- •050902 «Туризм» мамандығының 4 курс студенті
- •«Саят» туристік компаниясына жалпы сипаттама
- •«Саят » туристік компаниясының ұйымдық- басқарушылық құрылымы және көрсететін қызмет түрлері
- •« Саят » туристік компаниясының экономикалық жағдайы және маркетингтік қызметі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
« Саят » туристік компаниясының экономикалық жағдайы және маркетингтік қызметі
Маркетингтік орта- маркетингтік қызметке әсер етуші фирманың шекарасында қызмет ететін күш және белсенді субьектілердің жиынтығы.
Маркетингтің мақсаты – клиенттің тауар немесе қызмет оның талап ету қабілетімен қаншалықты сәйкес келетіндігін біліп оны түсіне білу.
Туристік маркетинг – туризм саласындағы сонымен қатар жеке немесе мемлекеттік туристік кәсіпорын қызметінің үйлесімі мен жүйелік өзгерісі. Мұндай өзгерістер белгілі бір тұтынушы топтардан түсетін табыс алу мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың тұтыну қабілеттілігін толық қанағаттарумен бекітіледі. Маркетингтік қызмет кешеніне өнім, оның бағасы, нарықтағы орны, оны сату жылжыту, оны өткізуде қолданылатын тәсіл және оның өнім екенін дәлеледейтіні айғақ./сурет 3/
Сурет 3. Маркетингтік қызмет кешені
Осы аталған маркетингтік қызмет кешенін компания турөнімді сатуда өз қызметтеріне пайдаланады. Туризм маркетингінің басты міндеті тұтынушының қалаған уақыты мен орнында қызмет көрсету болып табылады. Қызмет көрсету нақты тұтынушының офисты құру, жұмыс тәртібі, сапалы сервис үшін қосымша қызметтер сияқты сұрақтарына бір табан болсын жақын болу керек.
Маркетингтің принциптері:
- тұтынушылардың проблемаларын шешуде тиімді шешім қабылдауға
бағыт;
- ұйымның болашақта дамуына қабілетті болу;
- кешендік, көпнұсқалық және шешімді қабылдауда қиындық тудырмау;
- сұраныс бойынша болжамды бағалай білу.
Клиентпен байланыс орнату барысында, оған ұсынып отырған демалыс орнына таң қалып, ұнатқан жағдайда клиенттердің өздері-ақ:
турөнімді өткізудің жаңа жолдарымен қамтамасыз етуді;
нарықта тауарды жылжыту қызметінің нәтижелерінің талдауларымен таныса отырып, туризм саласында жақсы нәтижеге қол жеткізуге талпынады.
Туристік маркетингтің мақсаты:
Экономикалық: рентабельділікті жоғарылату, өзіндік құнды төмендету және т.б;
Саяси немесе «өзімшілдік»- имиджді , абыройды жоғарылату, өз бетімен жетістікке қол жеткізу;
Әлеуметтік –қызметкерлердің еңбек шарттарын жақсарту, әлеуметтік
игіліктерді өз қарамақтарына беру;
Туристік маркетинг дамудың төмендегідей тиімді шарттарын ұсынады:
Нарықтық қызмет тұтынушыларын қанағаттандыру;
Туристік фирмалардың арасында тұтынушы талабы бойынша өткір күрес ұйымдастыру;
Еркін нарықтық қарым-қатынастар, нарықта администратордың шектеуінсіз өнім өткізуді, коммерциялық қызметтерді жүргізуді, іскерлік серіктестерді, баға қоюды таңдауға мүмкіндік беру ;
Фирманың мақсатын анықтауда туристік кәсіпорын ішінде админстратордың еркін қызметі.
Туризмдегі маркетингтің бір ерекше кешені - баға. Бағаны экономикалық категория деп қарастырсақ баға-ол тауар бағасының ақшалай көрінісі. Көптеген туристер тур бағасының жоғары болуынан саяхаттан бас тартып жатады. Ал ол дұрыс шешім емес. Бір шетінен ол халықтың әл-ауқатына байланысты. Мысалға өзіміздің елімізді-ақ алайық. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының халқы 15 млн адамды құрайды . Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстан халқының 10% ғана шет елге демалуға шығады екен. Бір турдың орташа ұзақтығы 7 күнді қамтиды. Билет бағасы орташа есеппен айтқан 1000 АҚШ долларын құрайды. Бұдан қорытынды ең бірінші халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмысқа тарту, шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлу керек.« Саят » туристік компаниясы баға саясатында бесекелес фирмалардың бағасына қарай бағытталады. Мүмкін керісінше басқа фирмалар « Саят » компаниясының бағасына қарай бағытталатын шығар.
« Саят » туристік компаниясының басқа туристік фирмалармен көрсететін қызмет түрлерінің бағасына талдауды бәсекелес фирмаларға берілмейді. Өйткені арадағы бәсекелестік күшейіп, нарықтағы орнынан айырылып қалуы мүмкін. Оған дәлел төмендегі кестеден Астана қаласындағы фирмалардың салыстырмалы бағаларын көруге болады. / кесте 2/
Туристік фирма |
Түркия отель 3* |
БАӘ отель 4* |
Тайланд отель 4* |
Англия,отель 3* |
«Саят» |
13000 |
22500 |
20800 |
26250 |
Costa brava |
13500 |
21000 |
20800 |
25000 |
Alatau tours |
13000 |
22800 |
20000 |
23800 |
Кесте 2. Фирмалардың туристік қызметті көрсетуде бағаларына салыстырмалы анализ /жартылай пансион, 5 күн,2014 ж/
Кестеден көріп тұрғанымыздай бағалар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Егер халықтың әл-ауқаты жақсы болса бұл бағалар айтарлықтай жоғары емес.
