Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный комплексЕндибаева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.8 Mб
Скачать

1.4. Мұнай мен газдың физикальқ касиеттері

Мұнай. Мұнайдың физикалық касиеттері мен сапалық сипаттамалары құрамындағы жекеленген көмірсутектері құрамындағы (парафиндік, нафтендік, ароматтық) басымдылығына байланысты болады.

Ауыр көмірсутектері басым (ауыр мұнайлар) мұнайларда бензин және май фракциялары аз болады. Мұнайдағы шайырлы және парафинді қосылыстардың көп мелшері оның қозғалғыштығын азайтатындықтан, оларды жер бетіпе шығару үшін және одан әрі тасымалдау үшін ерекше шараларды кажет етеді.

Тығыздьқ. Мұнай өңдеу практикасында салыстырмалы тығыздықты пайдалану қабылданған. Салыстырмалы тығыздық - тығыздықты анықтау температурасындағы мұнай массасының (мұнай өнімінің) 40С-тағы сондай көлемде алынған таза судың массасына қатынасына сандык жағынан тең өлшемсіз шама. Тығыздықтан айырмашылығы, салыстырмалы меншікті салмақ дегеніміз – анықтау температурасы кезіндегі мұнай (мұнай өнімінің) салмағының сондай көлемде алынған таза судың 4 0С-тағы салмағына қатынасы. Бірдей температурада тығыздық пен меншікті салмақ сандық жағынан тең, ceбeбi зат салмағы оның массасына пропорционалды болады. ТМД елдеріндегі тығыздықты (d) 200С кезінде анықтау қабылданған. Мұнай өнімдерінің тығыздығы мен температура арасындағы тәуелділік түзу сызықты сипатта болғандықтан, t температура кезіндегі тығыздықты біле отырып, d мына формула бойынша анықтауға болады:

немесе

мұндағы, а - тығыздыққа 10С-қа орташа температуралық түзету. Бұл сыналатын мұнай өнімінің тығыздық; мәніне де, көмірсутектің кұрамына да байланысты болады. Практикада, әдетте а тек тығыздыққа байланысты кесте бойынша табады.

Тығыздықты анықтау мұнайденсиметрлермен (ареометрлермен), Мор-Вестфаль гидростатикалық таразысымен немесе ерекше дәлдірек циклометрлік әдіспен жүргізіледі.

Көптеген мұнайлардың тығыздығы орташа 0,80-нен 0,90-ға дейін ауытқып отырады. Тұтқырлығы жоғары, шайырлы мұнайлардың тығыздығы 1-ге жақын. Мұнайдың тығыздығының мәніне онда epiгeн газдардың болуы, мұнайдың фракциялық құрамы және ондағы шайырлы заттардың мөлшері айтарлықтай әсер етеді. Мұнайдың сатылы фракцияларының тығыздықтары жайлап өседі. Мұнайдың тар фракцияларының тығыздықтары химиялық құрамына да байланысты болады. Мұнайдың орташа фракцияларының (көміртек атомдарының саны бірдей көмірсутектер үшін) әр турлі кластағы өкілдерінің тығыздығы мына тәртіппен артады:

қалыпты алкандар → қалыпты алкендер → изоалкандар → изоалкендер →алкилопентандар → алкилциклогександар → алкилбензолдар →алкилнафталиндер.

Бензиндік фракциялар үшін тығыздық бензол және оның гомологтары жоғарылаған сайын айтарлықтай артады. Мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздығын білу олардың мөлшерін массалық бірлікте өрнектеуге байланысты әр турлі есептеулерге қажет. Кейбір мұнай өнімдері үшін тығыздық сапаның нормаланатын көpceткіші болып табылады, ол сонымен бipгe түрлі құрама тұрактылардың және есептеу формулаларының құрамды бөлігіне кіреді.

Молекулалық масса. Мұнай мен мұнай өнімдерінің молекулалық массаларының тек орташа ғана мәні болады және ол қоспа бөліктерінің құрамы мен сандық арақатынастарына тәуелді болады. Мұнайдың сұйық кемірсутектерінің алғашқы өкілі - пентан, оның молекулалық массасы 72-ге тең. Мұнайдың шайырлы заттарында ол 1500-2000-ға дейін жетеді. Көптеген мұнайлардың орташа молекулалық массалары 250-300 аралығында болады. Мұнай фракцияларының қайнау шектері артқан сайын олардың молекулалық массасы (Морт) 90-нан (50-100 0С) 480-ге дейін (550-6000С фракциялары үшін) жайлап артады.

