- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
3. Жолдың көлденең профилі.
Жол орналасқан, қосымша ғимараттар мен қызмет үйлері салынған, әсемдік және қар тоқтатқыш егістер орналасқан жергілікті жер алқабы жолдық алқап деп аталады.
Автомобиль қозғалысы үшін мүмкінді бойлық еңістікке келтіріліп жасанды түрде тегістелген және су ағызғыш жүйемен қамтамасыз етілген жер алқабын жер төсемі деп атайды.
Жер төсемінің құрамына мыналар жатады:
- жүргінші бөлік- автомобильдер қозғалысы өтетін негізгі алқап;
- жол жағасы- жүргінші бөліктің екі жағындағы топырақты немесе төсемнің жеңілдетілген түрімен қатайтылған алқаптар;
- жол жанындағы арықтар – жолдан суды ағызып жіберу және жер төсемін құрғату үшін қызмет етеді.
Арықтың ішкі құмды бетімен жол жағасының қиылысу сызығы жол жиегі деп аталады.
Жер төсемінің екі жағында орналасқан жолдық алқаптың бір бөлігі кесінді деп аталады. Онда жолды әсемдеу үшін және оны қар басып қалудан сақтау үшін жасыл егістер орналастырады.
Қоршаған маңайға тиісті жүргінші бөліктің орналасуына байланысты жер төсемін үйінді немесе ойма үстіне орналастырады.
Егер үйінді биік болмаса (0,6м төмен болса) және оны салу үшін жолдың екі жағындағы арықтардан шыққан топырақ жететін болса, онда жол нөлдік белгілерде орналасқан деп аталады.
Егер үйінді биік болса, онда оны салу үшін жақын маңайдағы оймадан шыққан топырақ қолданылады немесе жолдан тысқары жерлерде орналасқан топырақтың қазба орындарындағы топырақ әкелінеді.
Жеке жағдайларда жер пайдаланушылардың келісіміне сәйкес жол маңайында онша терең емес шұңқырлар қазылып, одан шыққан топырақ биік үйінділерді құруға жұмсалады, мұндай шұңқырлар қорлар деп аталады.
Қор жиегі мен үйінді құлдиының табаны арасындағы жер алқабын берма деп атайды.
Құлдилардың тіктігі олардың салыну коэффиценттерімен сипатталады. Салыну коэффиценттері қатынас түрінде көрсетіледі. Коэффиценті 1:1 болатын құлди бірлік, 1:1,5- бір жарымдық, 1:3- үштік деп аталады.
Оймалардан шыққан және жол бойымен жақын маңайда орналасқан үйінділерге тасымалданбаған топырақ жол кесінділерінің үстіне созыла үйіледі. Бірақ жолды дұрыс жобаласа оймалардан шыққан барлық топырақ үйінділерді салуға жұмсалады.
Қалалар және елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелерінде жолдың көлденең профильдері өзгереді. Жаяу адамдардың қозғалысы үшін тротуарлар салынады. Олар жүргінші бөліктен жасыл егіс алқабы арқылы бөлінеді.
Қалалардың көше астында инженерлік-санитарлық электр тогының сымдары, су өткізетін құбырлар, газ тасымалдайтын құбырлар, канализациялар, т.б. орналасады.
Велосипедтердің қозғалысы қарқынды болғанда (250 және одан да көп велосипедтер, тәулігіне) қозғалыс қарқындылығы 2000 авт/тәу. жететін жолдардың қатарынан ені 1,5- 2,5м болатын, суға шыдамды қатты төсемі бар велосипед жолдары салынады.
Жолдың көлденең профилі элементтеріне мыналар жатады: арықтың сыртқы құлдиы; жол өсі; жүргінші бөліктің шеті; үйінді жиегі; жол жағасы; жүргінші бөлік.
4. Жолдағы бойлық еңістік.
Автомобильдің кез келген түрі өте алатын ең үлкен бойлық еңістікті автомобиль теориясының заңдылық негіздері арқылы құрылған динамикалық сипаттаманың графиктері арқылы есептеуге болады. Бірақ, мұндай есептеулер нәтижесінде жолдардағы бойлық еңістікті жобалауға болмайды.
Өйткені, динамикалық сипаттамалар графигі - карбюраторлық моторларда дроссельдік жапқыш толық ашылғанда немесе дизельдік моторларда жанармай насосы толық жібергенде жаңа автомобиль дамыта алатын тарту күшінің ең жоғарғы мәніне негізделген. Әдеттегі пайдалану жағдайында автомобильдер жол бойында онша жоғары емес күштену тәртібімен жүреді. Жолдармен әр түрлі жүктену дәрежелері бар әр түрлі автомобильдер қозғалады. Жалпы қозғалыс ағынында бір түрлі автомобильдердің техникалық жағдайы да бірдей емес. Жөндеуді керек ететін автомобильдердің моторларының нақты қуаты жаңа автомобильдерге қарағанда 10-20% төмен. Сондықтан динамикалық сипаттамалар арқылы жол бойындағы бойлық еңістікті нормалау тек бір түрлі автомобильдер шоғырланған жерлерде, мысалы, карьерлерде, құрылыс алаңдарында, т.б. жерлерде қоданылады.
Жолдың төмен бойлық еңістігі бар учаскелерінде мотордың толық қуатын пайдаланып қозғалғанда автомобиль жылдамдығы өте жоғары болады да, қозғалыс қауіпті болады. Жолдың бойлық еңістігі бар учаскелерін бақылау нәтижесінде көптеген жүргізушілердің бойлық еңістіктің шамасына байланысты төмендегідей дроссельдік жапқыштың ашылу дәрежесін қабылдайтыны байқалған:
2
-кесте
Бойлық еңістік пен жапқыштың ашылу дәрежесі
Еңістік, %0 |
0-20 |
20-40 |
40-70 |
|
Жапқыштың ашылу дәрежесі, % |
40 |
50-60 |
60-85 |
100 |
Сондықтан жол бойындағы бойлық еңістігі бар учаскелермен қозғалғандығы автомобильдердің жылдамдығын есептеу үшін еңістіктің шамасына байланысты дроссельдік жапқыштың ашылу дәр,ежесіне лайықты динамикалық сипаттамалар графигін қолдану қажет.
Жолдарды жобалағанда шекті мүмкінді бойлық еңістіктердің төмендегідей мәндерін қабылдайды:
3-кесте
Шекті еңістік шамалары
Жол категориясы |
I |
II |
III |
IV |
V |
Бойлық еңістік, %0 |
30 |
40 |
50 |
60 |
70 |
Әдебиет: [1; 2; 3; 4; 5; 6]
3-дәріс
Тақырыбы: Су ағызғыш және су өткізгіш құрылыстар
