
- •050902 «Туризм» мамандығының 4 курс студенті
- •«Саят» туристік компаниясына жалпы сипаттама
- •«Саят » туристік компаниясының ұйымдық- басқарушылық құрылымы және көрсететін қызмет түрлері
- •« Саят » туристік компаниясының экономикалық жағдайы және маркетингтік қызметі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
«Саят » туристік компаниясының ұйымдық- басқарушылық құрылымы және көрсететін қызмет түрлері
ЖШС « Саят » туристік компаниясы келесі төрт маркетингттік принцип бойынша жетекшілік етеді.
Өткізу нарығында үлес тез дамушы нарықтағы фирма қызметінің бағасы үшін кілтті көрсеткіш болып табылады.
Өндірістік қуаттарға капитал салу нарықтың кеңеюі жолымен жүру керек.
Баға- нарықта үлесті сақтауда және бәсекелестік күресте жетістікке жетудегі басты қару. Сондықтанда бағалар шығындардың төмендеу шамасында тұрақты түрде арзандатылуы тиіс.
Нарыққа әрдайым өнімнің жаңа түрлерін шығарып отыру керек. Өйткені «Капитал салу- шығындардың қысқартылуы-бағаның төмендеуі – өткізу нарығындағы үлестің жоғарылауы» циклі бұзылуы мүмкін.
Қызметтің негізгі мақсаты компанияны әлемдік деңгейге шығару, Қазақстанда серіктестік қатынастарды реттеу, клиенттердің әлеуеттік ортасын кеңейту, корпоративті және жеке клиенттермен жұмыс жасау және пайда табу.
Компанияда Астана қаласының жоғарғы оқу орындарын туризм менеджменті мамандығы бойынша білім алып шыққан жас мамандар, білікті менеджерлер еңбек етеді.
Компанияны жалпы жетекшілік ететін құрылтайшы-директор басқарады. Компания ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлемейді. Компанияның жоспарлау қызметі- компания директорының айрықша құзіреті болып табылады.
Туризм жөніндегі тікелей сұрақтарды туристтік агенттіктер мен барлық елдердегі фирмалармен кең қарым-қатынас орната алған топ менеджер жүргізеді.
Компания штаты ЖШС-ң жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және әртүрлі функцияларды орындаушы 4 қызметкерге сенім артады. Компанияны басқару құрылымы төменде көрсетілген:/сурет 1/
Сурет 1. ЖШС « Саят » туристік компаниясының басқару құрылымы
Жоғарыдағы компанияны басқару құрылымын көріп тұрғаныңыздай ЖШС –да маркетинг жөніндегі маман жоқ. Сондықтан компанияда маркетингтік зерттеулер жеке басқару шешімдері арқылы жүргізіледі. ЖШС –ның міндеті :
-шет елдік турфирмалармен туристерді Қазақстаннан саяхатқа жіберуде оларды қабылдау, орналастыру, демалысты ұйымдастыру мақсатында іскерлік байланыс орнату ;
-шет елден Қазақстанға шақыру үшін туристер үшін баламалы операциялар ұйымдастыру;
-Қазақстанда жолаушыларды тасымалдаушы ұйымдармен іскерлік қатынас орнату:
-жеке туристерді жіберу және оларды қабылдауды ұйымдастыру;
-шоп-туристер үшін тауарларды жеткізіп берумен қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
-Қазақстан бойынша туристік шараларды ұйымдастыру («Әнші бурхандар», Шарын каньоны, Медеу, Түрген шатқалы , Түркістан т.б. көрікті жерлерді көрсету);
-Өзбекстан мемлекетіндегі туристік орталықтар Ташкент, Самарқанд, Бухара сияқты қалаларға турларды ұйымдастыру;
-туризм төңірегінде заңды-нормативті мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету, жұмыс жасау;
Тізбектелген міндеттеріне сәйкес ЖШС « САЯТ » туристік компаниясына функционалды жауапкершілік артылған. Директор фирмаға жалпы жетекшілік етеді. Маркетинг саласында директордың рөлі зор, себебі маркетингтік шаралардың өз уақытында орындалуын қадағалап отырады./сурет 2/
Сурет 2. ЖШС «САЯТ» туристік компаниясының маркетингтік функционалды бөлінуі
Маркетингтік бөлімде директордың функционалды жауапкершілігі бақылау функцияларымен шектелмейді. Фирма жетекшісі дәрежесіне ие бола отырып, ол басқа фирмалардың, компаниялардың жетекшілерімен келіссөздер жүргізе алады.
ЖШС « Саят » туристік компаниясының директоры жекеше түрде қаланың төлқұжат беру бөлімшелерімен, тасымалдаушы фирмалардың жетекшілерімен, компанияның мықты, танымал клиенттерімен тікелей байланыс орната алады.
Әрине, ЖШС « Саят » туристік компаниясының жетекші директоры бола тұрып шет елдік серіктестермен жиі байланыста бола алады. Шет елдік серіктестер арасында « Саят » туристік компаниясы үшін негізгілері болып түрік өкілдері: Alpha plus, Ilbey tours, Olimpic tour, tem tour, trek tour, premium tour. Малайзия: Asia experience tour, Dona plus. Европа: Лорина тур, Lostwood, open up Germany, Iscra. Алматы: Gulnar tour, Жана нур, Travel system, International travel plus, Tamerlan tour болып табылады.
