасқа байланысты:
Mmax – ең үлкен статикалық синхрондаушы иінкүш; Jдв и J'c – инерция иінкүші.
Басқарушы импульстердің жиілігі кезінде f > f 0 ротордың әрбір қадамы f еркін тербелістермен сипатталады, олардың амплитудасы f жоғарылаған сайын біркелкі төмендейді. Қадамды қозғалтқыш тұрақты жұмыс жасау үшін (Mс/Mmax) < 0,3 ÷ 0,5 және (J'c/Jдв)<1÷2 шарты орындалуы керек.