Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

7. Практикалық сабақтар жоспары

1-практикалық сабақ

Тақырыбы: Жолдың шекті бойлық еңістігін анықтау

Сұрақнама

1. Жолдың жобаланатын бойлық еңістігі қандай факторларға тәуелді болады?

2. Жолдың шекті бойлық еңістігіне автомобильге әсер ететін күштердің мәндері қандай әсер тигізеді?

3. Жолдың шекті бойлық еңістігін ілінісу шарты бойынша тексеру қандай мақсатпен жүргізіледі?

Тапсырма

Мына автомобильдер үшін жолдың шекті бойлық еңістігін негіздеңдер:

1-есеп. ВАЗ 2103 Nemax = 56,6 КВт, nNe = 5600 айн/мин.

2-есеп. ГАЗ - 24 Nemax = 69,9 КВт, nNe = 4500 айн/мин.

3-есеп. УАЗ - 452 Nemax = 55,2 КВт, nNe = 4000 айн/мин.

4-есеп. ГАЗ – 53А Nemax = 84,6 КВт, nNe = 3200 айн/мин.

5-есеп. ЗИЛ - 130 Nemax = 110,3 КВт, nNe = 3200 айн/мин.

6-есеп. МАЗ - 500 Nemax = 154,4 КВт, nNe = 2600 айн/мин.

7-есеп. КАМАЗ 5320 Nemax = 235 КВт, nNe = 2100 об/мин.

Әдебиет: [1; 2; 5]

Әдістемелік нұсқаулар

Кез келген автомобиль үшін жолдың шекті бойлық еңістігі автомобильдің динамикалық сипаттама графигі арқылы есептеледі. Егер анықтамалық әдебиетте автомобильдің динамикалық сипаттама графигі болмаса, онда еңістікті есептеу мотордың тиімділік қуатының иінді біліктің айналу жиілігіне тәуелдігін қолдану арқылы жүргізіледі.

Есептеу мынадай тізбелікте орындалады:

а) автомобиль V жылдамдығымен жүргендегі иінді біліктің айналу жиілігі анықталады

(12)

мұндағы

V- автомобильдің қозғалыс жылдамдығы, км/сағ;

і0 және ік – басты беріліс пен беріліс қорабының беріліс саны;

rк – автомобиль доңғалақтарының шайқалу радиусы.

б) Иінді біліктің айналу жиілігіне сай келетін мотордың қуаты С.Д. Лейдерман ұсынған формула бойынша анықталады

(13)

мұндағы

- мотордың максимал қуаты;

- (v жылдамдығымен қозғалған автомобильдегі иінді біліктің айналу жиілігінің максимал жылдамдық кезіндегі айналу жиілігіне қатынасы;

а,в,с – эмпиризмдік коэффициенттер, карбюраторлық моторлар үшін а=в=с=1.

в) Автомобиль V жылдамдығымен қозғалғандағы динамикалық факторды есептеуге керекті тарту күші анықталады

(14)

мұндағы

Кр - өлшемділік коэффициенті;

- автомобиль трансмиссиясының пайдалы әсер коэффициенті, бір басты берілісі бар автомобильдер үшін =0,85- 0,90.

Егер формулаға NV ватт (киловатт), nV об/мин, rk метр өлшемдері арқылы қойылса, онда кр =9,55; ал тарту күшінің өлшемі Ньютон (Килоньютон) болады. Айналу жиілігінің өлшем бірлігін айн/с айырбастасақ, онда кр =0,159.

Ауаның кедергі күші мына формула бойынша анықталады

(15)

мұндағы

к – автомобильдің сүйірлік коэффициенті, кг/м3;

F – автомобильдің маңдайлық ауданы, м2.

Сонда динамикалық фактор мынаған тең:

(16)

мұндағы

G – автомобиль ауырлығы, Н.

г) Автомобильдің тұрақты V жылдамдықпен қозғалуын қамтамасыз ететін шекті бойлық еңістік мына формула бойынша анықталады:

іmax=Д - fv (17)

мұндағы

fv – шайқалуға қарсыласу коэффициенті.

Жылдамдық 50 км/сағ. жоғары болғанда

(18)

мұндағы

f0 – 50 км/сағ. дейінгі жылдамдықтардағы шайқалуға қарсыласу коэффициенті, 0,007-0,012 аралығында қабылданады.