Сонымен қатар компания нарықта тұтынушылардың 10%-не белсенді қызмет көрсетеді. Алайда компания бір орында тұрып қалмай әрдайым турөнімді тұтынушы жаңа нарықты игерудегі жаңа мүмкіндіктерді іздестіреді.
Компанияның менеджері Акмарал Каирбековнаның айтуы бойынша туристер туризм түрлерін жас ерекшеліктеріне /балалар, жастар, кәрілер/, отбасылық жағдайларына байланысты таңдайды екен./кесте3/
№ |
Демалыс түрі |
Сәйкес келуші жас |
1 |
Теңізде демалу |
21-40 |
2 |
Спорттық туризм |
26-35 |
3 |
Тауға шығу |
31-40 |
4 |
Шипалы курорттарға демалыс |
31-40 |
5 |
Бизнес турлар |
26-35 |
6 |
Денсаулықты жақсарту мақсатындағы туризм |
31-40, 51-55 |
7 |
Экскурсия |
21-40 |
8 |
Аңшылық |
21-30, 56-60 |
9 |
Балық аулау |
31-35 |
10 |
Көңіл көтеру |
20 жасқа дейін, 36-40 |
11 |
Түңгі өмір |
20 жасқа дейін, 26-30 36-40 |
12 |
Басқа да демалыс түрі |
36-40,56-70 |
Кесте 3. Туристердің демалыс түрін жасына қарай таңдауы
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай туристік фирмалардың қызметіне қызығушылық танытатын 26-40 жас аралығындағы демалушылар. Олар көрсетіліп отырған 12 демалыс түрінің 6-8 түріне қызығушылық танытады екен. Сонымен қатар туристер демалысты отбасылық жағдай ларына байланысты таңдайды. Шет елде демалушылардың көбі әйел адамдар болып келеді./диаграмма 1/
Диаграмма 1. Шет елде демалушылардың тегі бойынша белсенділігі 2014ж
Диаграммадан Германия және Израиль елдеріне барудан ер адамдар белсенділік көрсетсе, Испания, Кипр елдерінде ер мен әйел адамдардың көрсеткіші тең. Бүгінгі таңда топтық туризмнің орны ерекше. Себебі қазіргі кезде жаңадан отбасын құрған жастар шет елде демалуды жақсы көреді./кесте 4/
Мемлекеттер |
Бағалаушылық |
Англия |
Жаңадан некелері қиылғандардың ерекше қызығушылығы (отбасылық демалыс) |
Германия |
Жалғыз басты және отбасылық жұптардың тепе-тең қызығушылығы |
Испания, Италия, Кипр, Франция, |
Отбасылық жұптар, жаңадан некелері қиылғандар, жалғыз бастылар үшін қызықты елдер / 3:2:1/ |
Туркия |
Аралас қызығушылық. Жалғыз басты әйелдер мен жалғыз басты ер адамдардың бірден бір қызығатын елі. |
Грекия |
Некеде тұрғандардың 46%, отбасылық жұптардың - 36%, жалғыз бастылардың - 18% қызығушылық танытатын ел. |
Кесте 4. Туристердің отбасылық жағдайына қарай шет елде демалуы
Сонымен қатар « Саят » туристік компаниясы стандарт қызмет көрсетуге:
Клиентпен достық және тілектестік орната алу, жақсы қарым -қатынас орнату;
Клиентке 25 минут ішінде қызмет көрсетіледі;
Клиенттің тілегі бойынша қызметтер ұсынылады;
Турды сатып алғанға дейін клиентке ұсынылып отырған қызмет түрі жайлы пайдалы ақпараттар жеткізу;
Өзі ұсынып отырған қызмет түріне бақылау жасап, қажетті түзетулер енгізу;
Сапалы өнімнің көмегімен клиенттің тілегін қанағаттандыра отырып, жетістікке жету, арадағы тұрақты клиенттерді жоғалтпау, фирма үшін позитивті имидж құру;
Өтініш туралы шалынған қоңыраулар 10 минуттан кейін жүзеге асады.
«BSB TRAVEL» туристік компаниясы шет елдің бірнеше туроператорлары мен турагенттерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Әлемнің 9 елінің 60 агенттігімен әлі күнге дейін жақсы қызмет көрсетуде. Ол мемлекеттер АҚШ, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Египет, Кипр, Түркия, Италия.
Компанияың алдағы уақытта мынандай міндеттерді алдына қояды:
Ең алдымен өз еліміздегі телеарналарда жарнамалық роликтерді көрсете отырып, ішкі туризмге үлес қосу;
Тұрақты клиенттерін әр мейрам кезінде құттықтау, оларға жеңілдікпен турлар ұсыну;
Интернет арқылы өтініш берушілер санын ұлғайту.
Ал болашаққа жоспар бойынша турагенттерге жарнамалық турларды төмендегі елдермен біріге отырып ұсыну. Олар:
-Дубай, БАӘ
-Черногория
-Банско, Сандански, Пампорово – Болгария,
