Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
802.82 Кб
Скачать

1.14. Тұрақты ток қозғалтқышының қолданылуы

Іске қосу үдерісін реттеу қажет болатын қуаты орта және үлкен қондырғыларда тұрақты ток қозғалтқыштарының қуатты бөлігінде релелер және контакторлар қолданылады. Ол үшін, негізінен үш: ЭҚК, ток және уақыт бойынша басқару принциптері қолданылады.

Қозғалтқышты іске қосуды ЭҚК принципі негізінде автоматты басқарудың сызбанұсқасы 1.28 - суретте көрсетілген. Якорь тізбегіне бірнеше реле жалғанады, олардың негізгі қызметі - біліктің айналу жиілігі жоғарылаған сайын немесе ЭҚК жоғарылағанда якорь тізбегіндегі кедергілерді азайту үшін өздерінің түйіспелерімен реостаттың жекелеген секцияларын ажыратып отыру.

+

-

П

Л

С

r1

r2

r3

Iя

М

Л

к1

к2

к3

1.28 - сурет. ЭҚК принципі бойынша қозғалтқышты іске қосуды автоматты басқару сызбанұсқасы:

П, С – кнопка “пуска” және “стоп”; Л сызықты контактор; К реостаттардың секцияларын шунттауға арналған контакторлар

К2

К3

Қозғалтқышты іске қосуды ток принципі бойынша автоматты басқарудың сызбанұсқасы 1.29 - суретте көрсетілген.

1.29 –сурет. Қозғалтқышты іске қосуды ток принципі бойынша автоматты басқарудың сызбанұсқасы

1.30 –сурет. Іске қосу кезіндегі қозғалтқыш тогының диаграммасы

Ток принципін қолданған кезде токты белгілі бір мәнге төмендету үшін өздерінің тұйықталған түйіспелері арқылы тізбектей жалғанған К1, К2, К3 контакторларына әсер ететін тізбектей жалғанған ток релелері РТ қолданылады.

Уақыт принципі кезінде уақыт релесі қолданылады, олар бағдарламаға сәйкес реостаттың секцияларын шунттау үшін контакторларға команда беріп отырады. Барлық жағдайларда да токтың белгілі бір I1 - I2 аралықта өзгеру диаграммасы (1.30-сурет) сақталып отырады.

1.15. Бақылау сұрақтары

  1. Ток түрлеріне байланысты электр машиналары қалай жіктеледі?

  2. Кері қайтымдылық принципіне сәйкес электр машинасы қандай режимдерде жұмыс жасай алады?

  3. Тұрақты ток қозғалтқышы қандай энергия түрлендіргіші болып табылады?

  4. Қоздыру орамының негізгі қызметі не?

  5. Коллектор генераторлық және қозғалтқыштық режимдерде қандай қызмет атқарады?

  6. Тұрақты ток тахгенераторлары қандай қызмет атқарады?

  7. Тұрақты ток қозғалтқыштарын қоздырудың қандай әдістері бар?

  8. Якорь реакциясы дегеніміз не?

  9. Тұрақты ток қозғалтқыштарының айналу жиілігін реттеу әдістерін атаңыз.

  10. Механикалық сипаттама деген не?

39

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]