Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
433.15 Кб
Скачать

2. 3. Тиристорлы басқарудың қолданылуы

Қазіргі уақытта тиристорлармен басқарылатын автоматтан-дырылған тұрақты ток электр жетектері іс жүзінде кеңінен қолданылады. Инерциялы емес қуатты түрлендіргіштерді қолданудың негізгі артықшылығы тиімді өтпелі үдерістер графигін алуға мүмкіндік береді.

Лифтінің электр жетегін басқарудың бір варианты 2.12 - суретте көрсетілген.

Негізгі басқару блоктары ретінде тиристорлардың екі тобы В1 және В2 қолданылады, олар қозғалтқыштың айналу жиілігінің бағытына қатысты жұмыс істейді.

Вентильдерді ашу импульсті-фазалық тиристорлы түзеткішті басқару жүйесі (СУТВ) арқылы жүргізіледі. Теңгергіш токтарды шектеу үшін қуаты бөлікке 1ДР – 4ДР дроссельдері қосылады. Қажетті реттеу диапазонын және тежеуді қамтамасыз ету үшін ТГ тахогенератор арқылы іске асырылатын айналу жиілігі бойынша кері байланыс қолданылады.

Кері байланыс сигналдары СУТВ жүйесіне беріледі, ол өтпелі үдерістер кезінде қажетті үдеу мен жылдамдықты қамтамасыз етеді.

Лифтінің автоматтандырылған электр жетегінде қорғаудың бірнеше түрлі қолданылады: тиристорлы түрлендіргіш қысқаша тұйықталу тогынан А1 автоматты ауыстырып қосқышы арқылы қорғалған, якорь тізбегі үлкен токтардан РМ релесі арқылы, ал асқын жүктемеден – ТР жылу релесі арқылы қорғалады. Якорь тізбегінде РКТ ток бақылаушы релесі қондырылған.

2.12-сурет. Тиристорлы басқарылатын лифтінің электр жетегінің сызбанұсқасы

2. 4. Бақылау сұрақтары

1. Тиристор қалай ашылады?

2. Басқарылатын түзеткіштің қызметі не?

3. Тиристорлы тұрақты ток жетектерінде реверс қалай жүзеге асырылады?

4. Тұрақты ток қозғалтқышының айналу жиілігі түзеткіш арқылы қалай реттеледі?

5. Реверсивті басқарылатын түзеткіштерді басқарудың қандай әдістері бар?

6. Бірге басқарудың қандай кемшіліктері бар?

7. Тиристорлы электр жетегінің механикалық сипаттамасының кескіні қандай?

8. Түзеткіштің шығысындағы кернеуді қалай басқаруға болады?

9. Басқарылатын көпірлік сызбанұсқамен жалғанған үш фазалы тиристорлы түрлендіргіште қанша тиристор қолданылады?

55

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]