Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вопросы тестов 3 уров.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.49 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы курстарының тыңдаушыларына арналған біліктілік емтиханының сұрақтары

Үшінші (негізгі) деңгей

Өтетін уақыты: 90 минут.

Емтихан тапсырушыларға арналған нұсқаулық

  1. Жауаптар парағында Сіздің есіміңіз дұрыс жазылғанын тексеріңіз.

  2. Аудитория бойынша кезекші рұқсат еткенше дейін сұрақтарды ашпаңыз.

  3. Тізімге 38 сұрақ енгізілген. Сіз барлық сұраққа жауап беруге тиіссіз.

  4. С ұрақтардың жауаптарын Сізге берілген Жауаптар парағында «құстұмсық» белгісін қойып белгілеңіз: 

  5. Дұрыс жауаптарды белгілеу үшін қаламды пайдаланыңыз.

  6. Жазу қажет болса, Сіз сұрақтар жазылған парақты пайдалана аласыз, бірақ жауаптарды міндетті түрде Жауаптар парағында белгілеу қажет. Бүкіл жұмысты 90 минуттың ішінде аяқтау қажет.

  7. Емтихан аяқталған соң аудитория бойынша кезекшіге сұрақтар мен жауаптар парақтарын тапсыруыңыз керек.

Емтихан тапсырушыларға арналған ақпарат

Әрбір дұрыс жауап 1 балл деп бағаланады. Ал 14, 20, 38-сұрақтар үшін 5 балдан беріледі. Барлық дұрыс жауаптардың саны 50 балға тең.

Сұрақтар қазақ және орыс тілдерінде берілген. Орыс тіліндегі сұрақтар 13 беттен басталады.

_____________________________________________________________________________

Вопросы квалификационного экзамена слушателя курсов Программы повышения квалификации учителей общеобразовательных школ Республики Казахстан

Третий базовый уровень

Время проведения: 90 минут.

Инструкция для экзаменуемых

  1. Проверьте, правильно ли написано Ваше имя на листе ответов.

  2. Не раскрывайте вопросник без разрешения дежурного по аудитории.

  3. Вопросник содержит 38 вопросов. Вам необходимо ответить на все вопросы.

  4. О тмечайте ответы на вопросы в выданном Вам листе ответов, по образцу: 

  5. Используйте только ручку для отметки правильных ответов.

  6. Вы можете использовать для заметок листы вопросника, но ответы на вопросы необходимо зафиксировать в листе ответов. Вам необходимо завершить всю работу по истечении 90 минут.

  7. По окончании экзамена Вам необходимо сдать дежурному по аудитории лист ответов и вопросник.

Информация для экзаменуемых

Каждый правильный ответ на вопрос оценивается в 1 балл, за исключением вопросов 14, 20, 38, которые оцениваются в 5 баллов. Максимальное количество правильных ответов составляет 50 баллов.

Вопросы предоставлены на казахском и русском языках. Вопросы на русском языке начинаются со страницы 13.

Үшінші деңгейдің емтихан сұрақтары

1. Авраам Маслоу жасаған адам қажеттіліктерінің иерархиясында негізгісі қандай қажеттілік болып табылады?

a) Физиологиялық қажеттілік

b) Өзін-өзі таныта білу қажеттілігі.....

c) Сүйіспеншілікке, қарым-қатынасқа деген қажеттілік

d) Құрметтеуге деген қажеттілік

е) Қауіпсіздікке деген қажеттілік

2. Оқушыларды дәлелді пікірталасқа тарту үшін мұғалім оқушылар тобын қалай ұйымдастыра алады?

a) Оқушыларды топтарға біріктіріп, оларға тапсырма береді

b) Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету мақсатында оқушыларды топтарға біріктіреді

c) Бір-бірін тыңдап, әңгімелесуге үйрету мақсатында оқушыларды топтарға біріктіреді

d) Нақты тапсырманы орындау мақсатында оқушыларды топтарға біріктіріп, рөлдерді бөледі ...

e) Оқушыларды топтарға біріктіріп, оларға өз пікірлерін дәлелдеуді үйретеді

3. Төменде көрсетілген тапсырмалардың қайсысы когнитивті қолдау көрсету үлгісі («көпірше») болып табылады?

a) Жұмысты оқулықтан көшіріп жазу

b) Есепті шығару алгоритмін ұстану......

c) Практикалық тапсырманы орындау үшін нұсқаулықты ұстану

d) Мұғалім оқып тұрып, оқушының конспектілеуі

е) Жұмысты басқа оқушыдан көшіріп алу

4-8. Оқыту белсенді, қалаулы нәтижеге қол жеткізу үшін құрылған, кері байланысты қамтамасыз ететін, білім алуды түсінуді қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін алған білімдеріне шоғырландырылған және ықпалдастырылған болуға тиіс.

