
- •Мұнай өңдеу мен мұнай химияның алдынғы қатарлы процестері
- •Мұнай мен газ туралы жалпы tycihik
- •1.1. Мұнай мен газдың әлемдік қоры. Қазақстанның негізгі мұнай-газды аймақтары
- •1.2. Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері
- •1.2.1. Литосфераның may жыныстары
- •1.3. Мұнай және газ кен орындарының геофизикалық сипаттамалары
- •1.3.1. Тау жыныстарының кеуектілігі мен өmiмділігі
- •1.3.3. Мұнай мен газ кен орындары
- •1.4. Мұнай мен газдың физикальқ касиеттері
- •Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
- •2.1. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері
- •2.2. Бұрғылау қашаулары
- •2.3. Бұрғылау бағанасы
- •2.4.5. Жуғыш сұйықтарды дайындау және тазалау
- •2.6. Tiк және көлбеу ұңғымалар
- •2.7. Шеген бағана элементтері. Шеген бағананың жұмыс icтey жағдайлары. Шеген бағаналарды цементтеу
- •2.8. Ұңғымаларды бітіру
- •2.10. Бұрғылау қондырғылары
- •3 Тарау мұнай мен газды өндіру
- •3.1. Мунай және газ шогырларына эсер ететш к;аттык энергия мен куштер
- •3.3. Мунай және газ кен орындарын ендеудщ гидро жане газдинамикальщ непздер1
- •3.4.2. Мцнай кен орындарын цазу
- •3.4.6. Цаттардыц мцнайбергЬштиЫ жэне газбергЬштшн арттыру adicmepi
- •3.5. Мунай және газ уцгымаларын пайдалану тэс1лдер1
- •3.6.2. Механикалыц adicmep
- •3.7. Уцгымаларды жерасты жендеу
- •3.9. Мунай ецщру кез1ндеп туз шегшдшер1мен курес
- •4.1. Мунайды кубырлармен тасымалдау
- •4.2. Жогары туткырлы мунайды ещцру мен тасымалдау кез1ндеп асфальт-шайырлы жэне парафищц шепндшермен курес
- •1. Мунайды енд1ру мен тасымалдауда туындайтын экологиялык меселелер және оларды шешудщ жолдарі.
- •2. Табиги газды енд1ру мен тасымалдауда туындайтын экологиялык меселелер мен оларды шешудщ жолдары.
- •1. Мунайларды классификациялаудын, кандай турлер1 бар және олар неге нейзделген?
- •2. Мунайдыц н ей зй фракцияларыныц сипаттамасы мен цолданылуы.
- •3. Мунайдыц химиялык курамы. Мунайдыц органикалык, гетероорганикалык және бейорганикалык косылыстарыныц нейзй кластарын атап ейщз.
- •1. Мунайды eHflipicTiK ендеудщ тур л epi.
- •2. Мацызды мунай ешмдершщ сипаттамасы мен колда-
1.3.1. Тау жыныстарының кеуектілігі мен өmiмділігі
Тау жыныстарындағы барлық қуыстардың (кеуектер, жарықшақтар, сызаттар) жиынтық көлемді абсолюттік немесе теориялык кеуектілік деп аталады.
Жыныстағы барлық қуыстардың жиынтық келемі жынысты құрайтын бөлшектердің формасына, олардың өзара орналасу сипатына және цементтеуші заттардың болуына байланысты.
Тау жынысында, әдетте барлық кеуектер бip-бipiмен байланыса бермейді. Жыныстағы бip-бipiмен өзара байланысатын кеуектердің көлемі тиімді кеуектілік деп аталады.
Әдетте тау жынысындағы ашық кеуектер сумен, мұнаймен немесе газбен қанығып тұрады, ал сол учаскедегі оқшауланған кеуектерде басқа да заттар болуы мумкін. Сумен, мұнаймен немесе газбен толған жыныстағы барлық қуыстардың жалпы көлемінің, жыныстағы барлық қуыстардың жиынтық қeлeмiнe қатынасы қанығу коэффициенті деп аталады.
Кеуектердің мұнаймен, сумен және газбен қанығуы және газдардың кеуекті арналармен қозғалысы кеуектің шамасына байланысты. Диаметрі үлкен кеуекке сұйық оңай енеді; ауырлық күші әсерінен ол кеуекті арналар бойымен біршама қашықтыққа дейін қозғалады. Kіші диаметрлі кеуектерге (капиллярлы кеуектер) сұйык ену үшін үлкен қысым қажет. Бұл жағдайдағы сұйыктың кеуекті арна бойымен қозғалуы өте қиын болады.
Жыныстың кысымның өзгерулері кезінде сұйық пен газды өткізу қабілеті өтімділік деп аталады. Өтімділігі жақсы және өтімділігі нашар жыныстар бар. Абсолютті өткізбейтін жыныстар болмайды.
