- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
Автомобиль паркін пайдалану бір тәуліктің әр түрлі уақытында, аптаның әр түрлі тәулігінде әр түрлі дәрежедегі жұмыс басымдылығымен, әрбір маршруттар бойынша тасымалдаумен тығыз байланыста болады. Автомобильдер жолдың бір бөлек учаскесінде, бір бағытта әр-түрлі жылдамдықтармен келе жатып, көліктік ағын құрайды - бұл жолдың бір немесе бірнеше бөліктерінде, бір бағытта, бірінің артынан бірі келе жатқан, алдыңғы автомобильдің жылдамдығы өзгергенде оның артында келе жатқан автомобильдің қозғалыс ретіне әсер ететін ара қашықтықтағы автомобильдер қатары.
Жол бойындағы қозғалыстың негізгі сипаттамасына уақыттың (тәулік, сағат) қандай да бір бөлігінде жолдың кейбір қимасы арқылы өтетін көлік құралдарының жалпы саны алынады, бұл қозғалыс қарқындылығы деп аталады.
Жолдың әр түрлі учаскесінде қарқындылық бірдей емес, әсіресе ол халық тұратын орындардың маңайында көбейеді. Ол бір тәулік ішінде және аптаның күндері өткен сайын өзгеріп тұрады, түнгі уақытта төмендеп кетеді.
Жол қозғалысының басымдылығы кейбір күндер мен сағаттарда байқалатын ең жоғарғы қарқындылықпен емес, орташа-жылдық (күндік) тәуліктік қарқындылық деп аталатын бір жылғы орташа мәнімен анықталып, бағаланады. Маусымдық тасымалдау кездерінде орташа-жылдық қарқындылықты ескере отырып есептеу осы кезеңдердің жауапты жұмыс күндерінде жол бойымен қозғалу жағдайларын қиындатады. Мұндай жолдарды қозғалыстың екі бағыттағы ең үлкен сағаттық қарқындылығы есептеледі немесе орташа-жылдық қарқындылық түзету коэффициентіне көбейтіледі.
Әдетте жолдың жұмыс істеу жағдайларын бағалағанда қозғалыс қарқындылығы өткен автомобильдердің нақты санымен көрсетіледі, мұнда автомобильдің әр түрлі типке бөлінетіні ескерілмейді. Мұндай есептеуде үлкен шарттылық бар, өйткені жол үстімен ауыр тіркемелері бар бірнеше автопоездардың және олардың санына тең жеңіл автомобильдердің өтуі жол төсеміне бірдей әсер етпейді.
Сондықтан жол өткізе алатын автомобильдер санын сипаттау үшін жеңіл автомобильдер саналады, басқа жүк автомобильдері, автобустар және автопоездар саны келтіру коэффициентіне көбейтіліп, жеңіл автомобильдер түріне келтіріледі.
Келтіру коэффициентінің мәндері:
Жеңіл автомобильдер.................................1,0
Мотоциклдер...............................................0,5
Жүк автомобильдері, автобустар..............1,5-4,5
Автопоездар................................................3,0-6,0
Автомобиль жолдарын жобалау және оларды пайдалану есептерін шешу үшін басқа әр-түрлі жол сипаттамалары қолданылады.
Өндірістік кәсіпорындардың жолдарында жеңіл автомобильдердің қозғалысы аз, сондықтан көліктік ағын жүк басымдылығымен – жыл ішінде тасылатын жүктердің салмағымен (тонна) сипатталады.
Жол бойындағы қозғалыстың нақты қарқындылығы маршруттың сипатты учаскелерінде жылдың әр мезгілдері мен тәуліктің әр түрлі сағаттарында өткізілетін байқаулар арқылы саналады.
Жаңа жолдарды жобалау осы жобаны дайындау аяқталғаннан кейін 20 жылдан соң қалыптасатын қозғалыс қарқындылығының есебімен жүргізіледі.
Автомобильдер ағынының сипаттамасына қозғалыстың орташа жылдамдығы да жатады. Аз қарқындылық болғанда кейбір автомобильдер толық көлемде өздерінің динамикалық сапаларын жүзеге асыра алады, ал қарқындылық өскенде автомобильдердің өзара бір-біріне әсер етуі пайда болады, мұның нәтижесінде көлік ағынының кейбір орташа жылдамдығы қалыптасады. Бұл жылдамдық жолдың өткізу қабілетінің сипаттамасы болып табылады, яғни уақыт бірлігінде жол бойымен өте алатын автомобильдер санының сипаттамасы болып табылады.
Жол бойындағы қозғалыс неғұрлым қарқынды болса, соғұрлым жолдың жетілген түрі салынуы керек. Мұндай төмен өрлері мен жетілген төсемдері бар жолды салуға кеткен шығынның орны автомобиль тасымалдауына кеткен шығындарды үнемдеу арқылы тез толады.
Керісінше, күн сайын автомобильдер аз өтетін бағыттарда жетілген төсемді жолдарды салу оған жұмсалған шығын орнын толтыра алмайды, өйткені мұндай жолдарда автомобиль тасымалдауы сирек өтеді. Сондықтан, мұндай жағдайларда категориясы төмен жолдарды салуға болады.
Техникалық классификация бойынша жолдар V категорияға бөлінеді.
