- •Мұнай өңдеу мен мұнай химияның алдынғы қатарлы процестері
- •Мұнай мен газ туралы жалпы tycihik
- •1.1. Мұнай мен газдың әлемдік қоры. Қазақстанның негізгі мұнай-газды аймақтары
- •1.2. Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері
- •1.2.1. Литосфераның may жыныстары
- •1.3. Мұнай және газ кен орындарының геофизикалық сипаттамалары
- •1.3.1. Тау жыныстарының кеуектілігі мен өmiмділігі
- •1.3.3. Мұнай мен газ кен орындары
- •1.4. Мұнай мен газдың физикальқ касиеттері
- •Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
- •2.1. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері
- •2.2. Бұрғылау қашаулары
- •2.3. Бұрғылау бағанасы
- •2.4.5. Жуғыш сұйықтарды дайындау және тазалау
- •2.6. Tiк және көлбеу ұңғымалар
- •2.7. Шеген бағана элементтері. Шеген бағананың жұмыс icтey жағдайлары. Шеген бағаналарды цементтеу
- •2.8. Ұңғымаларды бітіру
- •2.10. Бұрғылау қондырғылары
- •3 Тарау мұнай мен газды өндіру
- •3.1. Мунай және газ шогырларына эсер ететш к;аттык энергия мен куштер
- •3.3. Мунай және газ кен орындарын ендеудщ гидро жане газдинамикальщ непздер1
- •3.4.2. Мцнай кен орындарын цазу
- •3.4.6. Цаттардыц мцнайбергЬштиЫ жэне газбергЬштшн арттыру adicmepi
- •3.5. Мунай және газ уцгымаларын пайдалану тэс1лдер1
- •3.6.2. Механикалыц adicmep
- •3.7. Уцгымаларды жерасты жендеу
- •3.9. Мунай ецщру кез1ндеп туз шегшдшер1мен курес
- •4.1. Мунайды кубырлармен тасымалдау
- •4.2. Жогары туткырлы мунайды ещцру мен тасымалдау кез1ндеп асфальт-шайырлы жэне парафищц шепндшермен курес
- •1. Мунайды енд1ру мен тасымалдауда туындайтын экологиялык меселелер және оларды шешудщ жолдарі.
- •2. Табиги газды енд1ру мен тасымалдауда туындайтын экологиялык меселелер мен оларды шешудщ жолдары.
- •1. Мунайларды классификациялаудын, кандай турлер1 бар және олар неге нейзделген?
- •2. Мунайдыц н ей зй фракцияларыныц сипаттамасы мен цолданылуы.
- •3. Мунайдыц химиялык курамы. Мунайдыц органикалык, гетероорганикалык және бейорганикалык косылыстарыныц нейзй кластарын атап ейщз.
- •1. Мунайды eHflipicTiK ендеудщ тур л epi.
- •2. Мацызды мунай ешмдершщ сипаттамасы мен колда-
1.2. Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері
1.2.1. Литосфераның may жыныстары
Жер бірнеше қабаттардан тұрады деп есептелінеді: литосферадан - сыртқы қатты қалындығы 50-70 км-ге дейін; мантиядан (аралық 2850-2900 км-гe дейін тереңдіктегі); ядродан (2900-6380 км тереңдікте). Қабаттардың химиялық құрамы, физикалық күйі және қасиеттері әр турлі.
Жер қыртысы деп аталатын литосфера басқа қабаттармен салыстырғанда көп дәрежеде зерттелген; ол маңызды құрамды бөліктері минералдар болып келетіп тау жыныстарынан құралған.
Минералдар - жер қыртысында жүретіп физика-химиялық үдерістердің нәтижесінде түзілетіп химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері шамамен біртектес болатын табиғи заттар.
Тау жыныстары - жер қыртысын құрайтын, өздігінше геологиялық денелер түзетіп, айтарлықтай тұрақты минералогиялық және химиялық құрамы болатын минералдық агрегаттар. Жаратылысы бойынша олар үш топқа бөлінеді: магмалық немесе атқыланған, шөгінді және метаморфтық немесе түрөзгерген.
Атқыланған жыныстар негізінен кристалдық құрылыстағы, жер бетіпде немесе жер қыртысының қойнауында магма деп аталатын силикаттық балқымалардың суу нәтижесінде түзіледі. Атқыланатын жыныстардың кәдімгі өкілдері - базальттар, граниттер. Бұл жыныстарда жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары болмайды.
Шөгінді тау жыныстары органикалық және бейорганикалық заттардың су бассейндерінің түбінде және материктердің бетіпде шегу нәтижесінде тузілген. Атқыланған жыныстардың, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының, қалдықтарының су мен желдің әсерінен ұнтақталған ұсақ бөлшектері шөге отырып, біртіндеп тұздар мен қаттар түзді. Бұл жыныстар түзілу тәсілі бойынша сынық (механикалық шөгінділер), органикалық, химиялық және аралас шығу текті жыныстар болып бөлінеді.
Сынық жыныстар бузылған жыныстардың майда бөлшектерінің бұзылу, тасымалдану және шөгу нәтижесінде пайда болған. Сынық жыныстардың типтік өкілдері - қойтастар, малтатастар, гравийлер, құмдар, құмтастар, саздар, сазтастар және сазды тақтатастар.
Химиялық шығу текті жыныстар сулы ерітінділерден тұздардың шөгуінен немесе жер қыртысында болатын химиялық реакциялардың нәтижесінде тузілген. Олар мынадай топтарға бөлінеді: карбонаттық (оолиттік әктастар, әктасты туфтар, доломиттер), кремнийлік (кремнийлік туфтар), темірлік (қоңыр теміртастар, темірлі оолиттер), галоидты тұздар (тас тұзы), күкіртқышқылдық тұздар (ангидрит, гипс).
Органикалық шығу текті жыныстар жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының әр түрлі дәрежедегі қалдықтары болып табылады. Ең көп тараған органогенді жыныстар: әктастар, бор, трепел және каустобиолиттер.
Аралас шығу текті жыныстар сынық, органикалық және химиялық шығу текті жыныстардың материалдарынан құралған. Мұндай жыныстарға мергельдер, сазды әктастар, құмды әктастар жатады.
1.3. Мұнай және газ кен орындарының геофизикалық сипаттамалары
Қaзіpгi кезде мұнай мен газдың жер қыртысындағы орны, көптеген майда өзара байланысты қуыстары бар шөгінді тау жыныстары екендігі дәлелденді.
Мұнай (газ) ұстайтын табиғи резервуарлардың (коллекторлардың) нeгiзгi қасиеттерді - олардың кеуектілігі, өтімділігі, тұрақтылығы (қамал) және серпімділігі.
