Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.

Қазіргі заман қалалары тек қана тұрғын үйлерді ғана емес сонымен бірге өндірістік кәсіпорындарды, әкімшілік – мәдениеттік мекемелерді және демалыс орындарын өз ішіне қамтиды.

Қала территориясы өзінің қызметіне қарай негізінен алты аймаққа бөлінеді:

  • тұрғындық аймақ

  • өндірістік

  • коммуналдық – қоймалық

  • сыртқы көліктік

  • санитарлық – қорғаныстық

  • тұрғындардың демалыс аймағы.

Қалалардың даму бас жоспарының, олардың территорияларын қызмет белгілеріне қарай аймақтарға болу және осы аймақтардың неғұрлым біріңғай болуын қамтамасыз ету. Осындай жоспарларды іске асыру үлкен шамада қаржы талап етеді. Бұл ескі өндірістік кәсіпорындарды көшіру немесе жабуға, тұрғын және өндіріс орындарын құруға жаңа территориялар ажыратуға және қаланың инженерлік тармақтарын дамытуға байланысты.

Қаланың үлкен бөлігін тұрғын үйлер алады. Олар шағын аудандар деп аталатын бірнеше тұрғын үйлер тобы, ол осындай шағын аудандардың бірнешеуі аудандарды құрайды. Тұрғындық территорияның жоспарлық құрылымының қалыптасуына, жолаушылар мен жүк тасымалдауды қамтамасыз етуші қала көшелерінің маңызы зор.

Қала тұрғындық аймағының – негізгі құрылымдық бірлігі – тұрғын аудан. Ол тұрғындардың барлық мәдениеттік және тұрмыстық талаптарын қамтамасыз етуші орындарды өз ішіне алады: тұрғын үйлер, тұрмыстық қызмет, бала-бақшалар, мектептер, дүкендер, театрлар, кинотеатрлар мен стадиондар. Халықтың осындай талаптары аудан шеңберінде қаншалықты толығымен қанағаттандырылса, көлік проблемаларын шешу соншалықты оңай соғады. Тұрғын аудандардың шекарасы – магистральдық көшелер болып есептеледі.

Өндірістік аудандар – қаланың өндірістік аймақтарында құрылады, олар технологиялық, энергетикалық және көліктік байланыста болады. Қазіргі кездегі өндіріс орындарында мыңдаған адамдар еңбек етеді, технологияның процессті қамтамасыз ету мақсатында мыңдаған тонна жүктер; шикізатты алып келу және дайын өнімді алып кету жүзеге асырылады. Өндірістік ауданға өндірістік кәсіпорын, электростанциялар, инженерлік ғимараттар мен тармақтар кіреді. Бұлардың барлығы аудан территориясының 60-80 % құрайды. Территорияның қалған бөлігінде коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, автомобиль және жаяу жүргіншілер үшін жолдар, әкімшілік орталығы мен ғылыми мекемелер орналасады.

Тұрғындық аймақ пен өндірістік ауданды санитарлық – қорғаныстық аймақ ажыратып тұрады. Олар енділігі 50-300 м. болған аллеялар, көгал жолақтар, саябақтар. Өндіріс аудандарында көліктік қызмет темір жол, автомобиль және арнайы көліктермен жүзеге асырылады.

Өндірістік аудандарға әдетте қоймалық аймақтар жақын орналасады. Онда өндірістік, шаруашылық, азық-түлік, қоймалар жайғасады.

Қоймалық территорияның ауданы қала тұрғындарының санына, өндіріс орнының түріне байланысты алынады. Мысалы: өндіріс тауарлары үшін 1 мың тұрғынға 1000м2 шейін, ал азық-түлік тауарлары үшін 200 м2-шейін.

Әдебиеттер [1; 2; 3; ]

12-дәрістің тақырыбы:Автомобиль жолдарының қалаға кіруі және қала жол тармақтарының жоспарлық схемасы.

Кез келген, қаланың сырты автомобиль жол тармағымен байланыс схемасында көлік тасқындарының қалаға кіруі проблема болады. Бұл проблема жергілікті және транзит көлік қозғалысын бірге ұйымдастырудан келіп шығады. Арнайы магистраль көмегімен мәселені шешуге болады, олар үлкен көп қатарлы, тығыздығы жоғары, бір деңгейдегі қиылысу мен жаяу жүргіншілері бар қала жолына алмасады.

Транзит көлік ағыны тек қана қала арқылы өтіп жатқан көлік ағыны емес сонымен қатар қарастырылып жатқан көше, жатқан район арқылы өтіп жатқан көлік ағынын айтуға болады.

Осында автомобиль жолдарының қалаға кіруімен бір қатар сұрақтар туындайды:

  1. Қала маңайындағы аймақтарда жаяу жүргіншілер мен жалпы пайдалану көлігінің қозғалысын ұйымдастыру.