Еңістіктің табылған мәні ілінісу шарты бойынша тексеріледі:

(19)

мұндағы

Gсц – автомобильдің ілінісу ауырлығы, Н.

2-практикалық сабақ

Тақырыбы: Жол төсемдері мен автомобиль доңғалақтарының өзара қатынасының сипаттамасы

Сұрақнама

1. Шиналардың төсеммен ілінісуіне қандай факторлар әсер етеді?

2. Шайқалуға қарсыласу неден тәуелді болады?

3. Автомобильге әсер ететін күштер шиналардың төсеммен ілінісу коэффициенті мәніне қалай әсер етеді?

4. Шиналар көп желінгенде немесе шина протекторы элементтерінің жеткіліксіз қалыңдығы болғанда қандай құбылыс байқалуы мүмкін?

Тапсырма

а) Мына жылдамдықтар үшін V= 60, 70, 80, 90, 100, 110, 120, 130, 140 км/сағ. шайқалуға қарсыласу коэффициентін анықтап, графигін құрыңдар. Табылған мәндерді кестеге енгізіңдер.

4- кесте

Коэффициент мәндері

V, км/сағ

60

70

80

90

100

110

120

130

140

fV

б) Ілінісу коэффициентінің қозғалыс жылдамдығына тәуелділігін оқып үйреніңдер.

Әдебиет: [2;3;5]

Әдістемелік нұсқаулар

Автомобиль әр-түрлі жолдармен жүргенде дамыта алатын жылдамдық оның шиналарының төсем бетімен өз ара қатынасы жағдайларына байланысты болады. Жолдың бойлық еңістігі тұрақты болған кезде және, әсіресе, автомобиль орнынан қозғалғанда қозғалыс жағдайлары шайқалуға қарсыласу мен шиналардың төсеммен ілінісуі арқылы сипатталады.

Шайқалуға қарсыласу шиналар мен жолдың езілуіне жұмсалатын энергия шығыны арқылы пайда болады. Шайқалуға қарсыласу қозғалыс жылдамдығына және шиналардың езілгіштігіне тәуелді болады.

Жылдамдық 50 км/сағ төмен болғанда шайқалуға қарсыласу өте баяу өседі және оны тұрақты деп санауға болады. Әр-түрлі жол төсемдері үшін шайқалуға қарсыласу коэффициентінің мәндері мынадый:

- цемент-бетон және асфальт-бетон төсемдері: 0,01-0,02.

- щебень және гравийден құрылған төсемдер:

а) органикалық жабысқақ материалдармен өңделген тегіс бетті: 0,02-0,025.

б) кіші ойықтары бар жабысқақ материалдармен өңделген: 0,03-0,04.

- тас жолдар: 0,04-0,05.

- тегіс, құрғақ және тығыз топырақты жолдар: 0,03-0,06.

- жыртылған жер, ылғалданған батпақтанған топырақ, сусымалы құмдар: 0,15-0,3 және одан жоғары.

Есептікке жақын жылдамдықтар кезінде жоғары категориялы жолдарды жобалау үшін мына тәуелділікті негізге алып, шайқалуға қарсыласу коэффициентін анықтайды

(20)

мұндағы

V - жылдамдық, км/сағ;

f0 – 50 км/сағ жылдамдыққа дейінгі шайқалуға қарсыласу коэффициенті;

- (50 < V <150) км/сағ аралығындағы шайқалуға қарсыласу коэффициенті.

Шинаның төсеммен ілінісу коэффициентін шинаның жол бетімен түйісу жазықтығында пайда болатын күштердің максимал мәндері анықтайды. Ол шеңберлік тарту күшінің немесе тежеу күшінің төсемге түсетін доңғалақтардың жүктемесіне қатынасы болып табылады.

3-практикалық сабақ

Тақырыбы: Жол көрінімділігін есептеу

Сұрақнама

1. Жолдың есептік көрінімділігі деп нені айтады?

2. Жолдағы автомобильдің кедергі алдында шұғыл тежелуіне керекті көрінімділік қашықтығы қандай шамалардан құрылады?

3. Керекті бүйірлік көрінімділік қашықтығы қалай анықталады?

4. Вертикаль қисықтардың керекті радиусы қандай шарттардан табылуы мүмкін?

Тапсырма

Жобаланатын жолдағы көрінімділік қашықтығын анықтаңдар.

