Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.

Жол жағдайлары жеке автомобильдермен қоса бүкіл ағынның қозғалыс реті мен қауіпсіздігіне едәуір әсер етеді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде автомобиль жолдарының негізгі техникалық пайдалану көрсеткіштері үлкен маңызға ие болады.

Мұндай көрсеткіштердің қатарына мыналар жатады:

- жер төсемінің, жүргінші бөліктің геометриялық өлшемдері;

- жол жағасының ені және күйі;

- төсемнің тегістігі және кедір-бұдырлығы;

- пландағы және көлденең профильдегі қисықтардың көріну-шілігі;

- түнгі уақытта жолдың қауіпті учаскелерінің жарықтанды-рылуы;

- жүргінші бөлік бетінде белгілердің болуы;

- жолды инженерлік жақсартудың сапасы;

- реттеу жүйесінің автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің нақты қозғалыс қарқындылығына сайма-сай келуі.

Екі алқапты жүргінші бөлікте жүргізушілер басқа автомобильді басып озғанда немесе бөгетті айналып өткенде қарсы қозғалыс алқабына шығады. Мұндай жағдайда, әсіресе жолдың көрінуі шектеулі болғанда жолда жол-көлік оқиғаларына әкеп соғатын апаттық жағдай құрылады. Белгілі алқапсыз, жаяу жүргінші және велосипед жолдарынсыз, оған қоса бір деңгейдегі басқа жолдармен қиылысатын жобаланған және салынған жол жоғары қауіп төндіреді.

Әсіресе алда келе жатқан автомобиль өте тез тежелген кезде қозғалыс қауіпсіздігі едәуір бұзылып, кейбір кездерде автомобиль апатқа ұшырайды. Ағындағы автомобильдердің қалыптасқан қозғалыс ретінің осылай өзгеруі артта келе жатқан автомобильді тез тежелуге итермелейді, мұның өзі қауіпті жағдай тудырады, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ететін жылдамдықты өсіруге мүмкіндік беретін жол күйі де қауіпті болады. Мұндай жол учаскелеріне созылмалы өрден түсу жатады. Қатайтылмаған жол жағалары да жол қозғалысына қауіп төндіреді. Автомобильдердің мұндай жол жағаларына шығуы оның доңғалақтарының қозғалысқа кедергі болу тепе-теңдігін өте тез бұзып, оның тайып кетуіне немесе аударылуына әкеп соғады.

Автомобильдер кіші радиусты бұрылыстары бар қисық сызықты учаскелермен қозғалғанда оның орнықтығына әсер ететін, яғни оны аударып тастауға ұмтылатын көлденең күш пайда болады. Сондықтан қисықтың радиусы азайған сайын және бұрылу бұрышы көбейген сайын қозғалыс жағдайлары қиындайды, қарама-қарсы келе жатқан автомобильдермен соғылып қалу қаупі өседі.

Төсемнің тегістігі және кедір-бұдырлығы автомобильдердің қозғалыс сипатына едәуір әсер етеді. Төсемнің жеткіліксіз тегістігі рессора астындағы және рессора үстіндегі автомобиль салмақтарының тербелісін тудырып, автомобиль қозғалысының орнықтығын бұзады, доңғалақтардың төсеммен ілінісуі төмендейді. Төсемнің жеткіліксіз кедір-бұдырлығы жол-көлік оқиғасының бірден-бір себебі болып табылады.

Жолдың немесе қарама-қарсы келе жатқан автомобильдің жеткіліксіз көрінуі қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсер етеді, көлік ағындарын реттеу құралдарының болмауы жол жағдайын бұзып, қауіпті жағдай тудырады.

2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын көтеру мақсатымен биіктігі 2 м жоғары болатын үйінділерді, өзендер мен көлдер жағаларында, көпірлер мен жол өткізгіштердің кіре берісінде, жол құбырларының үстінде, бір деңгейдегі жол қиылыстарында және басқа қауіпті орындарда әртүрлі қоршаулар қолданылады. Жол қоршауларының констукциялары оларды орналастыру орындарының ерекшеліктеріне, құрылыс материалдарының барлығына және оларға қойылатын талаптарға сай құрастырылады.

Барлық жол қоршаулары оларды қолдану шарттарына байланысты екі топқа бөлінеді:

  • биіктігі 0,75 м кем болмайтын барьерлі конструкциялар және биіктігі 0,6 м кем болмайтын парапеттер;

  • биіктігі 0,8-1,5 м аралығында болатын шарбақ түріндегі конструкциялар.

Міндетіне қарай барлық жол қоршаулары мынадай түрлерге бөлінеді:

- бағыттағыш (шам шырақтарын шағыстыратын бардюрлер, қазықтар, тумбалар және т.б.);

- ұстағыш (бұталардың, талдардың қою алқабы, парапеттер, железо-бетонды брустар, трос тәрізді, тор түріндегі темір қоршаулар).

Осы жоғарыда айтылған қоршаулардың міндеті әртүрлі болады.

Бағыттағыш қоршаулар жолдың қауіпті учаскесінде жүргізушінің кеңістік бағдар алуына арналған. Олар биіктігі 2 м жоғары болатын үйінділерде және қиықтарда орнатылады. Бұл қоршаулар автомобильдердің жолдан түсіп кетуіне кедергі бола алмайды. Олар жүргізушілерге тек жолдың бағыты туралы ақпарат береді. Олар белгіленген пішін мен түрге ие болады және қозғалысқа қосымша бөгет жасамауы қажет. Түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін оларға жарықшағылыстырғыштарды бекітеді.

Ұстағыш қоршаулар автомобильдердің жер төсемінен түсіп кетпеуіне кедергі болу үшін қызмет етеді. Олар ашық түрге, берік конструкцияға ие болуы қажет, бүлінбей және бұзылмай автомобиль соққыларына шыдауы қажет. Сонымен бірге олар езілгіштікке ие болып, автомобильдің соққы күшін жұтуы қажет. Мұндай талаптарды тал, бұта алқаптары, шарбақ түріндегі және ауыр, сызықты конструкциялар қанағаттандырады.