- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
Пән бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмаларынан тұрады.
Реферат түріндегі жазбаша жұмыстар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген мерзімде тапсырылып қорғалуы қажет.
СӨЖ-ге берілетін рефераттардың тақырыптары:
1. Жол трассасаын таңдау
2. Жол-құрылыс материалдары
3. Жол құрылысын ұйымдастыру принциптері
Негізгі әдебиет [1; 2; 3; 5].
Қосымша әдебиет [8; 9].
14. Баға туралы ақпараттарда білім бағасы, шкаласы, білім бағасы критерийлері, тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар беріледі.
Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала
Рейтинг |
Балдар |
Ағымдық |
50 - 100 |
Аралық |
50 - 100 |
Қорытынды |
50 - 100 |
Барлығы: |
50 - 100 |
Студенттердің білімін бағалау критерийі
Бағалау шкаласы |
Критерийлер |
1 |
2 |
Рейтинг 0-49 Балл – 0 Әріптік эквивалент- F Баға – қанағаттанарсыз |
Бағдарламалық материал білімнің толық болмауы; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеуі және қарапайым қателерді жіберуі. |
Рейтинг 50-74 Балл 1,0 – 2,33 Әріптік эквивалент D, D+, C-, C, C+ Баға – қанағаттанарлық |
Жалпы жауап дұрыс, бірақ толық емес; онда бағдарламалық материалды терең түсіну аса байқалмайды; тақырыптық мәселелер интерпретациясында бөлек қателер жіберіледі; материалды тек репродуктивті мазмұндауға өнер байқалады; өз қорытындылары жоқ болады. |
Рейтинг 75-89 Балл 2, 67 - 3,33 Әріптік эквивалент- B-, B, B+ Баға – жақсы |
Жауап толық, дұрыс; негізгі идеялар мен мәселелерді білу көрсетіледі. Графиктерді салу мен оларды талдау өнері. Дәделдеу, аргументтеу, қайшылық, қорытынды, тұжырымды жасау өнері. Теориялық білімді тәжірибе жағдайларды талдау үшін қолдана алуы. Мазмұнның өзгерісіне әкелмейтін мазмұндауда болатын нақсыздық болуы мүмкін. |
Рейтинг 90-100 Балл 3, 67 - 4,0 Әріптік эквивалент- A-, A Баға – үздік |
Жауап толық , дұрыс; негізгі идеялар мен мәселелерді білу көрсетіледі. Графиктерді салу мен оларды талдау өнері. Дұрыс бағалау және микроэкономикалық жағдайлардың математикалық модельдерін құру өнері. Қосымша әдебиетті қолдануы. Дәлелдеу, аргументтеу, қайшылық, қорытынды, тұжырымды жасау өнері. |
15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Жол бойындағы қозғалыстың негізгі сипаттамасы ретінде мына көрсеткішті қабылдайды
А) қозғалыс қарқындылығы
В) көлік ағынының жүктемесі
С) көлік ағыны қозғалысының орташа жылдамдығы
D) жолдың өткізу қабілеті
Е) қозғалыс құрамы
2. Орауыш сызықтар бойынша жобалау кезінде жобалық сызықтарды салу тәсілдерін суреттеудегі дұрыс емес жағдайын көрсет
А) жолды негізінен жер бетіне параллель орналастырады, яғни жол бедері элементтерін орала өтеді
В) шұңқырлар тек жер беті еңістігінің жол үшін рұқсат етілетін шекті еңістіктен асып кеткен жағдайларда ғана орналастырылады
С) жобалық сызықтардың қисық учаскелеріне тік қисықтар енгізіледі