1-есеп. Vл =150 км/сағ, Vг=50 км/сағ, Vв=55 км/сағ болатын I- категориялы жол үшін, lа =8м.

2-есеп. Vл = 120 км/сағ, Vг=50 км/сағ, Vв=55 км/сағ болатын ІІ-категориялы жол үшін, lа =12м.

3-есеп. Vл=100 км/сағ, Vг=50 км/сағ, Vв=55 км/сағ болатын ІІІ-категориялы жол үшін, lа =10м.

4-есеп. Vл =80 км/сағ, Vг=40 км/сағ, Vв=45 км/сағ болатын IV- категория жол үшін, lа =6м.

Әдебиет: [1; 2; 5]

Әдістемелік нұсқаулар

Қазіргі кезде автомобиль жолдарын жобалау теориясында жол көрінімділігінің үш схемасы қолданылады.

1. Автомобильдің кедергі алдында тоқтауы.

2. Бір-біріне қарсы келе жатқан екі автомобильдің тежелуі.

3. Қарсы қозғалыс бар жағдайда жеңіл автомобильдің жүк автомобилін басып озуы.

I. Автомагистраль үшін көз көрерлік қашықтықты есептегенде 1-схеманы ғана қолданады

(21)

мұндағы

V - жеңіл автомобильдің максимал жылдамдығы, км/сағ;

kэ - тежегіштер әрекетінің тиімділігін ескеретін коэффициент, жеңіл автомобильдер үшін kэ =1,3; жүк автомобильдері, автопоезд және автобустар үшін

kэ =1,85;

φ1 – таза төсемдер бетінде тежелудегі бойлық ілінісу коэффициенті, φ1=0,5;

– қауіпсіздік саңылауы, =0,5м .

Магистральға келіп кіретін жолдағы көз көрерлік қашықтықты есептегенде үш схеманың барлығы қарастырылады:

1-схема бойынша көз көрерлік қашықтық автомагистральдағы сияқты есептеледі;

2-схема бойынша көз көрерлік қашықтық бір қозғалыс алқабымен бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан автомобильдердің тежелу жолдары, жүргізушілердің реакция уақытында өткен автомобильдердің ара қашықтығы және тоқтаған автомобильдер арасындағы қауіпсіздік саңылауының қосындысына тең

(22)

3-схема бойынша мынадай жорамалдар жасалады: Vл жылдамдығымен қозғалып келе жатқан жеңіл автомобиль Vг жылдамдығымен келе жатқан жүк автомобилін басып озады (қарсы қозғалыс алқабына шығу арқылы), қарсы келе жатқан автомобильдің жылдамдығы Vв.

Қарсы қозғалыс алқабына кіре беріс кезіндегі жеңіл және жүк автомобильдерінің арасындағы қашықтық мына формула бойынша анықталады

(23)

Жеңіл автомобиль жүк автомобилін қуып жетіп, онымен қатарласқанда L1 жолын жүреді

(24)

мұндағы

– жүк автомобилінің ұзындығы.

Одан кейін жеңіл автомобиль өзінің қозғалыс алқабына оралуы қажет, бірақ бұл жүк автомобиль алдындағы ара қашықтық оның толық тоқтағанға дейінгі тежелуін қамтамасыз ету керек, оған қоса екі автомобиль арасында қауіпсіздік саңылауы ( 5 м ) қалуы қажет

(25)

Жүк автомобилінің жүріп өткен жолы ескеріле отырып, L2 жолы анықталады

(26)

мұндағы

- жүк автомобилінің ұзындығы, м .

Жеңіл автомобиль басып озып, өзінің қозғалыс алқабына оралуын қарсы келе жатқан автомобильмен жолығу кезіне дейін орындауы қажет.

Vв жылдамдығымен келе жатқан қарсы автомобильдің басып озу уақытындағы жүріп өткен жолы мына формула арқылы есептеледі

(27)

Магистральға келіп кіретін жолдағы басып озу шартына сәйкес көз көрерлік қашықтық мынаған тең

(28)

4-практикалық сабақ

Тақырыбы: Автомобиль магистралі мен онымен түйісетін жолдың пландағы және бойлық профильдегі қисықтың ең кіші радиусын анықтау, қисық сызық элементтері

Сұрақнама

1. Қисық радиустары автомобильдердің орнықтығына қалай әсер етеді?

2. Көлденең күш коэффициенті деп не аталады және есептеулер кезінде оны нормалау .

