Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ердос отчет 4 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.05 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті

Экономикалық факультеті

«Туризм» кафедрасы

ЕСЕП БЕРУ

Өндірістік практика бойынша

050902 «Туризм» мамандығының 4 курс студенті

____________тобы

Тексерген: _________________

Орындаған: _________________

Астана, 2014

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. ЖШС «Саят» туристік компаниясына сипаттама

  2. Компанияның ұйымдық- басқарушылық құрылымы және көрсететін қызмет түрлері

  3. Компанияның экономикалық жағдайы және маркетингтік қызметіне талдау

  4. Қосымшалар

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Туризмді дамыту біздің еліміз үшін көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл сала әлемдегі жалпы ұлттық ішкі өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз ете отырып, әлемдік экономикада басты рөлге ие. Туризм секторына әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 6 %, әлемдік инвестицияның 7%, әрбір 16-ы жұмыс орнын, әлемдік тұтынушы шығындарының 11% қамтамасыз етуге тура келеді. Сондықтанда біздің уақытымызда туризм индустриясының әлемдік экономикаға мұндай ықпалын байқамай қалуға болмайды.

Атап көрсетіп отырған саламыз әлемдегі дамыған және дамушы елдер экономикасының іргелі және серпінді негізі болып табылады. Олай дейтін себебім саяхат және туризм индустриясы көптеген әлем елдерін айтарлықтай жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Саяхат жасау және туризм бүгінгі таңда халықаралық инвестицияның 11% қамтамасыз ете отырып, ел қазынасына салықтық түсімдер түрінде пайда әкеледі. Оның тез қарқынды дамуы, валюталық түсімдер көлемінің ұлғаюы, туристік индустрияның қалыптасуын қамтамасыз етіп отырған экономиканың әртүрлі салаларына белсенді әсер етпек.

Ал, Қазақстандағы туризмді алып қарайтын болсақ, өте қарапайым болып көрінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылдаған «Қазақстанда туризмді дамыту» туралы бағдарламасы елімізде туризм саласын дамыту жолдарын көрсететін маңызды құжат болып табылады. Бағдарламада туризмді дамытуда туристік саланың жоғарғы тиімді, әрі бәсекеге қабілетті бағыттары атап көрсетілген. Туризмнің дамуы ол мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті, туристік бизнесті қолға алуымен тығыз байланысты. Егер еліміздегі туристік бизнеспен айналысатын кәсіпорындар бүгінгі заман талабына сай қызмет атқара алса, неге дамытпасқа. Алайда туристік бизнес көп пайда әкелмейді. Біріншіден бұл қызмет түрі маусымдық сипатқа ие. Екіншіден, туристік жорықтар- ол бірінші қажетсіну емес және ол халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты.

Әрбір туристік фирма неге қол жеткізгісі келеді? Фирма үшін бірден бір негізгі мақсат пайданы көбейту. Пайда табу мен оны көбейту туристік өнімді тұрақты тұтынушылар санының көбеюі мен олардың болуымен жобаланады. Алайда клиенттер сол фирманың қызмет көрсетуіне қызығушылық танытқан жағдайда, оларды тұрақты түрде ұстап тұруға болады.

Туристік бизнесті қарқынды түрде жүргізу үшін тек сапалы қызметтер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кімге ненің керек екенін және қандай мақсатпен қажетсінетінін білу қажет. Туристік бизнеспен айналысу оңай шаруа емес.

Бұл өндірістік практикадан өткенім туралы есеп беру жұмысым 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Негізгі бөлімде ЖШС «Саят» туристік компаниясына, оның басқарушылық құрылымына, экономикалық жағдайына сипаттама берілген. Жұмысымның мақсаты практикадан өту барысында жинақтаған тәжірибемді көрсету, компанияның экономикалық жағдайына талдау жасап көрсету.