
- •1. Автоматиканың электромашиналы құрылғылары
- •1.1. Тұрақты ток машиналарының құрылысы
- •Тұрақты ток машиналарының якорь орамдары туралы жалпы мағлұматтар Тұрақты ток машинасының якорь орамдары келесі талаптарға жауап беруі керек:
- •1. 3. Тұрақты ток машиналарының жұмыс жасау принципі
- •1.4. Тұрақты ток машиналарындағы якорь реакциясы
- •1.5. Тұрақты ток генераторлары
- •1.6. Тәуелсіз, парллель және арлас қоздырылатын генераторлар
- •Тұрақты ток тахогенераторлары
- •1.8. Тұрақты ток қозғалтқыштары
- •Иінкүштердің теңдеулері
- •1.10. Тұрақты ток қозғалтқыштарының сипаттамалары
- •1.11. Параллель қоздырылатын қозғалтқыштар
- •1.12. Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштар
- •1.13. Аралас қоздырылатын қозғалтқыш
- •1.14. Тұрақты ток қозғалтқышының қолданылуы
- •1.15. Бақылау сұрақтары
1.8. Тұрақты ток қозғалтқыштары
Айналу жиілігін бірқалыпты (плавно) және кең диапазонда реттеуді қажет ететін электр жетектерінде тұрақты ток қозғалтқыштары кеңінен қолданылады. Тұрақты ток қозғалтқыштарының қасиеттері де генераторлардағы секілді олардың қоздырылу әдісі мен сызбанұсқасына байланысты. Қоздырылу әдісіне байланысты электромагнитті және магнитті-электрлі қоздырылатын болып жіктеледі. Электромагнитті қоздырылатын қозғалтқыштар якорь орамдары мен қоздырғыш орамдардың арасындағы электрлік байланысқа қатысты тәуелсіз, параллель, тізбектей және аралас қоздырылатын болып бөлінеді. Магнитті-электрлі әдіспен қоздырылатын қозғалтқыштардың магнит ағыны тұрақты магниттер арқылы пайда болады.
Жоғарыда атап өтілгендей, тұрақты ток машиналары да қайтарымды, яғни генератор ретінде де, қозғалтқыш ретінде де жұмыс істей алады. Құрылысы жағынан тұрақты ток қозғалтқыштары генераторлардан айырмашылығы болмайды. Егер генераторды бірінші ретті қозғалтқыштан ажыратып қоздыру және якорь орамдарына кернеу беретін болсақ, якорь қозғалысқа келіп машина электр энергиясын механикалыққа түрлендіріп қозғалтқыштық режимде жұмыс істей бастайды.
Электр
энергиясының механикалыққа түрлену
процессін 1.19 -суретте көрсетілген
энергетикалық диаграммадан анық көріге
болады. 1.19 - суретте
–
қозғалтқышқа
берілетін толық қуат;
–
қоздыру
тізбегіндегі энергия шығыны;
–
якорь тізбегіндегі қуат шығыны;
–
бос жүріс қуаты;
–
толық механикалық қуат;
– электромагнитті
қуат;
—
біліктегі пайдалы механикалық қуат.
1.19-сурет. Тұрақты ток қозғалтқышының энергетикалық диаграммасы
Бос жүріс қуаты Ро = Рмех + Рмг+ Рдоб.
Энергетикалық диаграммадан
.
Механикалық қуат
,
мұндағы
– якорьдың
бұрыштық жылдамдығы;
n
– якорьдың
айналу жиілігі,
айн/мин.
Қозғалтқыштың электромагнитті қуаты
.
Энергетикалық диаграммаға сәйкес
.
Соңғы өрнекке сәйкес параллель қоздырылған тұрақты ток қозғалтқышы үшін иінкүштің өрнегі мына түрде жазылады (1.20-сурет):
.
Осы соңғы теңдікке (1.16) теңдіктегі шамасын орнына қойып, қозғалтқыштың иінкүшінің теңдігін аламыз:
,
(1.24)
мұндағы
– коэффициент.
1.20-сурет. Праллель қоздырылған тұрақты ток қозғалтқышының сызбанұсқасы
Соңғы теңдіктен қозғалтқыштың айналдыру иінкүші якорь тогы мен магнит ағынына тәуелді екенін көреміз.
Иінкүштердің теңдеулері
Электр машиналарының роторына әсер ететін айналдырғыш және тежегіш иінкүштер бір-біріне теңесуі қажет. Қозғалтқыш дамытатын айналдырғыш иінкүш кезкелген уақытта және қандай жағдайларда болмаса да білікке түсетін барлық иінкүштердің қосындысына тең болуы қажет.
Роторға мынадай иінкүштер әсер етеді: 1) бос жүріс иінкүші Мо; 2) пайдалы иінкүш Мн (жүктеме); 3) айналатын бөліктердің инерциясымен пайда болатын динамикалық иінкүш Мдин.
Аз қуатты машиналарда бос жүріс иінкүші Мо номинал иінкүштің шамамен 20 %-ын құрайды, ал динамикалық иінкүш бұрыштық жылдамдақтың өзгерісі кезінде пайда болады және ол төмендегіше анықталады:
,
мұндағы
J
—
айналатын бөліктердің инерциялық
иінкүші;
— якорьдың бұрыштық айналу жиілігі.
Динамикалық
Мдин
иінкүштің таңбасы
таңбасына байланысты.
Иінкүштердің баланс теңдігі:
мұндағы Мо + М2 = Мс; Мс – статикалық иінкүш немесе кедергі иінкүші.
Онда:
.
Қалыптасқан жұмыс режимі кезінде = const; Мдин = 0; М = Мс.
Қозғалтқыш dMc /dn > dM/dn. шарты орындалғанда ғана бір қалыпты жұмыс жасайды. Бұл шартқа талдау жасау үшін қозғалтқыш пен қозғалысқа келтірілетін механизмнің механикалық сипаттамалары, тиісінше n = f(М) және n = f(Мс) сипаттамалары тұрғызылады.
Қалыптасқан жұмыс жасау шарты 1.21 а - суретте көрсетілген қозғалтқыш үшін орындалады, ал 1.21 б - суреттегі қозғалтқыш үшін орындалдмайды.
1.21-сурет. Қозғалтқыштың қалыптасқан жұмыс режимін талдау үшін
Бірінші
жағдайда (1.21 а-сурет)
қозғалтқыштың
айналу жиілігін
n1
(оң
өсімше
n),
мәнге дейін жоғарылатуға әсер еткен
жұмыс режимінің өзгерісі кері әсер
аяқталғаннан кейін қозғалтқыш А
ізделінді
нүктесіне қайта келеді, себебі тежегіш
иінкүш Мс1
айналдырғыш
иінкүштен
жоғары.
Теріс
өсімше
n
кезінде
қозғалтқыштың иінкүші М2
тешегіш
Мс2
иінкүштен
жоғары, тиісінше қозғалтқыш кері әсер
етуші ықпал аяқталған соң ізделінді А
нүктесіне қайта оралады.
Екінші жағдайда (1.21 б-сурет) айналу жиілігінің n1 дейін жоғарылауына әсер еткен жұмыс режимі кезінде айналдырғыш иінкүш М1 статикалық Мс1 иінкүштен жоғары, сондықтан айналу жиілігінің жоғарылауына әсер етеді. Егер айналу жиілігі n2 дейін өзгерсе, Мс2 > М2 болғанда айналу жиілігі нөлге дейін төмендейді, бұл кезде қозғалтқыштың жұмыс жасау режимі бірқалыпты емес.