- •Мұнай өңдеу мен мұнай химияның алдынғы қатарлы процестері
- •Мұнай мен газ туралы жалпы tycihik
- •1.1. Мұнай мен газдың әлемдік қоры. Қазақстанның негізгі мұнай-газды аймақтары
- •1.2. Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері
- •1.2.1. Литосфераның may жыныстары
- •1.3. Мұнай және газ кен орындарының геофизикалық сипаттамалары
- •1.3.1. Тау жыныстарының кеуектілігі мен өmiмділігі
- •1.3.3. Мұнай мен газ кен орындары
- •1.4. Мұнай мен газдың физикальқ касиеттері
- •Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
- •2.1. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері
- •2.2. Бұрғылау қашаулары
- •2.3. Бұрғылау бағанасы
- •2.4.5. Жуғыш сұйықтарды дайындау және тазалау
- •2.6. Tiк және көлбеу ұңғымалар
- •2.7. Шеген бағана элементтері. Шеген бағананың жұмыс icтey жағдайлары. Шеген бағаналарды цементтеу
- •2.8. Ұңғымаларды бітіру
- •2.10. Бұрғылау қондырғылары
- •3 Тарау мұнай мен газды өндіру
- •3.1. Мунай және газ шогырларына эсер ететш к;аттык энергия мен куштер
- •3.3. Мунай және газ кен орындарын ендеудщ гидро жане газдинамикальщ непздер1
- •3.4.2. Мцнай кен орындарын цазу
- •3.4.6. Цаттардыц мцнайбергЬштиЫ жэне газбергЬштшн арттыру adicmepi
- •3.5. Мунай және газ уцгымаларын пайдалану тэс1лдер1
- •3.6.2. Механикалыц adicmep
- •3.7. Уцгымаларды жерасты жендеу
- •3.9. Мунай ецщру кез1ндеп туз шегшдшер1мен курес
- •4.1. Мунайды кубырлармен тасымалдау
- •4.2. Жогары туткырлы мунайды ещцру мен тасымалдау кез1ндеп асфальт-шайырлы жэне парафищц шепндшермен курес
- •1. Мунайды енд1ру мен тасымалдауда туындайтын экологиялык меселелер және оларды шешудщ жолдарі.
- •2. Табиги газды енд1ру мен тасымалдауда туындайтын экологиялык меселелер мен оларды шешудщ жолдары.
- •1. Мунайларды классификациялаудын, кандай турлер1 бар және олар неге нейзделген?
- •2. Мунайдыц н ей зй фракцияларыныц сипаттамасы мен цолданылуы.
- •3. Мунайдыц химиялык курамы. Мунайдыц органикалык, гетероорганикалык және бейорганикалык косылыстарыныц нейзй кластарын атап ейщз.
- •1. Мунайды eHflipicTiK ендеудщ тур л epi.
- •2. Мацызды мунай ешмдершщ сипаттамасы мен колда-
2.10. Бұрғылау қондырғылары
Мұнай мен газ ұңғымаларын әр түрлі геологиялық және климаттық жағдайларда бірнеше жүзден бірнеше мың метрге дейінгі тереңдікте бұрғылайды. Бұрғылау қондырғыларының бірнеше типтері бар.
Бұрғылау қондырғысының негізгі параметрі - бұрғылау тереңдігі, ол ұңғыманың құрылымын, бұрғылау және энергетикалық жабдықтарды анықтайды.
Бұрғылау қондырғысының ілгегіндегі номиналды жүктеме бұрғылау және шеген бағаналарды түсіру және көтеру кезінде пайда болатын жүктемені анықтайтын ұңғыма қүрылымына байланысты болады. Бұрғылау бағанасының салмағы, әдетте белгілі бір аралықты бұрғылап бітіргеннен кейін түсірілетіп шеген бағанасының салмағынан артық болатындықтан, бұрғылау қондырғысының ілгегіндегі номиналды жүктеме бұрғылау бағанасының салмағына сәйкес болуы керек. Алайда, шеген бағананың салмағы бұрғылау бағананың салмағынан артық болатын жағдай да болуы мүмкін, ондағы соңғының созылуы және ұсталып қалуына байланысты бұрғылау қондырғысының ілгегіне рұқсат етілетін жүктеме бұрғылау бағанасының салмағынан артық болуы керек.
Сондықтан ұңғыманың және бұрғылау құбырларының белгілі бір диаметрлерінде және соңғысының белгілі бір массасында бұрғылау қондырғылары ілгекке рұқсат етілетін максималды жүктемемен сипатталады. Бұрғылау қондырғысының көрсетілген параметрлері шығыр жетегінің және бұрғылау сорғысының қажетті қуаттылығымен анықтайды.
