Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
802.82 Кб
Скачать

А втоматика элементтері мен құрылғылары

1. Автоматиканың электромашиналы құрылғылары

1.1. Тұрақты ток машиналарының құрылысы

Тұрақты ток электр машиналары – генераторлар арқылы электр энергиясын алу немесе оны қозғалтқыштар арқылы әртүрлі мақсатта механикалық қозғалысқа түрлендіру секілді маңызды функцияларды атқаратын ең көп таралған энергия түрлендіргіштері.

Төрт полюсті тұрақты ток машинасының сызбанұсқалық қимасы 1.1-суретте көрсетілген. Мұндай машинаның статоры болаттан түтікше тәрізді болып жасалатын (1) станинадан құралады. Станина қозғалмайтын бөліктерді бекітуге арналған тұрық және машинаның магнит тізбегінің маңызды учаскесі болып табылады. Станинаның ішкі бетіне қалыңдығы 0,5 мм электротехникалық болат табақшалардан жинақталған негізгі полюстер орналасады.

Негізгі полюстер (2) өзекшеден және (3) қоздыру орамдарынан құралады. Өзекшелердің (5) ұштары бос ауа қуысында магнит индукциясының біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Негізгі полюстердің орамдары қоздыру магнит ағыны пайда болатындай етіп жалғанады.

1.1- сурет. Төрт полюсті тұрақты ток машинасының құрылысы

Кейбір жағдайларда қоздыру электромагниттерінің орнына тұрақты магниттер қолданылады. Қуаты 1000 Вт жоғары машиналарда якорь тізбегіндегі коммутацияны жақсарту үшін негізгі полюстердің аралығына қосымша полюстер орналастырылады.

Якорь 4 қалыңдығы 0,5 мм электротехникалық болат табақшалардан жинақталған өзекше болып табылады. Якорь қоздыру магнит өрісінде айналу барысында оның магниттенуі кезінде пайда болатын құйынды токтармен пайда болатын қуат шығындарын азайту үшін болат табақшалар бір-бірінен лакпен оқшауланады. Цилиндр тәрізді якорь өзекшелерінің бетіндегі оқшауланған ойықшаларға (6) орамдар орналасады, олар ойықшаларға гетинакс немесе ағаш тығындармен бекітіледі. Орамдардың өзекшеден шығыңқы бөліктерін якорға арнайы бандаждар арқылы бекітеді. Якорь орамдарының ұштары (7) коллекторлық пластиналарға жалғанады.

Коллектор мыс пластиналардан құралатын цилиндр тәрізді дене болып табылады. Коллекторлық пластиналар бір-бірінен миканитті тілшелер арқылы, ал тұрықтан миканитті манжет арқылы оқшауланады. Коллекторлық пластиналар арасындағы оқшауламаларымен қосылып коллекторлық бөліктер түзейді. Орамдардың секцияларын коллекторлық пластиналарға жалғау секциялардың ұшына киілетін және коллекторлық пластиналарға пісірілетін арнайы қамыттар арқылы жүргізіледі. Коллектор да якорь өзекшесі секілді білікке мойынтректер арқылы бекітіліп отырғызылады.

Машинаның сыртқы тізбегін коллекторға графиттік немесе электрографиттік щеткалар арқылы жалғайды, щеткалар щетка ұстағыштарға орналасады және коллекторға серіппе арқылы бекітіледі. Щетка ұстағыштар алдыңғы мойынтректік қалқанға орналастырылады. Алдыңғы және артқы қалқандарды станинаға болттар арқылы бекітеді. Қалқандардың ішіне шар немесе ролик тәрізді мойынтренктер орналасады.

Якорь орамдары тұрақты ток машиналарының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Олар якорьға бекітіледі, ал ұштары коллекторлық пластиналарға жалғанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]