Негізгі келіссөз жүргізу қызметін « Саят » туристік компаниясының топ-менеджері атқарады. Фирманың топ-менеджері шет тілдерін түрік, ағылшын, орыс-тілдерін жетік меңгере отырып, шет елдік серіктестермен жақсы келіссөз жүргізе алу қабілетіне ие болуы керек. Себебі, жақсы келіссөздің арқасында
«Саят» туристік компаниясының клиенттері үшін жақсы жағдай ұйымдастырылатын болады.
Топ-менеджерінің функционалды міндетіне Қазақстанда маркетингтік шараларды ұйымдастыру, туризм бойынша көрмелерге қатысу, компанияның қызметін сатуда менеджерлер қызметінің тиімділігін ұйымдастыру сияқты бірнеше қызметтер кіреді.
« Саят » туристік компаниясын клиенттеріне ұсынынатын қызмет түрлері төмендегідей :
Брондау және әуе билеттерін сату;
Әлем елдеріне жеке және топтық турлар;
Қазақстан бойынша экскурсиялық бағдарламалар;
Қонақ үйлерді алдын ала брондау;
Туристерді сақтандыру;
Виза рәсімдеу;
Шет елде білім алу.
Шет елде білім алу стади тур немесе ақпараттық тур деп аталады. Ол тур- туроператордың ұйымдастыруымен туристік өнімді сату бөлімінің қызметкерінің шет елге таныстыруға бағытталған тур.
Сонымен қатар « Саят » ЖШС туристік компаниясы өзінің қызметінде төмендегідей туризм түрлері мен формаларын қолданады:/кесте 1/
Белгілері |
Топтастырылған квалификация |
Саяхаттың мақсаты |
Рекреациялық туризм нарығы |
Іскерлік туризм нарығы |
|
Білім туризм нарығы |
|
Транспорттық құралдарды пайдалану |
Әуе туризмінің нарығы |
Жеңіл машина туризмінің нарығы |
|
Саяхаттың түрлері |
Жеке туризм нарығы |
Топтық туризм нарығы |
Кесте 1. Компания қызметінде қолданылатын туризм түрлері мен формалары
Жоғарыда көрсетілген кестеге тоқталып кетсем, ЖШС « Саят » туристік компаниясы туристерге саяхат түрлерінен жеке және топтық саяхатты, көлік құралдарынан әуе және жеңіл машинаны ұсынады. Сонымен қатар саяхаттың мақсаты бойынша рекреациялық, іскерлік, оқу-танымдық түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.
Практикадан өту барысында менеджер Акмарал Каирбековна интернет арқылы брондауды, әуебилеттерін брондау бойынша түскен өтініштердің, визаның қалай толтырылатынын, туристің туристік қызметті пайдалануына байланысты ақша төленгенін растайтын ваучер құжатымен таныстырды. Визаның бірнеше түрлері бар. Мысалы Қытай Халық Республикасына виза түрлері біржақты, топтық, жылдық жүргізушілік, студенттік болып бөлінеді. Жоғарыда аталған виза түрлерінің ішіндегі топтық виза Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана рәсімделеді. Топтың құрамы 5 адамнан кем болмау керек. Қажетті құжаттарға туристің жеке төлқұжаты, РНН, сурет, өзі жайлы мәліметтер жатады. Шет ел азаматтары үшін тұрғылықты жерінде тұратындығы туралы анықтама және жұмыс орнынан анықтама, РНН керек.
Әрбір клиент қандайда бір турды таңдау барысында клиентке турдың бағасы, орналасқанда көрсетілетін қызмет көрсетулерді, елдердің ерекшеліктерін, қонақ үй жайлы ақпараттар мен қажметті кеңестерді, жарнамалық буклеттер, жобалармен ақпараттандырылады. Бұл жұмысты сату жөніндегі менеджер орындайды.
Одан кейін клиенттің қызығушылығын білген соң туроператорға орындар санымен, оның қанша тұратындығы жөнінде өтініш жасалады. Клиент таңдаған саяхатының бағасының 50% төлеуі керек. Директор немесе менеджер өзінің бағыты бойынша туроператорға өтініш жіберіп, 3 күнінің ішінде турдың расталғаны жөнінде ақпаратқа ие бола алады.Тур расталғаннан кейін тур үшін төлем операторға жіберіледі. Прайст-листте көрсетілген бағадан делдалдық пайыз алынып тасталады.
Орналасу, тұруға, әуебилетіне, медициналық сақтандыруға төлем төленгенін растайтын ваучер салынған конверт келеді. Енді туристік агент пен клиент арасында келісімшарт жасалып тур путевка беріледі.
Өтініш ереже бойынша ерте жасалу керек, бірақ саяхаттың алдында нұсқау жүргізіледі, егер клиент бұған мұқтаж болса, сонымен қатар арнайы әдебиеттерді /жергілікті жердің картасын, жол көрсеткіш, сөздіктер, тілашарлар/ өзімен алғаны жөн.