Барлау және пайдалану терең бұрғылау үшін 1 м бұрғылау бағанасының салмағы 30 кг болғанда, тереңдігі 2000, 2500, 3000, 4000, 5000, 6500, 8000 және 10 000 м-ге дейін болатын ұңғыманы бұрғылай алатын бұрғылау қондырғыларын шығару қарастырылған. Бұл көрсетілген бұрғылау қондырғыларының ілгекке рұқсат етілетін максималды жүктемесі оларға сөйкес 1,2; 1,4; 1,7; 2,0; 2,5; 3,2; 4,0; 5,0 МН болады.
Барлық бұрғылау қондырғылары бір типті, бірақ өздерінің сипаттамалары бойынша әр түрлі бұрғылау және энергетикалық құрал-жабдыңтар болып табылады.
28-суретте тереңдігі 2500 м-ге дейінгі барлау және пайдалану ұңғымаларын бұрғылағанда кең қолданылатын бұрғылау қондырғысының жалпы көрінісі берілген. Бұл қондырғы мынадай негізгі түйіндерден тұрады: ротор (12), белдік жүйесі бар шығыр (6), сорғыштар (9) және мұнара (1). Шығырды және сорғыштарды іске қосатын іштен жанатын қозғалтқыштар пайдаланылады. Бұрғылау қондырғысының жиынтығына қосарланған дірілдеткіш елеуіштен, науалардың жуғыш сұйықтыққа арналған қабылдау сыйымдылықтардан, қадаушасы бар айдайтын құбырлардан тұратын циркуляциялық жүйе кіреді.
Бұрғылау бағананы түсіру және көтеру, шеген бағананы түсіру, қашауды қосу үшін және бұрғылау мен шеген бағаналарды бұрау және бұрандаларын босату үшін шығыр (6), кронблок (2), белдік блок (3), ілгек (4) және белдік арқаннан тұратын полиспастық жүйе қызмет етеді.
Көтеру механизмін орналастыруды және бұрғылау бағанасының шамдарын қондыруды А тәрізді құрылымы бар мұнарада (1) жүргізеді. Бұрғылау бағанасын айналдыру (роторлық бұрғылау), бұрғылау бағанасын периодты түрде бұрып тұру (турбиндік және әлектробұрғымен бұрғылауда), түсіру-кетеру жұмыстары кезінде бұрғылау бағанасын іліп қою және ұңғымаға оны түсіргенде шеген бағананы іліп қою қызметтерін ротор (12) атқарады. Ұңғыманы жуу екі бұрғылау сорғыштарымен (9) жүзеге асады. ІІІығыр, ротор және сорғыштардың жетектерін қосу екі жұпталған дизельмен (7) жүзеге асады.
Екі қозғалтқыштың қуаттылығы ұңғыманы бұрғылау роторлық тәсілмен жүргізілгенде екі сорғыш, роторды қосуға жеткілікті және түсіру-кетеру жұмыстары жүргізілгенде шығырды қосуға толық жетеді.
Бұрғылау қондырғысы механизмдердің жиынтығы болып табылады, олардың негізгі бөлігі металдық негіздемеге бекітілген, ол қондырғыны бір нүктеден басқа нүктеге дейін жиналған түрінде көтерілген мұнара және оған бекітілген бұрғылау және энергетикалық құрал-жабдықтармен бірге жеткізілуге мүмкіндік береді. Қондырғы механизмдері және бұрғылау бригадасын жел мен атмосфералық жауын-шашыннан қорғау мақсатында тақтайлармен немесе басқа материалдармен қалқандалып тігілдіру немесе резеңкеленген матамен жабылу үшін металдық қаңқамен (каркас) жабдықталады.
27-сурет. Бұрғылау қондырғысы:
1 - мұнара; 2 - кронблок; 3 - белдік блок; 4 - ілгек; 5 - вертлюг; 6 – шығыр; 7 - дизельдер; 8 - редуктор; 9 - бұрғылау сорғысы; 10 - сорғылардың қабылдағыш сыйымдылықтары; 11 - пневматикалық басқару; 12 - ротор
Бақылау сұрақтары : .
Ұңғымаларды бұрғылаудың қандай тәсілдері болады? Бұрғылау қашаулары мен бұрғылау бағанасы не үшін қолданылады және олар қандай элементтерден құралады?
Ұңғымаларды жуу және үрлеу не үшін қолданылады?
Бұрғылау режимі дегеніміз не?
ІІІеген бағананың элементтері және оның жұмыс іетеу жағдайлары.
Бұрғылау қоңдырғыларының әлементтері және олардың жұмыс істеу жағдайлары.
