- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
Жол тәулік және жыл бойы пайдаланылады. Жолмен көп жолаушылары бар мыңдаған автомобильдер мен автобустар өтеді. Жүргізушілер үшін жол - тұрақты жұмыс орны, үздіксіз көңіл бөлу нысаны және барлық негізгі психофизиологиялық әсерлерді қоздырғыш. Жолмен өтетін адамдардың жақсы өмірі мен іс-әрекеті сервиссіз мүмкін емес. Адамдар уақытында тамақ ішіп, демалуы қажет және де өздерінің физикалық және рухани сұраныстарын қанағаттандыруы қажет. Сондықтан барлық басты жолдарда жолаушылар мен жүргізушілердің демалу және оларға қызмет ету орындары қарастырылады, қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, асханалар, медициналық қызмет көрсету орындары, пошта бөлімдері, байланыс бөлімдері және басқа әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени кәсіпорындары салынады. Осы кәсіпорындардың қызмет жасауына байланысты жүргізушілердің жоғары өнімді және қауіпсіз жұмысы қамтамасыз етіледі, жолаушылардың шаршауы баяулайды.
Көлік құралдары тиісті техникалық баптауды, кейде жөндеуді талап етеді. Сондықтан жол бойында жанар май құю станциялары, техникалық баптау жасау станциялары, автомобиль ақауларын жою үшін техникалық көмек көрсету машиналарын шақыру қарастырылады.
4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
Жолдар елді мекендер арқылы өтеді, сулы бөгеттерді кесіп өтеді, таулы асулардан өтеді, тоннельдерден кіріп шығады. Жолдағы адамдар жер бедері, өсімдіктер, жануарлар әлемі, архитектура және т.б туралы үздіксіз көз көрерлік әр жақты ақпараттарды алады. Сондықтан жолдың өзі ақпарат көзі болып табылады. Бірақ бұл ақпараттар жеткіліксіз болады, өйткені жүргізушілерге нақты қозғалыс жағдайлары туралы анық пайдалы ақпараттар керек. Қозғалыс қатысушыларын ақпараттау жұмыстарының жүйесі “жол ақпараты” деп аталады. Жол ақпараты ақпараттарды таңдау, осы ақпараттарды жеткізуге арналған техникалық құралдар мен тәсілдерді қолдану жұмыстарын қарастырады.
Ақпарат барлық сезім мүшелерімен қабылданады, бірақ көзбен қабылдау басты рольге ие болады. Қозғалыс кезінде жүргізуші барлық ақпараттың 95-99% көздің көмегімен қабылдайды.
Ақпарат берудің техникалық құралдары мынадай топтарға бөлінеді: жол белгілері, светофорлар, көрсеткіштер, плакаттар, маршруттар схемалары, электрондық табло, оптикалық шағылыстырғыштар, телевизиялық жүйелер және радиолық қондырғыштар. Жол белгілері, көрсеткіштер, плакаттар, схемалар пассивті техникалық құралдар болып саналады. Жүргізуші, жолаушы немесе басқа қозғалыс қатысушысы оларды көріп, ойлап қорытуы қажет. Содан кейін ғана оларда көрсетілген ақпараттар әрекет етуге қабылданады. Ақпараттың активті техникалық құралдарына светофорлар, электронды табло, жарықшағылыстырғыш қондырғылар жатады. Олардың көмегімен ақпараттар тәуліктің жарық уақытынан басқа түнде де беріледі. Басқа техникалық құралдар аудио-радио және жергілікті ақпараттарды жеткізеді.
Ақпарат беру уақыты мен орны туралы сұрақ қалыптасқан жол қозғалысы ережелеріне тиісті және берілген жол үшін бекітілген жол белгілерін орналастыру графигі негізінде шешіледі. Бұл графикті жолдық пайдалану мекемелері жол полициясының жергілікті органдарымен бірге жасайды және келісіліп, бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Әдебиет: [1; 2; 3; 4; 5; 6]
11-дәрістің тақырыбы: Қазіргі кездегі қалалардағы көліктік проблемалар
Жаңа заман қаласы - өндірістік кәсіпорындардың, (басқарма), тұрғын үйлердің, басқару, мәдени және медициналық мекемелердің аса үлкен болмаған территорияға жинақталуы.
Қалалар темір жолдар мен автомобиль жолдарының торабы өз ішіне қамтиды. Қалалардың тұрмыс жағдайы ондағы көліктік қызметтің қай дәрежеде болуына байланысты.
Қалалрдың дамуы, территориясын инженерлік жабдықтау проблемасы мен сәулеттік-жоспарлау мәселелер шешімі шектеліп қоймастан, қалалардағы көліктік жүйенің дамуын оның ішінде көше-жол тармағының дамуын өз ішіне қамтиды.
Қалалардың басты жоспарын құруға көптеген мамандар қатысады; сәулетшілер, геологтар, экономистер, инженерлер, социологтар, дәрігерлер. Әр бір қалада, территорияны инженерлік дайындау, инженерлік тармақтарды жайғастыру, территорияны суландыру және көгалдандыру сияқты, күрделі мәселерді шешуге тұра келеді. Бұл мәселелердің шешімі дәрежесімен күрделілігі қалалардың географиялық жағдайына тікелей байланысты.
Қазіргі замандағы қала қозғалысы, сәулетшілердің, жол құрылысшылары мен көлік қызметкерлерінің, шешімдеріне тек қана қала көлігі ғана емес қаланың дамуы да байланысты. Сондықтан қазіргі кездегі қала құрылысында жаңа бір бағыт қалыптасқан, болып ол «қалаларды көліктік жоспарлау» деп аталады. Бұл бағыт кешенді көліктік, құрылыстық, жоспарлау және табиғатты қорғау шараларын өз ішіне алады. Оның мақсаты – көше-жол торабының пайдалы құрылымын құру, халыққа көлік-қызмет көрсету проблемаларын шешу.
Көліктік проблемалардың өткірлігі қаланың ірілігіне байланысты. Мұның, екі себебі бар: бірінші - қаланың үлкейуімен тығыздығының артуы, екінші – қаланың ауданының артуымен оның қатынау тармақтары ұзаруы. Бұл себептің екеуіде қалалардағы автомобильдердің, санының артуына, соған байланысты, тұрақтарды және өткізгіштік қабілеті жоғары жол тармағын үлкейтуді қарастырады.
Тұрғындарының санына қарай қалалардың ірілігі төмендігідей болуы мүмкін
Аса ірі қалалар 500-артық
Ірі қалалар 250-500
Үлкен 100-250
Орташа 50-100
Кіші 10-50
Қала типтегі поселке 10 (мың адам)
Көшелердің өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ету қала қозғалысындағы негізгі мәселелердің бірі.
Жол қозғалысында кездесетін негізгі қиыншылықтардың бірі – қарбалас сағаттарда күш түсуі, яғни тәуліктің ертеңгілік және кешкілік уақыттарында қозғалыс қарқындылығының кенет өсуі.
Жоғары қарқындылықтағы көлік ағындарын өткізуге байланысты қиыншылықты жаяу жүргіншілер ағынының тудыруы әбден мүмкін. Жаяу жүргіншілер ағынымен көлік ағындарының бір көше бойында аралас келуі жол-көлік апатының негізгі себептерінің бірі. Олардың саны 1 млн. авт. км жай автомобиль жолдарындағыдан 10-12 есе көп. Бұл қиыншылықтарды шешудің негізгі екі жолы бар жолы бар:
1. Белгілі бір жүйедегі көшелерде қозғалысты ұйымдастыру;
2.Тораптарды қайта құру;
