Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.

Автомобиль көлігімен тасымалдаудың құнына жол жағдайы қатты әсер етеді. Жаман жолдармен жүргенде көп жанармай шығындалады, автомобиль төмен жылдамдықпен жүреді, осыған байланысты бір күнде аз жұмыс жасайды. Сонымен қатар, автомобиль көп жөндеуді керек етеді және тез істен шығады. Егер, жаңа жолдарды жобалағанда тасымалдау құнын үнемдеу арқылы 8 жыл ішінде жол құрылысына кеткен шығындардың орны толса, онда құрылыс орында деп саналады. Шындығында, жетілдірілген жамылғысы бар жолдар қозғалыс қарқындалығы күніне бірнеше мың автомобиль болғанда 3-4 жыл көлемінде шығындардың орнын толтырады.

Сондықтан автомобиль көлігінің әрі қарай дамуы жол тармағының техникалық жағдайын жетілдірумен және тығыздығын көбейтумен байланысты. Қазақстан Республикасы жол тармағының тығыздығы жеткіліксіз және еліміздің территориясында ретсіз тартылған.

Қазақстан Республикасының жол құрылысы мынадай бағыттарда жүруі керек:

1. Еліміздің маңызды облыстарын байланыстыратын автомобиль жолдары (магистральдары) тармақтарын құру. Мұндай автомобиль жолдарының тармақтары әкімшілік және мәдени баиланысты жүзеге асыру үшін қажет. Оны жоғарғы жылдамдықтарға есептелген үлкен өткізу қабілеті бар жолдар құрайды. Автомобиль магистральдарында және олардың қиылыстарында автомобильдер өзара бір-біріне бөгет жасамай өтуі қажет. Мұндай жолдарды салу өте қымбат, сондықтан оларды бірнеше кезеңге бөліп салады және қозғалыстың өзіне байланысты жетілдіріледі.

2. Халық шаруашылығындағы жаңа аудандарды игеру кезеңінде жол құрылыстарын жүргізу. Бастапқы кезде мұндай жолдар құрылыс жүктерін жеткізу және құрылыс кезінде тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал одан кейін олар жергілікті шаруашылық тасымалдауына қызмет етеді. Мұндай жолдардың бір ерекшелігі – бұл жолдардың құрылысын жолдары жоқ, күрделі және зерттелмеген табиғи жағдайлары бар, аз халықты аудандарда жүргізуге тура келеді.

3. Ауыл шаруашылық аудандарда жол құрылысын жүргізу. Ауыл шаруашылығында көбінесе топырақты, жазық жолдар болады. Көктемде және күзде бұл жолдардың өтімділігі өте нашар, өйткені ұзаққа созылған жаңбырдың әсерінен бұл жолдар лайланып, батпақтанады, ал қолайсыз топырақты жолдармен автомобильдердің жүруі тіпті мүмкін емес. Дәл осы кезеңдерде ауыл шаруашылығында астықты тасымалдауға қажеттілік туады, астықтың бүлінуінен және оның сортының төмендеуінен (өнімді уақытында тасымалдамаудың салдарынан) ауыл шаруашылығы үлкен шығынға ұшырайды. Статистикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша нашар топырақты жолмен уақытында тасымалдап шығармаудың салдарынан 1% дәнді дақылдар, 3-5% картоп, 7-5% сүт іріп кетеді. Қиын өтімді топырақты жолдардың учаскелерін айналып өту салдарынан 2% шабындық жерлер және дәнді дақылдар егіні жойылады.

4. Қазіргі кезде қолданылатын қатты жамылғысы бар жолдардың жобамен төрттен бір бөлігі 60-70 жылдары техникалық шарттар сақталмай және шет елдердің тәжірибесі ескерілмей салынған. Сондықтан бұл жолдарда белдіктеріне жоғары жүктеме түсетін қазіргі заманғы жүк автомобильдерінің қозғалысының талаптарын қанағаттандырмайтын учаскелер бар. Бұл жолдардың бойында жол-көлік оқиғалары шоғырланған көп қауіпті орындар бар, жолдық киім және көпірлерде керекті төзімділік жоқ. Жол кәсіпорындарының қызметінде осы жолдарды жаңалап қайта салу маңызды орын алады. Бұл жолдарды күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар жүргізілуі қажет: жолдың енін кеңейту, өрлерді жұмсақтау, шұғыл бұрылыстарды жою, жетілдірілген жамылғыларды салу және т.б.

5. Қала және ауыл көшелерінде құрылыс жүргізу.