
- •3. Трансформаторлар
- •3.1. Трансформатордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі
- •3.2. Бір фазалы трансформатордың негізгі теңдеулері
- •Эқк қатынасы
- •3.3. Трансформатордың параметрлерін келтіру
- •3.4. Трансформатордың ауыстыру сызбанұсқасы
- •3.5. Трансформатордың сыртқы сипаттамасы мен екінші реттік кернеуін өзгерту
- •3.6. Трансформатордың бос жүріс және қысқа тұйықталу әдістері
- •3.7. Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті
- •Ендеше: ,
- •3.8. Үш фазалы трасформаторлар
- •3.9. Автотрансформаторлар
- •3.10. Трансформаторды есептеудің үлгісі
- •3.11. Бақылау сұрақтары
Ендеше: ,
Немесе:
,
мұндағы
.
ПӘК
ең үлкен мәнін болат өзекшедегі қуат
шығыны электрлік шығындарға тең болатын
кездегі
коэффициентінің белгілі бір тиімді
мәнінде алуға болады:
,
Бұл
теңдіктен
.
Қуатты
трансформатордың ПӘК-і
;
аз қуатты трансформаторларда:
,
жүктеме мына мәндерге сәйкес келетін
болғанда,
ПӘК ең үлкен мәніне қол жеткізуге болады.
3.8. Үш фазалы трасформаторлар
Қуаты орта және үлкен болатын өндірістік қондырғыларды қоректендіру үш фазалы айнымалы ток козінен қоректенетін түзеткіш схемалар қолданылуы мүмкін. Бұл сызбанұсқаларды қоректендіру үшін үш фазалы трансформаторлар қолданылады. Үш фазалы трансформаторлар топтасқан болып жасалуы мүмкін (3.7-сурет), яғни трансформатор үш бір фазалы трансформаторлардан құралады және әрбір трансформатор кәдімгі бір фазалы трансформатор ретінде жұмыс істейді. Екінші түрі үш өзекті (3.8-сурет).
Бірінші және екінші ретті орамдарын жұлдызша (Y) немесе үшбұрыш (Δ) сызбанұсқаларының бірімен жалғауы мүмкін, қандай сызбанұсқамен жалғанғанын трансформатордың құжаттық берілгендері болып табылады,яғни қандай сызбанұсқамен жалғанғаны көрсетіледі, мысалы, Y/Y (3.8-сурет үшін) бөлшектің алымы бірінші реттік , ал бөлімі екінші реттік орамдардың жалғану сызбанұсқасын көрсетеді.
Топтасқан трансформаторда магниттік жүйе симметриялы болады, оларды зерттеу кезінде әрбір тарнсформаторды жеке қарастыруға болады, сондықтан бір фазалы трансформатор үшін жазылған теңдіктердің барлығын, оның векторлық диаграммасын, ауыстыру сызбанұсқасын топтасқан үш фазалы трансформатордың әрбір фазасындағы үдерістер үшін дұрыс деп есептеуге болады.
|
|
3.7-сурет. Топтасқан үшфазалы трансформатор |
|
Үш өзекті трансформатордың жекелеген өзекшелерінің магнит ағындарының геометриялық қосындысы кез келген уақытта нөлге тең, сондықтан магнит тізбегінің тұйық сұлбалы болуын қамтамасыз ету үшін қарастырылатын магнит өткізгіштің арнайы учаскелерінің қажеті жоқ. Үш өзекті трансформатордың артықшылығы да – осы, яғни маг-нит өткізгіш массасының аздығы болып табылады. Бірақ бұл оның кемшілігі де болып табылады, себебі ортадағы және шеткі өзекшелердегі магнит ағынының жолы әртүрлі болғандықтан, олардың магниттік кедергілері де әркелкі. Магниттік кедергілердің әртүрлілігі магниттендіру токтарының бір–бірінен айырмашылығына алып келеді.
Үш өзекті трансформаторда барлық алты орам ортақ өзекшеге орналасқан, сондықтан есептеулер кезінде орамдардың бір-біріне әсерін де ескеру керек. Көбінесе бұл трансформаторлардың да теңдеулерін бір фазалы трансформатор теңдеулеріне келтіреді, сондықтан осыған дейін үш фазалы трансформатордың әрбір фазасы үшін алынған теңдеулер бұлар үшін де дұрыс болып табылады.
Бұл трансформатордың трансформациялау коэффициенті сызықты кернеулердің қатынасы ретінде анықталады, сондықтан ол орамдардың тармақ саны ғана емес, сонымен қатар орамдардың жалғану сызбанұсқасына да байланысты.
|
|
|
3.8-сурет. Үш фазалы үш өзекті трансформатор |