3. Жолдың кіші сызық радиустарына орнатылатын вираждар көлденең күштер мәніне қалай әсер етеді?

4. Жолдың түзу және қисық учаскелері арасына енгізілетін өтпелі қисықтар не үшін арналған?

Тапсырма

Пландағы және бойлық профильдегі қисық радиусінің ең кіші мәнін мына жолдар үшін анықтаңдар:

1-есеп. Есептік жылдамдығы V=150км/сағ болатын І- категориялы жол үшін.

2-есеп. Есептік жылдамдығы V = 120 км/сағ болатын ІІ- категориялы жол үшін.

3-есеп. Есептік жылдамдығы V = 100 км/сағ болатын ІІІ-категориялы жол үшін .

4-есеп. Есептік жылдамдығы V = 80 км/сағ болатын ІV-категориялы жол үшін.

5-есеп. Есептік жылдамдығы V = 60 км/сағ болатын V- категориялы жол үшін.

Әдебиет: [1; 2; 5]

Әдістемелік нұсқаулар

1.Пландағы қисықтарды анықтау.

Пландағы қисықтың ең кіші радиусы мына формула бойынша анықталады:

(29)

мұндағы

V - қозғалыстың есептік жылдамдығы;

φ2- көлденең ілінісу коэффициенті ( есептік мәндері

қабылданады, φ2 =0,05÷ 0,1;

i2 – жүргінші бөліктің көлденең еңістігі ( цемент-бетонды және асфальт- бетонды тегіс төсемдер үшін і2 =0,02)

Ерекше жағдайларда ғана вираж салу арқылы кіші радиустарды қабылдауға болады.

Жол учаскілеріне вираж енгізілгенде ол көлденең күштің бір бөлігін қабылдайды, сондықтан көлденең ілінісу коэффициентінің мәнін 0,15-0,20 дейін үлкейтуге болады.

Вираж салуға керекті радиустарды анықтау үшін жиі тайғақ болу мүмкіндігін есепке ала отырып, вираж еңістігін 40%0 деп қабылдайды, көлденең ілінісу коэффициенті 0,15 және 0,16 деп қабылданады. Бұл радиустарды есептегенде көлденең еңістік коэффициенті алдындағы белгі минустан плюске айырбасталады:

(30)

5–кесте

Вираждардағы жүргінші бөліктің ұсынылатын көлденең еңістігі

Пландағы қисықтар радиусы, м

2000

1000

700

650

600

Вираждың көлденең еңістігі, %0

20(20)

30(30)

40(40)

50(40)

60(40)

Жақша ішінде жиі тайғақ болғандағы еңістіктер көрсетілген.

Түнгі мезгіл кезіндегі көрінушілікті қамтамасыз ету үшін керекті қисық радиусының мәні анықталады:

(31)

мұндағы

S1 – бөгет алдында автомобильдің тежелуін ескеретін жол бетінің көріну қашықтығы;

ά- автомобиль шырақтары сәулелерінің ыдырау бұрышы (ά=2).

Вираж отгонының ұзындығы мына формула бойынша анықталады

(32)

мұндағы

В –жүргінші бөліктің ені;

ів – вираждың көлденең еңістігі;

із- отгон бойында жобалық еңістіктің үстінен жүргінші бөліктің сыртқы шетін көтергенде пайда болатын қосымша еңістік, автомагистраль үшін із=5%0; ІІІ категориялы жол үшін і з=10 %0.

Өтпелі қисықтың ұзындығы

(33)

мұндағы

J - өтпелі қисық учаскісінде автомобиль қозғалғандағы ортаға тепкіш үдеудің өсуі (J=0,5м/с³ деп қабылданады);

R-қисықтың ең кіші радиусы.

Өтпелі қисықтың параметрі мына формула бойынша анықталады

(34)

Табылған бұл параметрлер мәндері ең кіші мүмкінді мәндерімен салыстырылады.

Ең аз мүмкінді параметрлері төмендегі формула бойынша анықталады

(35)

2. Бойлық профильдегі қисықтар .