  2. Сауда орындары мен асханаларға жақын жерлерде автомобиль тұрақтарын қамтамасыз ету.

  3. Қоғамдық көлік маршрутының соңғы аялдамалары – автостанциялардың аймағында жолаушылар және автомобиль қозғалысын ұйымдастыру.

  4. Айналмалы жолдармен қиылысулардағы көліктік шешімдерге байланысты құрылыс.

  5. Үсткі су ағыстары қамтамасыз ету және оларды қала су ағызу схемаларымен келістіру.

Автомобиль жолдарының өзгерісін жоспарлау әдетте қала шекарасынан басталады; оның территориясы, өндірістік байланысты қамтамасыз етуші көлік қатынаулары, тұрғындардың жұмыс, мәдени және тұрмыстық сапары, қаланың көше-жол тармағының жалғасы болып табылады. Қала шекарасына жақындағында жолдардың ені үлкейеді. Бұл жергілікті қозғалыс және жалпы пайдалану көлігінің қозғалыс қарқындылықтарының артуына байланысты.

Үш жолақты жолдарды құру мүмкін, бірақ мұндай жолдардағы орта жолақтағы қозғалыс ұйымдастыру арнайы шаралар талап етеді, мұндай жолдар қозғалыс қауіптілігі жоғары бдолады.

Көп жолақты (4 немесе одан көп) жолдарды ажырату жолағын құру шарты.

Ірі және аса ірі қалаларда сыртқы автомагистральдардың жалғасы болған жылдам қалалық жолдар көшесімен қала кіргізу жүзеге асырылады. Қала көше-жол тармағының жоспарының схемасы.

Қала көше жолтармағын жіктеу, қаланың барлық түрдегі жер үсті көліктерінің қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажет болады. Жіктеудің негізгі мақсаты, біріңғай көлік ағындарын ажырату (қызметтеріне сәйкес біріңғай). Ал бұл қала көшелерінің өткізгіштік қабілетін арттыруға себін тигізеді.

Қазіргі кезде қала көшелерін, техникалық берілгендері бойынша емес, олардың функционалдық қызметіне қарай жіктеу қабылданған. Құрылыс территориясынан көшелерді ажыратып тұратын шекараны қызыл сызықтар деп айтамыз.

5-кесте. Айналма жолдарының қала орталығымен салыстырғандағы орналасқан орны және радиусы.

Көрсеткіштер

Қала ауданының орташа радиусы (м)

3

6

9

12

1

Қала арқылы қозғалыс барысында

орташа жылдамдық (км/сағ)

30

26

22

17

2

Айналма жылдамдық. Қала

шекарасынан келесі алшақтық

ұсынылады.

1

11

111

2,0

2,9

1,0

4,0

6,0

3,0

6,0

10,5

6,4

11,2

20,5

13,5

Қала көше-жол торабын төмендегіше жіктеуге болады. Еркін схемалар, мұндай тармақтар тар қисық көшелер; өту бөлігінің ені тұрақсыз болып кейбір жерлерінде автомобиль қозғалысын екі бағытта қамтамасыз ете алмайтын көшелер кіреді; 1). Тікбұрышты схема кең таралған түрі. 2). Тікбұрышты – диоганальды схема бұл тікбұрышты схеманың дамыған түрі. 3). Радиальды-айналма схема.

Сыртқы автомобиль жолдары қала көше тармағымен байланысқан.

Айналма автомобиль жолдарының тиімділігі олардың қала орталығымен салыстырғандағы орналасқан орнына (1-кесте). байланысты.

Әдебиеттер [1; 2; 3; ]

13-дәріс тақырыбы: Қалалардағы жүк қозғалысының ерекшеліктері. Қалаларда жүк қозғалысын ұйымдастыру принциптері.

Қалалардың өсіп-өркендеуімен, ондағы өндірістің дамуы ,жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша проблемалар туындайды.

Атқаратын қызметіне қарай жүк тасымалдау бойынша қозғалыстарды төмендегі топтарға бөлуге болады.

Бірінші – коммуналды-тұрмыстық, және сауда қызметі бойынша қозғалыс. Мұндай жағдайда жүк автомобильдері барлық аудандарға кіре алатын болуы қажет. Тасымалданатын жүктін шамасын орта есеппен 1 адамға жылына; тұтыну жүктері – 2т. қаланы тазалау бойынша жүктер – 0,7т. жанылғы – 1т. бұл жұмыстарды орындау үшін орта есеппен алғанда 1 автомобильге 500 адам тура келеді.

Екінші - өндірістік және құрылыс жүктерін тасымалдау. Қаладағы өндірістік кәсіпорын және құрылыстық жұмысы негізінен автомобильдер қамтамасыз етеді. Өндірістік жүктер, құрылыс жүктеріне қарағанда көлемі жағынан да, бағыты жағынан да бір қалыпты болып келеді. Әдетте мұндай тасымалдауға үлкен жүк автомобильдерінен тартқыштар пайдаланылады. Орта және ірі қалаларда 1000 тұрғынға 12-30 осындай автомобильдер тура келеді.

Үшінші – қала арқылы өтетін сыртқы транзит қозғалыс. Бұл қозғалыстың қала көлігіне ешқандай қатнасы болмағандықтан оны қаладан тысқа тысқа шығару немесе сырттағы айналма жолдарда ұйымдастыру қарастырылады.

Қазіргі кездегі қала құрылысында жоғарыда келтірілген 3-топтың алғашқы екеуі негізгі элемент ретінде қолданылады. Жүк автомобильдерінің жоғары қарқындылықта қозғалысы үшін арнайы магистральдар қарастырылғаны жөн, өйткені жүк тасымалдау, кәдімгі (жүк) магистраль көшелері бойынша, жүк автомобильдерінің өнімділігне кері әсер етеді.

Жүк автомобильдерінің өнімділігі олардың қозғалыс тәртібіне тікелей байланысты. Тұрақты жылдамдықпен ұздіксіз қозғалыс тиімді есептеледі. Егер көлік ағындарының жолында бағдаршамдар, өткізгіштік қабілеті төмен және шектелген жылдамдықпен қозғалыс бөліктері кездесуімен, көліктік шығындар өсе бастайды, жүк автомобильдерінің өнімділігі төмендейді.

Қалаларда көбінесе жүк автомобильдері мен басқа көлік құралдарының қозғалысы аралас келеді. Көлік ағындарындағы жүк автомобильдерінің артуы оның қозғалыс жылдамдығын төмендетеді. Көшелердің өткізгіштік қабілеті – жүк қозғалысының артуымен өте төмендейді.

Жүк автомобильдерінің

ағындардағы %-тегі үлесі 100 80 60 40 20 0

Бір жолақтың өткізгіштік қабілеті 650 750 850 950 1100 1200

Жүк және жеңіл автомобильдердің аралас қозғалысында көшелердің өткізгіштік қабілетінің төмендеуін келтіру коэф- фициентінің көмегімен есепке алады. Жүк автомобильдері үшін бұл коэффициент 2,0 – 3,5 ті құрайды, ал автопоездар үшін – 4,0.

Жүк қозғалысының қарқындылығының артуымен, жолдармен көшелердегі апаттар өседі. Мысалы: жүк автомобильдер үлесі ағындардағы 13 тен 27%-ке дейін артуы – апаттар санының 3,5 есеге көбеюін, ал 40 % үшін артуы – 5-есеге көбеюін көрсетеді.

Әдебиеттер [1; 2; 3; ]

14-дәріс тақырыбы: Қалалардағы автомобиль тұрақтары. Автомобиль тұрақтарын классификациясы.

Автомобильдендіруге байланысты проблемалардың ішінде, әкімшілік, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың алдында автомобиль тұрақтарын ұйымдастыру және тұрғын аудандарда автомобильдерді сақтау үшін жайғастыру мәселелрі негізгі болып табылады. Автомобильдердің деңгейі 1000 тұрғынға 150-200 автомобильден тура келген жағдайда автомобиль тұрақтарының иелеген ауданы, қозғалыс үшін пайдаланатын барлық көшелер мен жолдардын ауданынан асып түседі.

Тұрғын үйлер алдындағы, тұрғын кварталдарда, аудандар аралық кварталдардағы автомобильдерді үнемі сақтау үшін автотұрақтар. Сақтау ұзақтығы 1-тәулік. Қызмет ету деңгейіне байланысты ақылы және ақысыз болуы мүмкін.

Сақтау ұзақтығы үлкен автотұрақтар: кәсіпорындар, мекемелердің алдында, жұмысшы және қызметшілердің автомобильдеріен сақтау үшін құрылады, ұзақтығы 8 сағат артық.

Орташа ұзақтығы автотұрақтар – мезгілімен жиналып тұратын адамдардың автомобильдерін (стадиондар, театрлар, концерт залдары, ресторандардың алдында, 2-4 сағат мерзімді ұйымдастырады.)

Қысқаша мерзімде сақтау үшін, вокзалдардың, базарлардың алдында, әмбебап дүкендердің, спорттық ғимараттардың қасында құрылады. Уақыты 2,0-сағатқа дейін.

Авто тұрақтар жоспарының сипаттамасы. Автотұрақтардың жоспарлық схемасы автомобильдерді жайғастырып қою схемасына байланысты құрылады (автомобильді жайғастырып қою ұясы, кіру жолының ені, бұрылу радиусы, маневрлеу аймағы). Ұяның өлшемі автомобиль өлшеміне байланысты айналысады.

Автотұрақтардың қажеттілігін есептеу. Барлық автотұрақтар ашық және жабық болуы мүмкін. Олар жалпы пайдалануға немесе мемлекеттік автомобиль құралдарын паркілеуге арналған.

Автомобильдендіру деңгейі 1000 тұрғынға – 60 100 180

Мемелекеттік автомобильдердің % 10-12 6-8 5-7

F = MT· ИQn· F (7.1)

Мұндағы Мж - шағын аудандағы тұрғындар саны;

Uа – есеп бойынша автомобильдендіру деңгейі;

n шағын ауданға жайғастырылатын автомобильдер үлесі;

F – бір автомобилді жайғастыру үшін қажетті аудан, 25м2

Әдебиеттер [1; 2; 3; ]

15-дәріс тақырыбы: Қала көшелеріндегі суды ағызу жүйесі және тік жоспарлау. Бір деңгейдегі қиылысулар, ондағы қозғалыс ерекшеліктері

Қала территориясын тік жоспарлау, рельефін жақсарту және бір қатар экономикалық сұрақтар, инженерлік-техникалық проблемаларды шешеді. Тік жоспарлаудың негізгі тапсырмасы; жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының ыңғайлы және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, рельефін жақсарту және қаланың жоспарлық шешімі үшін маңызды жағдайлар тудыру, көгалдандыру үшін қажет болған өсімдіктерді максималды сақтап қалу, үсткі қабаттағы суларды ағызуды ұйымдастыру, қала территориясына инженерлік коммуникацияларды салуға дайындау.

Тік жоспарлау жобасы – қала территориясы және көше-жол торабының кешенді жоспарлық шешімінің бір бөлігі.

Қала территориясын тік жоспарлау – бірнеше этапта орындалады;

1-этапта тік жоспардың схемасы құрылады. Мұнда алаңдардың, жолөткізгіштердің, көпірлердің, магистраль көшелердің қиылысуларының жайғасуы мен үсткі қабаттағы су ағызу бағыттарын анықтау мәселелері қарастырылады.

2-этапта тік жоспарлау схемасын анық дәлелдер бойынша шешеді. Су ағызу жүйесін кварталдар бойынша, негізгі коллектор ағызу жүйесін жайғастыру.

Жобалаудың соңғы этапында, су ағызу жүйесі, қамтамасыз ету, көлденең және бойлық еністерді сақтау, эстетиканың талаптарды қамтамасыз ету.

Қала көшелерінің қиылысулары екі топқа бөлінеді:

  1. Бір деңгейдегі қиылысулар

  2. Әр түрлі деңгейдегі қиылысулар.

Жоспарлық шешіміне байланысты бір деңгейдегі қиылысулар жай және арналанған болып бөлінеді. Жай – бағыттаушы ғимараттармен жол қозғалысын ұйымдастыру элементтері қатыспайды. Каналдандырылған – жоспарда арнайы аралдары бар, олар арнайы жолақтар өту бөлігінен ажыратылған.

Қиылысу бұрышы тік бұрышты болып келген қиылысулар – жол қозғалысын ұйымдастыру үшін ыңғайлы болып есептеледі. Қиылысу бұрышы 60о-тан кем болған қиылысуларда бұрылушы ағындардың қозғалысын ұйымдастыру қиын соғады. Әсіресе тік бұрышты кварталдарда жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастыру. Барлығы қиылысушы көшелер басты немесе негізгі және екінші дәрежелі көшелер болып бөлінеді. Қиылысудан бірінші өту құқығы негізгі ағынға берілген. Мұндай тәртіп, негізгі жолдың жоспарлық құрылымына байланысты алынған.

Бір деңгейдегі реттелмеген қиылысудың өткізгіштік қабілеті. Қиылысудың өткізгіштік қабілеті деген түсініктің мағынасы, қозғалыс жолағындағыға қарағанда өзгеше.

Қиылысудағы өткізгіштік қабілетін бірнеше түрге бөлуге болады.

  • реттелмеген қиылысудағы охоретикалық өткізгіштік қабілеті.

  • реттелмеген қиылысудың мүмкін болған өткізгіштік қабілеті

  • реттелмеген қиылысудың практикалық өткізгіштік қабілеті

Бірінші жағдайда қиылысушы жолдардағы және қиылысудағы идеалды қозғалыс жағдайында алыну мүмкін болған өткізгіштік қабілетін екінші дәрежедегі жолдардың қозғалыс қарқындылығын айтамыз.

Реальды жол шарттарын есепке алғандағы және негізгі ағынның интервалдарын практикалық пайдалануын есепке алғандағы екінші дәрежелі жолдың қозғалыс қарқындылығын айтамыз

Әдебиеттер [1; 2; 3; ]