Өтімділігі жақсы жыныстарға құмдар, борпылдақ құмдақтар, кавернозды және жарықшақты әктастар жатады; нашар өткізетіп жыныстарға саздар, гипстер, ангидриттер, тақтатастар, сазды әктастар, құмдақтар және сазды цементті конгломераттар жатады.
Сұйық пен газдар ене алатын және олардың сыятын орны бола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстары коллекторлар деп аталады.
Тау жыныстарының мұнай мен газға қатысты өтімділігі олардың маңызды қасиеттері болып табылады. Мұнай мен газ коллектор - тау жыныстары, яғни мұнай мен газдың кендері бар жыныстар және ұңғымаларында мұнай мен газдың өнеркәсіптік ағынын бере алатын қаттар, айтарлықтай жоғары өтімділігі бар жыныстар ғана бола алады. Жоғары жалпы кеуектілігі бар жыныстар (мысалы, саздар) ic жүзінде өткізбейтін болуы мүмкін, сондықтан да коллекторлар бола алмайды. Өте тығыз, бірақ жарықшақты жыныстар (әктастар, метаморфтық тақтатастар) болмашы жалпы кеуектілік кезінде өтімділігі жоғары болуы мүмкін және жоғары дебитті өнімді горизонттар бере алады.
1.3.3. Мұнай мен газ кен орындары
Мұнай мен газ кен орындары деп жер қыртысының бip ауданында болатын, бip топтағы шоғырлардың (мысалы, күмбезді қаттық немесе массивті, т.б.) жиынтығын айтуға болады.
Бұл келтірілген аныктама белгілі бip шарттылықтан және жалпыламалықтан тұратындықтан, түсініктеме беруді кажет етеді. Шарттылығы сол, мұнай мен газ өзінің түзілу орнында ешқашанда жатпайды. Сондықтан "кен орны" терминін мұнай мен газдың пайда болған жері деп емес, бұл пайдалы қазбалардың миграциялануы нәтижесінде түскен тұтқыштардың жататын орны деп түсіну қажет.
Жалпыламалығы сол, мұнай мен газ кен орны бip шоғырдан бірнеше ондаған шоғырлардан тұруы мумкін. Егер мұнай мен газдың қорларын есептегенде, оны өндіру тиімді болғанда ғана жеке шоғыр кен орны болып саналады. Бірнеше шоғырлар бip кен орнына кipyi мүмкін, егер олар мұнай мен газды іздеу, барлау және ендіруді уйымдастыруда ортақтық болатын бip типті құрылымдармен сипатталатын болған жагдайда ғана кipeдi.
Алайда, кен орны шекараларын әрқашан құрылым типін ecкepiп қана аныктауға болмайды. Кейде ipi құрылым, мұнай мен газдың бірнеше кен орындары бар, бүтіндей мұнай-газ жиналу зонасын сипаттайды. Мұндай зонаның мысалы ретіпде құрылымның бip типі - моноклинмен сипатталатын шөгінді тау жыныстарының жатысын қарастыруға болады. Бipaқ моноклин өзінің бойында түpлi текті экранданған шоғырлары болуы мүмкін. Бұл жағдайда, пайдалы казбаны барлау мен өндіру жұмыстарын әр түрлі тәсілмен ұйымдастыруды қажет ететін, мұнай мен газдың бірнеше жекеленген шоғырларының түзілу мүмкіндігі бар. Соның нәтижесінде, мұнай-газ жиналуының зонасы болып табылатын, бүтіндей моноклиндік құрылым, территориялық белгілері бойынша бірнеше кен орындарына бөлінеді. Сондықтан "мұнай мен газ кен орны" ұғымын анықтау кезінде, тек құрылым типі ғана емес, оған қоса бip аудандағы жер қыртысы қойнауындағы шоғырлардың таралуы жөнінде де айтылады.
Жер қыртысында eкi нeгізгі геологиялық құрылымдар - геосинклиндер мен платформалардың болуы - мұнай мен газ кен орындарының eкi негізгі класқа бөлінyiн алдын ала анықтайды:
I класс - геосинклинді (қатпарлы) аймақтарда қалыптасқан кен орындары;
II класс - платформалы аймақтарда қалыптаскан кен орындары.
I кластың өзіндік өкілдері - Солтүстік Кавказ және Кавказдық жотаның оңтүстік-шығыс бөлігінің кен орындары, сонымен қатар Қырым, Шығыс Карпат, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Сахалин аралдарының кен орындары. Батыс Cібірде, Еділ мен Жайық аралығында орналасқан мұнай мен газдың барлық кен орындары II класс кен орындарына жатады.