Тік дөңесті қисықтар радиусы жол төсемі бетінің көрінуін қамтамасыз ету шарттарынан анықталады

(36)

мұндағы

S1 - жол бетінің көріну қашықтығы;

d – жер бетінен жүргізуші көзіне дейінгі биіктік ( d=1,2м)

Автомагистральға түйісетін ІІІ категориялы жол үшін тік дөңесті қисықтар радиусын жүргінші бөлікте жүк автомобилін

басып озу кезінде қарсы автомобильдің көрінуін қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып, есептейді

(37)

Тік ойысты қисықтар радиусын жол төсемдері беттерінің көрінуін қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып анықтайды, өйткені кіші радиусты ойыс қисықтарда автомобиль шырақтары автомобиль маңайында ғана жарықтарын түсіріп, көріну қашықтығы қамтамасыз етілмей қалуы мүмкін

(38)

мұндағы

һф - жеңіл автомобиль шырақтарының жүргінші бөліктің бетінен алғандағы биіктігі;

ά –шырақ сәулелерінің ыдырау бұрышы ( ά=20 );

S1 –жол төсемі бетінің көріну қашықтығы.

5-практикалық сабақ

Тақырыбы: Қозғалыс алқабы мен жүргінші бөліктің ендерін анықтау

Сұрақнама

1. Жолдың өткізу қабілетін пайдалану коэффициенті қандай факторларды ескереді?

2. Бір қозғалыс алқабының өткізу қабілеті қандай факторларға тәуелді болады?

3. Жер бедері керекті қозғалыс алқабының санына қалай әсер етеді?

5. Жер төсемінің ені қандай элементтерден тұрады?

Тапсырма

Берілген жылжымалы құрам үшін қозғалыс алқабы мен жүргінші бөліктің ендерін анықтаңдар:

6-кесте

Автокөлік құрамы

Автомобиль маркасы

Қозғалыс қарқындылығы, авт/тәулік

Қозғалыстың есептік жылдамдығы, км/сағ

1 есеп

ВАЗ 2101

ГАЗ 24

ЗИЛ 130

ГАЗ 53А

ПАЗ 672

МАЗ 500А+МАЗ 866

КаМАЗ 5320+ГКБ-8350

3000

2000

5000

3000

3500

1500

1500

100

125

60

45

55

30

40

2 есеп

ВАЗ 2101

ГАЗ 24

ГАЗ 53А

ЗИЛ 130

ПАЗ 672

МАЗ 500А+МАЗ 866

КаМАЗ 5320+ГКБ-8350

4200

1800

3500

4000

1000

900

600

100

125

45

60

55

30

40

3 есеп

ВАЗ 2101

ГАЗ 24

ГАЗ 53А

ЗИЛ 130

ПАЗ 672

МАЗ 500А+МАЗ 866

КаМАЗ 5320+ГКБ-8350

5200

3300

2500

2000

2800

1500

1000

100

125

45

60

55

30

40

4 есеп

ВАЗ 2101

ГАЗ 24

ГАЗ 53А

ЗИЛ 130

ПАЗ 672

МАЗ 500А+МАЗ 866

КаМАЗ 5320+ГКБ-8350

1800

3200

3900

1100

2000

2500

1600

100

125

45

60

55

30

40

Әдебиет: [1; 2; 5]

Әдістемелік нұсқаулар

Жүргінші бөлік пен жер төсемінің параметрлерін анықтау мынадай ретпен орындалады:

1. Келтірілген қозғалыс қарқындылығы анықталады

(39)

мұндағы

N1…Nn – автомобильдердің жеке түрлерінің берілген қарқындылығы, авт/тәулік;

К1…Кn – автомобильдердің жеке түрлерін жеңіл автомобильдерге келтіру коэффициенті.

2. Бір қозғалыс алқабының өткізу қабілеті анықталады

P=B*Pmax (40)

мұндағы

В - өткізу қабілетінің төмендеуінің қорытынды коэффициенті;

Pmax – қозғалыс алқабының максимал өткізу қабілеті, авт/сағ.

3. Қозғалыс алқабының керекті саны анықталады

(41)

мұндағы

- тәуліктік қарқындылықтан сағаттық қарқындылыққа өту коэффициенті ( );

- қозғалыс қарқындылығының маусымдық өзгеруін ескеретін коэффициент ( =1);

Z – жолды қозғалыспен жүктеудің есептік коэффициенті, (екі жағдай бар: Z=0,3 және Z=0,5) ;

- жер бедеріне тәуелді коэффициент, (тегіс жер бедерінде =1, ал кедір-бұдырлы жер бедерінде =0,6).

4. Қозғалыс алқабының ені анықталады.