D) жол салғанда үйіндіні үю және шұңқырларды әзірлеу сияқты жер жұмыстары көлемін азайтуға тырысады
Е) мұндай жобалау жоғары категориялы жолдарға тән
3. Қандай бөгеттер нұсқалы (контурлы) бөгеттерге жатпайды
А) өзен иреңдері
В) қорықтар
С) көлдер
D) елді мекендер
Е) терең шұңқырлар
4. Көлік ағындары тәртібінің қандай түрінде басып озу мүмкін емес
А) ерікті ағын
В) байланған ағын
С) бірен-саран байланған ағын
D) тығыз немесе толық ағын
Е) басып озу көлік ағындарының бүкіл тәртібінде мүмкін емес
5. Жолдардан суды ағызу жүйесіне мынадай құрылғы кірмейді
А) жер төсемі мен жүргінші бөліктің көлденең еңістігі
В) бүйірлік және су бұру арықтары
С) тау үстіндегі арықтар
D) жер төсемі мен жүргінші бөліктің бойлық еңістігі
Е) су өткізу ғимараттары
6. Бір деңгейлі қиылысу орындарында қозғалыстың мүмкінді траекториясы мынадай қақтығысу нүктелерін қалыптастырады
А) 8 нүкте
В) 16 нүкте
С) 24 нүкте
D) 32 нүкте
Е) 40 нүкте
7. Жол киімдері әдетте әр-түрлі міндеттерге ие бірнеше қабаттардан тұрады (дұрыс емес жауабын көрсет)
А) табанның жоғарғы қабаты қалпына келтірілетін қабат
В) төсемінің негізгі қабаты
С) төсемнің майда қабаты
D) табанның төменгі қабаты
Е) табанның қосымша қабаты
8. Жол киімдері мына қасиеттерге ие болуы қажет (дұрыс емес жауабын көрсет)
А) қозғалыс қарқындылығы мен жүктемелерге тиісті төзімділігі
В) атмосфералық факторлардың әсеріне қарсы тұрақтылығы
С) жоғарғы жылдамдықты қамтамасыз ететін тегістігі
D) желінуге қарсы төменгі кедергісі
Е) жол құрылысының аз құны
9. Автомобиль жолдарының толықтығына байланысты көлік ағындарының мынадай тәртіптері болады (дұрыс емесін көрсет)
А) ерікті ағын
В) жартылай азайған ағын
С) бірен-саран байланысқан ағын
D) байланысқан ағын
Е) тығыз немесе толық ағын
10. 5-ші категориялы жолдар үшін қозғалыстың шекті қарқындылығы қандай, авт/тәулік
А) <100
В) <200
С) <400
D) <500
Е) <300
11. Қандай автомобиль жолдары бір орынға қарайтын мекемелік жолдарға жатпайды
А) өндірістік кәсіпорындар территориясындағы жолдар және осы кәсіпорындардың жүк, жолаушы тасымалдауы басым өтетін жолдар
В) ағаш дайындау және тау-кен өндіру өндірістерінің кәсіпорындары мен еліміздің бөлек аудандарындағы ірі өндірістік комплекстерге қызмет ететін жолдар
С) ауылдағы ішкі шаруашылық жолдары және осы жолдарды жалпы пайдалану жолдарымен біріктіретін жолдар
D) арықтар, құбыр өткізгіштер, электр қуаты линиялары бойымен өтетін қызметтік жолдар, гидротехникалық ғимараттарға кіретін қызметтік жолдар
Е) жергілікті тасымалдауға арналған жолдар
12. Қозғалыс жылдамдығы есептік жылдамдыққа жақын болғанда жоғары категориялы жолдарды жобалау үшін шайқалуға қарсыласу коэффициенті қандай формула бойынша анықталады
A) fv=f0(1+0.01(v-50))
В) fv=f0(1+0,01v)
С) fv=f0(1+0,02(v-50))
D) fv=f0(1+0,05(v-50))
Е) fv=f0(1+0,02v)
13. 1-ші категориялы жолдардағы автомобильдердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін қозғалыстың есептік жылдамдығы (км/сағ) қандай
А) 120