Төменде берілген оқыту әдістерінің қайсысы аталған оқыту түрлерінің қайсысының тиімділігіне ықпал ететіндігін анықтаңыз (әр нұсқа үшін сәйкес келетін бір нұсқа таңдаңыз).

Оқыту әдістері:

a) Диалогтік оқыту...

b) Оқыту үшін бағалау

c) Сыни тұрғыдан ойлау

d) Орта мерзімді жоспарлау

e) Топтық жұмыс

Оқыту түрлері:

4. Белсенді

5. Қалаулы нәтижеге қол жеткізу үшін құрылған

6. Кері байланысты қамтамасыз ететін

7. Сөйлеу және жазу арқылы шоғырландырылған

8. Түсінуді қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін алған білімдеріне ықпалдастырылған

Қалай оқу керектігін үйрету

9. Балалар қандай жастан бастап өзінің оқуі үшін жауапкершілік ала алады деп саналады?

a) 10 жастан бастап

b) 3 жастан бастап…

c) 7 жастан бастап

d) 15 жастан бастап

e) 5 жастан бастап

10. Перри және басқалар (2002) өздігінен реттелетін оқудың үш сипаттамасын берді: тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы; проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.

Төменде көрсетілген тапсырмалардың қайсысы өздігінен реттелетін оқу үшін барынша тиімді болып табылады?

Нұсқалардың біреуін таңдаңыз:

a) Күрделі тапсырмалар

b) Қайталанатын тапсырмалар

c) Білім алушылар маңызды деп бағалаған тапсырмалар.....

d) Қызықты тапсырмалар

e) Орындау үшін аса көп ынта-зейінді талап етпейтін сұрақтар

11. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» алынған мәтінді оқыңыз:

Жүргізілген зерттеудің негізінде төменде келтірілген жауаптар нұсқаларының қайсысы дұрыс болып табылады?

a) Жеті жастағы балалар объектілер ретін жаттай алмайды

b) Жеті жастағы балалар метакогнитивтік стратегияларды қолдана алмайды

c) Бес жастағы балалар қайталау стратегияларын қолдана алмайды

d) Бес жастағы балалардың объектілер ретін жаттауға шамасы келмейді

e) Бес жастағы балаларға метакогнитивтік стратегияларды үйретуге болады.......

12. Джин Раддок «оқушы үнінің» мәні зор деп насихаттады. Ғалым бұл идеясымен не айтпақ болды?

a) Сабақ барысында оқушының өз пікірін білдіруі көтермеленуге тиіс

b) Жасына қарай оқушының үні әртүрлі болуы мүмкін

c) Оқушының пікіріне қызығушылық таныту арқылы олардың білім алуын жетілдіруге болады........

d) Оқушылар өз пікірін білдіру арқылы білім алады

e) Хормен ән салу оқушылардың жағымды сезімдерін дамытатын бірлескен шара болып табылады

13. Мына мәтінді оқыңыз:

Жоғарыда айтылған оқиғада мұғалім қандай екі тәсілді қолданды:

a) Когнитивтік және әлеуметтік

b) Эмоциялық және ынталандырушылық

c) Әлеуметтік және эмоциялық....

d) Ынталандырушылық және когнитивтік

e) Когнитивтік және эмоциялық

Оқуды бағалау (жиынтық) және оқыту үшін бағалау (формативтік)

14. (5 балл)

Ұсынылған үлгілерден формативтік бағалаумен жиі байланыстыратын бес тұжырымдама таңдаңыз:

a) Оқушылар өз жұмысын бағалайды......

b) Тапсырманы орындап біткен соң оқушыларға баға қойылады

c) Белгілі бір тапсырманы табысты орындау критерийлерін мұғалімдер мен оқушылар бірдей түсінеді......

d) Мұғалімдер оқушыларды олардың бағаларына қарай жіктейді

e) Оқушылар жақсы баға алуда басқа балалармен бәсекелеседі

f) Мұғалім оқушының жұмысына егжей-тегжейлі түсініктеме (кері байланыс) береді

g) Оқушылар өздерінің білім алу үдерісіне тартылған және бағалау нәтижелері бойынша өздерінің оқуларын қалай жақсартуға болатынын біледі......

h) Мұғалімдер оқушылардың жұмыстарына бағалау шәкіліне сәйкес баға қояды......

i) Оқушылар критерийлерге сәйкес бір-бірін бағалайды.....

j) Мұғалімдер оқушылардың жұмыстарына жүйелі түрде баға қойып тұрады