Әрбір алқаптың ені екі немесе үш автомобиль колонналарының бір бағытта есептік жылдамдықпен қозғалу шартынан анықталады. Есеп қозғалыс құрамында көп автомобильдер түріне жүргізіледі.

Төрт алқапты жол үшін шеткі алқаптың ені

(42)

мұндағы

а – кузов ені;

с – колея ені.

Алты алқапты жол үшін аралық алқаптың ені

(43)

Жүк автомобильдерінің қозғалысы үшін алқап ені

(44)

Жеңіл автомобильдер үшін алқап ені (3)-формула бойынша есептеледі.

Үш алқапты жүргінші бөлік үшін аралық алқаптың ені (2)-формула бойынша жеңіл және жүк автомобильдер қозғалысы үшін есептеліп, олардың жоғарғы мәні қабылданады ( және ).

5. Бір бағыт үшін жүгінші бөліктің ені анықталады:

  • төрт алқапты жүргінші бөлігі бар жол үшін

(45)

  • алты алқапты жүргінші бөлігі бар жол үшін

(46)

6. Жер төсемінің ені анықталады.

Мұнда бөлгіш алқаптың ені 5м, жол жағасының ені 3м, ал шеткі қатайту алқабының ені 0,75 м деп қабылданады, сонда:

6-практикалық сабақ

Тақырыбы: Жолдардың өткізу қабілеті және оларды жобалауға негізделген техникалық шарттар

Сұрақнама

1. Жолдың өткізу қабілеті деп нені айтады?

2. Жолдың өткізу қабілеті қандай факторларға тәуелді болады?

3. Жолдың өткізу қабілетін қалай көтеруге болады?

4. Жолдың өткізу қабілетіне жол киімдері түрлерінің тигізетін әсері.

Тапсырма

Елді мекендердегі жол учаскелерінің өткізу қабілетін және қозғалыс жылдамдығын есептеңдер:

1. Қаратал елді мекені тегіс жерде орналасқан, үй құрылыстарының ұзындығы L=0,7 км, жүргінші бөліктің шетінен үй құрылыстарына дейінгі қашықтық l=6 м, қызмет ету ғимараттары жоқ, жаяу жүргінші өткеліндегі қозғалыс қарқындылығы Nn =80 адам/сағ. Жүргінші бөліктің ені 7,5 м, жол жағасының ені 2,5-3 м, автомобильдердің қозғалыс қарқындылығы N=1500 авт/сағ.

2. Төңкеріс елді мекені тегіс жерде орналасқан, үй құрылысы ұзындығы L=1,65км, жүргінші бөліктің шетінен үй құрылыстарына дейінгі қашықтық l=12 м. Елді мекенде қызмет ету ғимараты маңайында жол жағасын кеңейту нәтижесінде жабдықталған және жолдың екі шетінде орналасқан тұрақ бар. Бірінші жаяу жүргінші өткеліндегі қозғалыс қарқындылығы Nn =150 адам/сағ, ал екінші өткелде Nn=240 адам/сағ. Екінші жаяу жүргінші өткелі автомобильдер тұрағының маңайында орналасқан. Жүргінші бөліктің ені 7,0 м, жол жағасының ені 2,5-3 м. Автомобильдердің қозғалыс қарқындылығы N=1800 авт/сағ.

Әдебиет: [1; 2; 5]

Әдістемелік нұсқаулар

Елді мекендердегі жол учаскелері жаяу жүргіншілердің ұйымдастырылмаған қозғалысының, аялдама мен жол жағасында тұрған автомобильдер мен автобустардың және басқа факторлардың әсер етуіне байланысты төмен өткізу қабілеті мен төмен қозғалыс жылдамдығына ие болады.

Село түріндегі кіші елді мекендегі автомобиль жолының өткізу қабілеті мына формула бойынша анықталады:

(47)

мұндағы

L – елді мекендегі участке ұзындығы, км (0,5 2,5);

- жүргінші бөліктің шетінен ғимараттарға дейінгі қашықтық, (5 25м);

k1 – жаяу жүргінші өткелінің әсерін ескеретін коэффициент (1- кесте);

k2 – қызмет ету пункты маңайындағы тұрақтың әсерін ескеретін коэффициент (2 - кесте);

k3 – пландағы қисықтың әсерін ескеретін коэффициент (3 - кесте).