Жеке мұнай фракцияларының молекулалық массалары аддитивті қасиетті болады. Сондықтан да, мұнай өнімдерінің қоспасы үшін орташа молекулалық массаны, жеке компоненттерінің молекулалық массаларын және олардың қоспадағы мөлшерін біле отырып, есептеуге болады.

Тұтқырлық. Мунайдың және мұнай өнімдерінің тұтқырлығы немесе iшкі үйкелісі химиялық және фракциялық құрамына байланысты болады. Динамикалық және кинематикалық тұтқырлықтар болады.

Әр түрлі кен орындарындағы мұнайлардың кинематикалық тұтқырлығы 200С-та 2-ден 300 мм2/с-қа дейін болады. Алайда, көптеген майлардың орташа алғандағы тұтқырлығы (v20) 40-60 мм2/с-тан артуы сирек болады. Кинематикалық тұтқырлық - мұнайдың майлағыш майларының нeгiзгі физика-химиялық сипаттамасы. Майлағыш майлардың жұмыс температурасындағы гидродинамикалық майлау режимінің жүзеге асыратын қабілеті, яғни құрғақ үйкелуді сұйық үйкелуге айырбастауды қамтамасыз етуі, соның арқасында, материалдың тозуын тоқтатуы тұтқырлыққа байланысты болады. Сондықтан да, машиналар мен механизмнің бeлгiлi 6ip түpiнe тағайындалған майлағыш майлар үшін тұтқырлық (v50 немесе v100) нормаланатын көpceткіш болып табылады.

Динамикалық және кинематикалық тұтқырлықты анықтау калибрленген капиллярлармен жабдықталған арнайы құрылымдағы шыны визкозиметрлерде жүргізіледе. Көптеген мұнай өнімдері үшін металл визкозиметрлерде анықталатын шартты тұтқырлық нормаланады.

Шартты тұтқырлық деп сынау температурасы кезінде сыналатын мұнай өнімінің 200 мл-нің визкозиметрден судың ағу уақытының 200С кезіндегі 200 мл судың ағу уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық - салыстырмалы шама, (ендеше, өлшемсіз) және шартты градуспен өрнектеледі (0ШТ). Тұтқырлықты шартты градуспен анықтау дәлдігі жеткіліксіз.

Мұнай фракциялары үшін олардың молекулалық массасы мен қайнау температуралары артқан сайын тұтқырлығы айтарлықтай өседі. Мысалы, бензиндерін 20 0С-тағы тұтқырлығы шамамен 0,6 мм2/с болса, онда ауыр, epi қалдық майлардың тұтқырлығы (v20) 300-400 мм2/с шамасында болады. Мунайдың жеке компоненттерінің ішінен тұтқырлығы көп болатын шайырлық заттар, көмірсутектер ішінен тұтқырлығы ең азы қалыпты құрылыстағы алкандар (сонымен бipre балқыған парафиндер) болып есептелінеді.

Тұтқырлық шамасына температура да көп есер етеді Төменгі температураларда, ecipece қату температурасына жақын температураларды, көпшілік мұнай өнімдерінің тұтқырлығы күрт артады. Жоғары температурада мұнай өнімдері сұйылады. Көптеген майлар мен басқа да мунай өнімдері кең температуралық аралықты пайдаланатындықтан, тұтқырлықтың температуралық қисығының сипаты олар үшін маңызды салалық сипаттама болып табылады. Бұл қисық неғұрлым жатық болса, онда май сапасы да солғұрлым жоғары болады.

Оталу, тұтану және өздігінен тұтану температуралары.

Белгілі бip ауа мөлшері бар барлық жанғыш заттардың булары бөтен от көзі бар болғанда, оталатын (жарылатын) жарылғыш қоспа тузеді. Жанғыш сұйықтар буларының немесе газдардың концентрациясы бойынша жарылудың төменгі және жоғарғы шeгi болады.

Жарылудың төменгі шeгi жалын апарғанда оталатын жанғыш заттың ауамен қоспасындағы буының минималды концентрациясына сәйкес келеді. Жарылудың жоғарғы шeгi одан әpi қарай ауа құрамындағы оттектің жетіспеуінен оталу болмайтын, жанғыш заттың ауамен қоспасы буының максималды концентрациясына сәйкес келеді. Жарылудың шектері неғұрлым тар болса, онда солғұрлым бұл жанғыш зат қаупсіз болады, керісінше, кең болса, солғұрлым жарылғыш болады. Көптеген көмірсутектердің жарылу шектері үлкен емес. Жарылудың ең кең шектері бірқатар газдарда болады: сутегі (4,0-75%), ацетилен (2,0-81%).