В) 110
С) 150
D) 80
Е) 100
14. Жолдың түзу учаскесі мен қисық учаскесі арасына өтпелі қисықтар мына шараларды жүзеге асыру үшін енгізіледі
А) автомобильдің қозғалыс жылдамдығын көтеру
В) ортаға тепкіш күштің көтерілуін жасанды бәсеңдету
С) автомобильден жол төсеміне түсетін тік жүктемені төмендету
D) ортаға тепкіш күшті жасанды көтеру
Е) автомобильдің екпін алуын қамтамасыз ету
15. Автомагистральдарда ені 13-15 м болатын кең бөлгіш алқаптар мына мақсатқа арналған
А) көлік ағындары қозғалысының жылдамдығын көтеру үшін
В) тұрақ алқабын орналастыру үшін
С) жолды қар басып қалудан сақтану мақсатымен қою ағаш егістіктерін отырғызу үшін
D) су ағызу арықтарын өткізу үшін
Е) келешекте әр жүргінші бөлікті бір қозғалыс алқабына кеңейту үшін
16. Автомобиль қисық бойымен қозғалғанда көлденең күш коэффициенті қандай талаптар бойынша нормаланады (дұрыс емес жауабын көрсет)
А) автомобиль мен жүктердің аударылуға қарсы орнықтылығы
В) автомобильдің сырғанауға қарсы орнықтылығы
С) қисық бойымен қозғалғандағы жолаушылардың көңіл-күйі
D) қозғалыстың баяулығы
Е) тіке учаскелермен салыстырғанда қисықтарда отын шығынының өсуі және шиналардың желінуі
17. Қима сызықтар бойынша жобалау кезінде жобалық сызықтарды салу тәсілдерін суреттеудегі дұрыс емес жағдайын көрсет
А) орауыш жобалаумен салыстырып қарағанда жолды бойлық профильде кіші еңістікпен жер беті бедерлерін қия орналастырады
В) бұл тәсіл темір жолдарды жобалағанда қолданылады
С) мұндай жобалау төменгі категориялы жолдарға тән
D) жобалық сызықтардың қисық учаскелеріне тік қисықтар енгізіледі
Е) автомагистральдарда қима бойынша жобалау әдетте бойлық профильді үлкен тік қисықтар арқылы жобалаумен бірігеді
18. Жолдың қозғалыспен жүктелінуін мынадай параметрмен бағалайды
А) ең жоғарғы қозғалыс қарқындылығы
В) қозғалыс құрамы
С) жолдың өткізгіштік қабілеттігі
D) орташа-жылдық тәуліктік қозғалыс қарқындылығы
Е) көлік ағынының орташа жылдамдығы
19. Қазіргі замандағы көпірлердің әр-түрлі конструкциялары жүктемелі жұмыс шарттарына байланысты мынадай негізгі түрлерге бөлінуі мүмкін (дұрыс емес жағдайын көрсет)
А) мәткелі
В) фермалы
С) рамалы
D) аспалы
Е) аркалы
20. Белгілі бір уақыт аралығында жол бойымен өтетін автомобильдер санын былай атайды
А) көлік ағынының тығыздығы
В) автомобильдер өткіштігі
С) жолдың өткізу қабілеттігі
D) қозғалыс ыңғайлылығының деңгейі
Е) жүк және жолаушы тасымалдау көлемі
Сұрақтардың дұрыс жауаптары
Сұрақ нөмірі |
Дұрыс жауабы (A, B, C, D, E) |
|
Сұрақ нөмірі |
Дұрыс жауабы (A, B, C, D, E) |
1 |
A |
|
11 |
E |
2 |
E |
|
12 |
A |
3 |
E |
|
13 |
С |
4 |
D |
|
14 |
B |
5 |
D |
|
15 |
E |
6 |
D |
|
16 |
D |
7 |
С |
|
17 |
С |
8 |
D |
|
18 |
D |
9 |
B |
|
19 |
B |
10 |
B |
|
20 |
С |
Тестілеу нәтижесі бойынша білімді бағалау критерийлері.
Дұрыс жауаптар саны |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
18 |
|
19 |
20 |
Баллдар |
21 |
23 |
25 |
26 |
28 |
30 |
32 |
33 |
35 |