Елді мекендегі қозғалыс жылдамдығы:

- жеке автомобильдер үшін

(48)

  • көлік ағыны үшін

(49)

мұндағы

– жаяу жүргіншілер ең көп өтетін уақыттағы олардың қозғалыс қарқындылығы, адам/сағ;

– автомобильдердің қозғалыс қарқындылығы, авт/сағ;

- елді мекендегі жеке автомобильдердің қозғалыс жылдамдығы, км/сағ.

7-кесте

к1 мәндері

Жаяу жүргіншілер ең көп өтетін уақыттағы олардың қозғалыс қарқындылығы, адам/сағ.

Жеңіл автомобильдер үлесіндегі, % к1 мәндері

100

70

50

<100

1,00

1,00

0,90

100-200

0,95

0,90

0,80

200-300

0,90

0,80

0,70

300-400

0,80

0,70

0,60

8-кесте

к2 мәндері

Ескерілетін фактор

к2

Тұрақ жүргінші бөлік шетінен ұзатылған, өтпелі-жылдамдықты алқаптары бар.

1,0

Тұрақ жол жағасын кеңейту арқылы қондырылған

0,8

Жабдықталмаған тұрақ

0,6

9-кесте

к3 мәндері

Елді мекеннің ұзындығы, км

Пландағы қисық радиусы, м, кезіндегі

к3 мәндері

100

100-250

250-450

450-600

600

0,3-0,7

0,81

0,89

0,95

0,96

0,97,

0,7-1,25

0,84

0,92

0,97

0,98

0,98

1,25-1,75

0,96

0,94

0,97

1

1

1,75-2,25

0,98

0,95

0,98

1

1

2,25-2,75

0,90

0,96

1

1

1

7-практикалық сабақ

Тақырыбы: Жолдың пайдаланылу қасиеттері

Сұрақнама

1. Жолдың пайдаланылу сапаларына қандай параметрлер жатады?

2. Жол конструкциясының беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?

3. Аймақтың ауа райы мен климаттық жағдайлары жол төсемінің желінуге қарсы төзімділігіне қалай әсер етеді?

Тапсырма

1. Жолдың асфальт-бетонды төсемінің бастапқы қалыңдығы 100 мм құрайды. Бір жыл пайдалану ішіндегі төсемнің желінуі 5 мм. Бірінші жылдағы жолдың жүктелінуі 2 млн.т. Бесінші пайдалану жылындағы жолдың жүктелінуі 4,5 млн.т. Төсемнің желінуге төзімділігін бағалаңдар.

2. Асфальт-бетонды төсемнің бастапқы қалыңдығы 80 мм, бір жыл ішіндегі желіну 3 мм. Бірінші жылдағы жолдың жүктелінуі 1 млн.т., ал 8-жылдағы 3 млн.т. Төсемнің желінуге төзімділігін анықтаңдар.

Әдебиет: [1; 2; 5]

Әдістемелік нұсқаулар

Төсемнің желінуге төзімділігі – пайдалану барысында оның желінуге кедергі жасауы. Ол материалдардың түрі мен сапасына тәуелді және сыртқы жүктемелер мен аймақтық климаттық ерекшеліктеріне сипатты болады. Желінуге төзімділік белгілі-бір кезеңде төсемге қойылатын міндеттерді толық орындауға жұмсалған уақыт көмегімен көрсетіледі, яғни төсемнің желінуі мына берілген аралықта өтеді:

(50)

мұндағы

- төсемнің бастапқы қалыңдығы, мм;

- пайдалану жағдайлары бойынша төсем қабатының ең кіші мүмкіндігі мәні, мм;

- бір пайдалану жылы ішіндегі төсемнің желінуі, мм.

мәні мына формула бойынша анықталады

(51) мұндағы

- төсемнің желінуін ауа райы мен климат жағдайлары әсерлеріне байланысты анықтайтын коэффициент, асфальт-бетонды төсемдер үшін = 0,4-0,6 мм;

- қозғалыс құрамы мен жылдамдығына, төсем түрі мен оның ылғалдану дәрежесіне тәуелді коэффициент, асфальт-бетонды төсем үшін = 0,25-0,55 мм/млн.т

(52)

мұндағы

- і-жылдың жүктелінуі, млн.т.;

- бірінші жылдағы жолдың жүктелінуі, млн.т.;

- жүктелінудің жыл сайын өсу коэффициенті;

t - төсемді пайдалану жылының нөмірі.

8 Зертханалық сабақтар жоспарланбаған