Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
802.82 Кб
Скачать

1.12. Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштар

Тізбектей қоздырылған қозғалтқыштың сызбанұсқасы 1.24 а-суретте көрсетілген. Бұл қозғалтқыштарды іске қосу параллель қозғалтқыштарды іске қосу секілді, тек айырмашылығы - бұл қозғалтқыштарды жүктемесіз қосуға болмайды, себебі айналу жиілігінің шамадан тыс жоғарылап кетуі ықтимал. Сондықтан бұл қозғалтқыштарды кем дегенде номинал жүктеменің 25%-дан аз емес мәнімен іске қосу қажет, тек қуаты 100 Вт дейінгі қозғалтқыштарды бос жүріс режимімен іске қосуға болады, себебі олардың механикалық шығындары үлкен айналу жиілігі кезінде оның номинал шамасымен парапар.

Жүктеменің шамасы жоғарылауымен қатар, машинаның магнитті жүйесі қанығады да, ток пен магнит ағыны арасындағы пропорционалдық қатынас бұзылады.

Қозғалтқыштың жылдамдықтық сипаттамасын сараптау үшін төмендегі теңдеуді зерттейміз:

. (1.27)

Ж үктеме шамасы аз кезде магниттік жүйе қанықпағандықтан, Ф магнит ағыны I токқа пропорционал, сондықтан U = const болған кезде жылдамдық сипаттамасы гипербола тәрізді болды, жүктеме жоғарылаған сайын машина қаныға түседі де, сипаттама қисаяды. Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың жылдамдық сипаттамасы жұмсақ болып табылады.

1.24 –сурет. Тізбектей қоздырылған қозғалтқыштың сызбанұсқасы мен жұмыстық сипаттамалары

Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың U = const болған кездегі n = f) механикалық сипаттамалары 1.25-суретте көрсетілген.

1.25 –сурет. Тізбектей қоздырылған қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары

Ra = 0 болғандағы сипаттама өзіндік деп аталады, якорь тізбегіне Ra қосымша кедергісін қосып әртүрлі жасанды сипаттамалар алуға болады және ол кедергінің мәні неғұрлым үлкен болса, сипаттаманың қаттылығы да соғұрлым төмен болады.

Айналу жылдамдығын реттеу параллель қоздырылатын қозғалтқыштың жылдамдығын реттеу әдістеріндей, бірақ магнит ағынын өзгерту арқылы жылдамдықты реттеу - қоздыру не болмаса якорь орамдарының бірін шунттау арқылы ғана іске асады.

Механикалық сипаттамаларының жұмсақ болуына байланысты тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштар әртүрлі электр жетектерінде, әсіресе жүктеме иінкүші үлкен аралықта өзгеретін және іске қосу үдерісі ауыр жетектерде (жүк көтергіш механизмдер, бұрау механизмдері, тарту жетегі және т.б.).

1.13. Аралас қоздырылатын қозғалтқыш

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштар үлкен іске қосу моменті қажет болғанда, іске қосу барысында жоғары үдеу қажет болғанда және айналу жиілігін айтарлықтай өзгерту қажет болған жағдайларда пайдаланылады. Сондай - ақ бұл қозғалтқыштарды жүктеме иінкүші кең аралықта өзгеретін жағдайларда қолданады. Сондықтан аралас қоздырылатын қозғалтқыштар компрессорлардың, жону станоктарының, көтергіш механизмдердің және тарту электр жетектерінде кеңінен қолднылады.

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштың сызбанұсқасы 1.26- суретте көрсетілген. Аралас қоздырылатын қозғалтқыштарда магнит ағыны екі қоздырғыш орамдар арқылы, яғни параллель ОВ1 және тізбектей жалғанған ОВ2. орамдары арқылы пайда болады. Бұл орамдар бір-бірімен келісімді немесе қарсы жалғануы мүмкін. Орамдар бір-біріне қарсы жалғанғанда, олардың магнит ағындары бір-бірінен азайтылады, ал келісімді жалғанғанда қосылады. Сондықтан аралас қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары (1.27 - сурет) параллель (1 - қисық) және тізбектей (2 - қисық) қоздырылатын қозғалтқыштардың сипаттама- ларының арасында орналасады. Параллель және тізбектей жалғанатын қоздыру орамдарының МҚК арақатынасына байланысты аралас қоздырылатын қозғалтқыштардың сипаттамаларын 1 немесе 2 - сипаттамаларға жақындатуға болады ( 3 және 4 - сипаттамалар).

Аралс қоздырылатын қозғалтқыштардың артықшылығы олардың механикалық сипаттамаларының жұмсақтығы, бос жүріс режимінде де жұмыс жасай алады, яғни n0 белгілі бір мәнге тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]