Керосиндердің, майлардың, мазуттардың және басқа да ауыр мұнай өнімдерінің өрт қауптілігі оталу мен тұтану температураларымен бағаланады.

Оталу температурасы деп белгілі бip стандартты жағдайларда қыздырылатын мұнай өнімдерінің булары қоршаған ауамен жарылғыш қоспа түзіп, жалын апарғанда оталатын температураны айтады. Бензиндер мен жеңіл мұнайлардың оталу температурасын анықтағанда жарылудың жоғарғы шегін, ал басқа мұнай өнімдері үшін төменгі шекті анықтау керек.

Оталу температурасы мұнай өнімдерінің фракциялық құрамына байланысты. Мұнай өнімін айдаудың шегі неғұрлым төмен болса, оталу температурасы да солғұрлым төмен болады. Бензиндердің орташа оталу температурасы 300С-тан 400С-қа дейін аралықта, керосиндердің оталу температурасы 30-600С, дизель отындарынің 30-900С және мұнай майларының 130-3200С аралықтарында болады. Оталу температурасы бойынша қандай да бip тауарлық және аралық мұнай өнімдерінің төмен қайнайтын фракцияларындағы қоспалардың бар екені туралы мәлімет береді.

Тұтану температурасы деп белгілі бip жағдайларда қыздырылған мұнай өнімінің жалын апарғанда жана бастап және 5 с қана жанатын температураны айтады. Тұтану температурасы әрқашанда оталу температурасынан жоғары болатыны тусінікті. Мұнай өнімі неғұрлым ауырлау болса, ол температуралардың айырмашылығы көбірек болады да, оның шегі 500С-қа дейін жетеді. Май құрамында ұшқыш қоспалар болатын болса, кepiciнше, ол температуралар бip-бipiмeн жақын болады.

Өздігінен тұтану деп қыздырылған мұнай өнімі ауамен жанасқанда жалынның сыртқы көзінсіз-ақ өздігінен тұтанатын температураны айтады. Мұнай өнімдерінің өздігінен тұтану температурасы фракциялык құрамға және қандай да бip көмірсутектер класының басымдылығына тәуелді болады. Мұнай фракцияларының қайнау шегі неғұрлым төмен болса, яғни ол неғұрлым жеңіл болса, солғұрлым өздігінен тұтану тұрғысынан қaуіптілігі аз болады, өйткені мұнай өнімінің орташа молекулалық массасы артқан сайын өздігінен тұтану температурасы азаяды. Ауыр мұнай қалдықтары 300-3500С-та өздігінен тұтанады, ал бензиндер тек 5000С-тан жоғары температурада өздігінен тұтанады.

От немесе ұшқын болғанда, мысалы статикалық электр жарығының жинакталу нәтижесінде, жағдай күрт өзгеpeдi. Жеңіл мұнай өнімдері өрт қayiпті және жарылыс қayiпті болады.

Құрылыстары әр түрлі, бipaқ молекулалық массалары бірдей көмірсутектер өздігінен тұтану температурасы бойынша бip-бipiнен күшті ерекшеленеді. Ең жоғарғы тұтану температуралары ароматты көмірсутектерге тен болады.

Қату температурасы. Мұнай мен мұнай өнімдерінің бip агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өтуінің белгілі біp температурасы болмайды. Температура төмендегенде бұл күрделі қоспаның компоненттерінің бip бөлігі біртіндеп аса тұтқыр және ақ қозғалатын болып калады, ал epiгeн катты көмірсутектер тұнба немесе кристалдар түрінде бөлінуі мүмкін. Бұл құбылыс тауарлық-тасымалдау операцияларын және төменгі температураларда мұнайды (мұнай өнімдерін) пайдалануды күрделендіреді.

Қату температурасы физикалық тұрақты шама болып саналмайды, бipaқ белгілі бip төменгі температуралар аймағында мұнайдың (мұнай өнімінің) мүмкін болатын аққыштығының жоғалуын сипаттайды. Мұнай өнімінің қату температурасын арттыратын негізгі фактор - оларда парафиндер мен церезиндердің болуы. Парафиндердің мөлшері неғұрлым көп болса, қату температурасы солғұрлым жоғары болады.

2-ТАРАУ