Жол категориясы І ІІ ІІІ ІV V
Шекті қарқындылық,
авт/тәулік
7000
<7000 <3000 <1000 <200
Әрбір категориялы жолдың барлық элементтерін есептік жылдамдық деп аталатын, автомобильдің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жылдамдыққа есептейді.
1-кесте
Есептік жылдамдықтар мәндері
Жол категориясы
|
Есептік жылдамдық км/сағ |
||
Негіз-гі |
Қиын учаскелерде |
||
Ойлы-қырлы жерде |
Таулы жерде |
||
І |
150 |
120 |
80 |
ІІ |
120 |
100 |
60 |
ІІІ |
100 |
80 |
50 |
ІV |
80 |
60 |
40 |
V |
60 |
40 |
30 |
Жолдардың техникалық классификациясынан басқа халықшаруашылық және әкімшілік маңызына байланысты классификациясы болады.
Барлық автомобиль жолдары екі үлкен топқа бөлінеді:
- жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары;
- мекемелік жолдар.
Мекемелік жолдарға мына жолдар жатады:
1. Өндірістік кәсіпорындардың территорияларындағы жолдар.
2. Өндірістік кәсіпорындардың тасымалдауы көп өтетін жолдар.
3. Ағаш дайындау және кен өңдіру өндірісінің кәсіпорындарына, еліміздің алыс аудандарындағы ірі өндірістік комплекстерге қызмет ететін жолдар.
4. Селолардың ішкі шаруашылық жолдары және және жалпы пайдалану жолдарынан оларға кіру жолдары.
5. Арықтар, құбырөткізгіштер, электроберіліс линиялары бойындағы қызметтік және патрульдік жолдар, гидротехникалық ғимараттарға қызметтік өту жолдары.
Жалпы пайдалану жолдары халықшаруашылық маңызына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Республикалық маңызы бар жолдар маңызды өндірістік және мәдени орталықтарды астанамен, облыс пен аудандардың әкімшілік орталықтарымен, оларды бір-бірімен байланыстырады. Одан басқа бұл жолдарға жүктердің және жолаушылардың қала аралық тасымалдауы өтетін жолдар, ІІІ және ІV класты аэропорттарға кіріс жолы жатады.
2. Облыстық маңызы бар жолдар облыстардың әкімшілік орталықтарын аудан орталықтарымен, халқы 10-15 мың адам болатын халықтық пунктермен және осы пунктерді бір-бірімен, темір жол станцияларымен, аэропорттармен байланыстырады, жалпы өкіметтік және республикалық маңызы бар жолдарға кіріс жолдары.
3. Жергілікті маңызы бар жолдар аудан орталықтарын, 10-15 мың халқы бар халықтық пунктерді ауылдық және селолық орталықтармен байланыстырады, осы орталықтардан жалпы пайдалану жолдарына кіру жолдары.
Әдебиет: [1; 2; 3; 4; 5; 6]
2-дәріс
Тақырыбы: Жолдың планы және профилі
1. Жол планы.
Автомобиль жолдары жүк тасымалдауда энергияның аз жұмсалуын және тасымалдау құнының аз болуын қамтамасыз ету қажет. Жергілікті жердің планында бастапқы және соңғы пунктерді жалғастыратын жолдың ең қысқа бағыты түзу болып табылады, ол ауалық сызық деп аталады.
Бірақ жер бедерінің элементтері (таулар, жыралар), су бөгеттері (батпақтар, көлдер және өзендер), қорықтар мен құрылыс жүргізуге бөлінген жерлер және жолдарды халық тұратын ірі аралық пунктерден өткізу қажеттігі оның ең қысқа бағытынан ауытқуына әкеледі.
Жер бетімен өтетін жол өсінің орын жағдайы трасса деп аталады.
Трасса жер бетіндегі әр-түрлі бөгеттерді айналып өтеді және оның өрге көтерілетін, өрден түсетін учаскелері болады, сондықтан ол күрделі кеңістік сызық болып табылады. Горизонталь жазықтыққа трасса кескінін графикалық түрде бейнелегенде (трасса планында) халық тұратын елдерге, жер бедерінің элементтері мен жер жағдайларына қатысты жолдың орналасуын, қисық және түзу учаскелерді көрсетеді. Түзулердің маңайына олардың ұзындықтарына және жер шарының оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс жақтарына байланысты орналасқан орнын көрсетеді.
Жолдың иректік дәрежесін трассаның даму коэффициентімен сипаттайды. Бұл коэффицент жолдың нақты ұзындығының оның ауалық сызығының ұзындығына қатынасы болып табылады. Трасса бағытының өзгерген жеолерінде бұрылыс бұрыштары көрсетіледі. Оны трассаның жалғасымен жаңа бағыт аралығында өлшейді. Қозғалыс ыңғайлы болу үшін бұрылыс бұрыштарына баяу қисықтар енгізіледі.
Жол бойында қисық сызықты учаскелердің болуы автомобильдің қозғалыс жағдайына әсер етеді ( центрге тепкіш күштің пайда болуы, доңғалақтарға жүктемелердің қайтадан бөлінуі; таулы жерлерде, орман өскен жерлерде жол көрінушілігінің төмендеуі, жолаушылар мен жүргізушілердің қолайсыздықты сезінуі).
