- •Қалай оқу керектігін үйрету
- •Оқуды бағалау (жиынтық) және оқыту үшін бағалау (формативтік)
- •Диалогтік оқыту
- •Сыни тұрғыдан ойлау
- •Дарынды және талантты оқушыларды оқыту
- •Оқыту мен оқудағы жас ерекшеліктері
- •Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (акт) қолдану (бес балл)
- •Блум таксономиясы
- •Оқытуды басқару және көшбасшылық
- •Экзаменационные вопросы третьего уровня
- •Обучение тому, как учиться
- •Оценивание обучения (суммативное) и оценивание для обучения (формативное)
- •Диалоговое обучение
- •Критическое мышление
- •Обучение талантливых и одаренных учеников
- •Возрастные отличия в преподавании и обучении
- •Использование информационно-коммуникационных технологий в преподавании и обучении (икт) (пять баллов)
- •Таксономия Блума
- •Управление и лидерство в обучении
- •I) Школы безоговорочно принимают новые материалы и практики, которые успешно были использованы в других школах
Блум таксономиясы
33. Төменде келтірілген жауап нұсқаларының ішінен жоспарлау кезінде Блум таксономиясы не үшін қолданылатынын анықтаңыз.
a) Жұмыстың күрделілік дәрежесі сыныптағы оқушылардың жасына сәйкес келуі үшін
b) Оқушылардың өз білімдерін жетілдіруі үшін
c) Оқушыларға бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін
d) Оқуда шынайы қарқынды қамтамасыз ету үшін
e) Сабақ мазмұнына креативтілік және ынталандырушылық сипат беру үшін
34. Аталған мүмкіндіктердің қайсысы оқыту үшін бағалауды қолдануда мұғалімге Блум таксономиясы ұсынатын мүмкіндіктерді сипаттайды:
a) Мұғалімнің төмен дәрежелі ойлаудан жоғары дәрежелі ойлауға дейін дамуға көмектесетін сұрақтарды қою мүмкіндігі..............
b) Топтық жұмыс жүргізу және таныстырылым жасау мүмкіндігі
c) Сынып пікірталасында мұғалім қолданатын тәсілдерді көтермелеу
d) Жеке білім алу мүмкіндігі
e) Бағалау алгоритмін ұсыну
35. Төменде келтірілген тапсырмалардың қайсысы мұғалімге оқушыларда Қазақстанда өндірілетін түрлі өнімдер туралы тұжырымдамалық білімнің бар екенін бағалауға барынша мүмкіндік береді:
a) Еліміздің нақты облыстарында өндірілетін өнімдерді көрсете отырып, Қазақстанның картасын салу
b) Қазақстанның түрлі облыстарында қандай өнім өндірілетіні туралы тестінің сұрақтарына жауап беру
c) Оқушылардың топографиялық ерекшеліктер және олардың белгілі бір облыста өндіруге болатын өнімді анықтаудағы ықпалы туралы таныстырылым дайындауы
d) Қазақстанның картасынан негізгі топографиялық ерекшеліктерді көрсету
e) Өнімнің суретін ол өнім өндірілетін Қазақстанның облысының атауының жанына жабыстыру
36. Өсімдіктер мен жануарлардың жасушалары оқытылатын биология сабағында мұғалім оқушыларды жұптарға бөліп, жұптарға өсімдік пен жануар жасушасының суреті мен олардың негізгі сипаттамаларының тізімімен қоса бос диаграмма берді. Оқушылардың міндеті – ұсынылған тізімге кірген терминдерді қолдана отырып, диаграмманы толтыру.
Бұл тапсырма оқушыларда ойлаудың қандай түрін дамытады:
a) Түсінуді (жасуша сипаттамаларын) пайдалану
b) Нақты сипаттағы ақпаратты еске түсіру (жасушалар туралы)
c) Бағалау (өсімдік немесе жануар жасушаларының ұқсас сипаттамалары)
d) Талдау (жасушаның құрылымы қандай)
e) Синтездеу (өсімдік немесе жануар жасушаларының қалай жұмыс істейтінін түсіну)
37. Әдебиет мұғалімі өз оқушыларының сабақта танысқан әңгіменің бас кейіпкерлерінің біреуін қаншалықты түсінетіндігін білгісі келеді. Төменде ұсынылған тапсырмалардың қайсысын орындағанда оқушылардың синтез жасау, түсіндіру және болжам жасау қабілеттерін мүмкіндігінше жақсы көруге болады:
a) Мәтіннен кейіпкердің әрекеті әңгіменің сюжетіне тікелей әсер еткен үш негізгі тұсты көрсету
b) Диалог негізіндегі комикс түрінде кейіпкер пайда болатын көріністің суретін салу
c) Әңгіменің сюжеттік желісінде кейіпкер шешуші рөл атқаратын жаңа үзінді жазу
d) Күнделікте әңгіме кейіпкерлерінің біріне қатысты жазба жазу
e) Әңгіменің сюжеттік желісін қысқаша тұжырымдап, сыныпта оның мазмұнын айтып беру
Оқытуды басқару және көшбасшылық
38 (5 балл)
Төменде келтірілген стратегиялардың ішінен оқудағы өзгерістерді басқару мен көшбасшылыққа арналған, Кембридж университетімен бірлесіп Педагогикалық шеберлік орталығы ұсынатын және сыныпта тиімді оқыту мен оқудың ең үздік тәсілі болып табылатын бес стратегияны таңдаңыз:
a) Өз сыныптарында мұғалімдер дамыған елдерде табысты әдіс ретінде қолданылады деп естіген немесе оқыған жаңа тәсілдерді енгізеді
b) Бір топ мұғалімдер материалдарды бірлесіп әзірлейді, жасайды және тәжірибеде қолданады
c) Мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасын бағалайды және бағалау нәтижелерін өзінің оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында пайдаланады
d) Үкімет барлық мектептерде қолданылатын оқыту әдістеріне қатысты жаңа заң қабылдайды
e) Мұғалімдер курста оқытылған тәсілдер мен жаңа әдістерді өз жағдайларына бейімдейді
f) Мұғалімдер оқытудың түрлі әдістерін қолдана отырып эксперимент жасайды және өзінің тиімділігін анықтау мақсатында ақпарат жинайды
g) Мектеп директорлары өз мектептерінде белгілі бір оқыту әдістерінің енгізілуін талап етеді
h) Кеңес алу, идеяларды мақұлдау, сынамалау мақсатында немесе бұған дейін басқалар қолданған оқыту әдістерін анықтау мақсатында мұғалімдер басқа әріптестерімен қарым-қатынас жасайды
i) Мектептер басқа мектепте табысты іске асырылған жаңа материалдар мен тәжірибелерді өздеріне сөзсіз қабылдайды
j) Мектеп көшбасшылары мектеп сабақтарының белгілі бір аспектілерін ойластыру, шешу мақсатында мектептегі мұғалімдермен жұмыс істейді.
Бос бет
Пустая страница
