Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

2. Жер төсемін салу.

Жер төсемін салудың құны I-III категориялы жолдардың құрылысы құнының 8-15 пайызын құрайды. Бірақ бұл жұмыстың арзандығы материалдарға ақы төлеу шығынының жоқтығымен түсіндіріледі. Шындығына келгенде жер жұмыстары жол құрылысындағы өте күрделі және маңызды жұмыстар болып саналады. Жол киімінің беріктігі және салынған жолдың қозғалысты қамтамасыз ету қабілеті жер төсемінің дұрыс салынуына тығыз тәуелді болады. Топырақты жеткіліксіз немесе бірқалыпсыз тығыздау, үйіндіні жүйесіз әр түрлі топырақтан құру, жолдан суды ағызу жүйесін қамтамасыз етпеу – келешекте жолдың бұзылуына, қымбат жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жолдың көліктік-пайдалану сапасын төмендетуге себеп болады.

Жер төсемін салуға арналған негізгі машиналарға мыналар жатады:

  • бульдозерлер;

  • скреперлер;

  • автогрейдерлер;

  • эксковаторлар;

  • өздігінен жүретін катоктар.

Бульдозер – бұл алдында арнайы раманың көмегімен бекітілген күшті пышағы-отвалы бар шынжырлы немесе доңғалақты трактор. Бульдозерлерді қолданудың негізгі облысы – жол маңайындағы қорлардан алынған топырақтан биіктігі 1,5 м дейін үйінділерді салу.

Скрепер - әлді трактормен қозғалысқа келтірілетін доңғалақты үлкен ковш. Скреперлер оймаларды құрғанда және одан алынған топырақты 100 м астам жерде орналасқан үйіндіге жеткізуге өте ыңғайлы құрал болып саналады. Скреперлердің сиымдылығы 3 - 25 м3.

Автогрейдер – жер төсемі бетін тегістеуге және аласа жер төсемін салуға арналған машина.

Эксковатор – жерді қазып, одан шыққан топырақты автомобильдерге немесе трактор тіркемелеріне тиеуге арналған жер қазғыш машина.

Каток – жер төсеміндегі топырақты тығыздауға арналған өздігінен жүретін машина. Топырақты тығыздау үшін салмағы 9-16 тонна өздігінен жүретін катоктар мен салмағы 4-35 тонна тіркемелі катоктар қолданылады.

3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.

Жол құрылысында негізінен көліктік жұмыстардың барлық көлемін автомобильдер орындайды.

Автомобильдер жол салу орындарына барлық құрылыс материалдарын карьерлерден, қоймалардан, заводтардан немесе темір жол станцияларындағы жүк түсірілетін пунктерден және су көлігінен тасымалдайды.

Жол құрылысында пайдаланылатын автомобильдер уақытша салынған кіріс жолдарында қолайсыз жағдайда жұмыс істеуіне тура келеді, өйткені жүктерді, материалдарды арту және түсіру орындарына жиі бару кіріс жолдарының нашарлауына себеп болады. Карьерлерден шығу жолдарындағы бойлық еңістік кейбір кездерде 200-300 промильге дейін жетеді. Ауа райының қолайсыз жағдайларында әлді эксковаторлар жұмыс істей береді, ал автомобильдердің лайланған, тайғақ топырақты жолдардың бетімен жүруі өте қиын.

Жол құрылысында автомобильдерді нашар кіріс жолдарында пайдалану әрқашан автомобильдің едәуір тозуымен және жоғары пайдалану шығындарымен байланысты. Сондықтан бұл кіріс жолдардың жағдайын жақсарту үшін әр түрлі шаралар орындалуы керек. Мысалы, карьерлерден шығатын жолдарға қатты төсем төселеді. Әсіресе бұзылып-жиналатын бетонды төсеген өте ыңғайлы және тиімді, өйткені бұл бетонды төсемдерді керегіне қарай басқа орындарға көшіріп отыруға болады.

Эксковаторлар жұмыс жасағанда және автомобильдер топырақты тасымалдағанда жолда қою шаң құрылады. Құрылыс алаңдарында қозғалыс қарқындылығы жоғары болып, автомобильдер бірінің артынан бірі жүргенде, көтерілген шаң ұзақ уақыт басылмайды. Бұл жүргізушінің жұмыс жағдайын нашарлатып, автомобильдердің тез тозуына соқтырады. Осы шаңмен күресудің жиі қолданылатын әдісі – автогрейдерлермен шаңды жолдан бір жағына қарай сырып тастау.

Әдебиет: [1; 2; 4; 5]

10-дәріс

Тақырыбы: Жолдарды жарақаттау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету