- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
3. Шөл даладағы жолдар.
Шөл дала жазда өте құрғақ және ыстық, ал қыста өте суық ауа райымен сипатталады, топырақ қабаттарында суда ерігіш тұздары бар және қатты шаңданатын топырақтар болады. Жаңбырлы кезеңдерде қатты тұздалған топырақтар ылғалданып, тұтқырлы батпаққа айналады. Жаз айларындағы ыстық ауа райының әсерінен топырақ бетінде кеуіп кеткен тұз қабаттары пайда болады.
Шол даладағы ауа райының ерекшеліктері жол құрылысы мен автомобиль көлігін пайдалануға едәуір әсер етеді. Ауаның жоғары температурасы жүргізушінің жұмыс жағдайын ауырлатады және автомобильдің салқындату жүйесіне көтеріңкі талаптар қояды. Кабинаның металл бөліктері күннің әсерінен 70-75 градусқа дейін қызады. Стандартты ауа тазартқыштар қатты шаңданған ауаны тазартуды қамтамасыз ете алмайды.
Жол құрылысына және жолды пайдалануға сусымалы құмдар көп қиындықтар туғызады. Жел жылдамдығы 2 м/с артқанда ұсақ құмдар бір жерден екінші жерге ұшып, үйіле бастайды, кейбір жерлерде құм үйінділері жыл ішінде 15 метрге дейін жылжиды, ал жолға жеткеннен соң, оның үстіне үйіле бастайды.
Шөл даладағы жолдарды қорғаудың ең тиімді тәсілі – құмды өзінің тамырларымен байландыратын жасыл егістіктерді егу. Бірақ шөл дала жағдайында жолдың кейбір жерлерінде бұл шараларды жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды, сондықтан жол бойына құм көшкініне кедергі жасайтын тақталар қондырылады.
Шөл далада сүйірлі көлденең профильді, шеттері домаланып құрылған жер төсемі кеңірек таралған. Мұндай жағдайда жел ағыны құмның көп бөлігін жолдан өткізіп жібереді.
Құрамында су еритін тұздары бар шөл даладағы топырақтардың беріктігі жылдың жаңбырлы кезеңдерінде қатты төмендейді. Сондықтан жер төсемін салғанда аз тұздалған топырақтар пайдаланылады.
Әдебиет: [1; 2; 5; 6]
9-дәріс
Тақырыбы: Жол құрылысын ұйымдастыру принциптері
1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
Автомобиль жолдарын салу – топырақтың үлкен көлемін тасымалдаумен, жол киімдерін құруға шығындалатын көп жол материалдарымен, едәуір көліктік жұмыстармен байланысқан, көп еңбек сіңіруді керек ететін процесс. Мысалы, тегіс жерде 1 шақырым аралығында II категориялы жолды салу үшін 7500 тонна құм мен щебень немесе гравий әкелінуі керек және топырақты 50 м және одан ұзын қашықтыққа тасымалдай отырып, жер жұмыстарының 12000 м3 көлемі орындалады. Құнарлы жерлі аймақтарда және үлкен қалалардың маңайында үйіндіні құру үшін топырақ шамамен 20-40 шақырым жерде орналасқан құнарсыз жерлерден тасымалдануы қажет.
Тас материалдар, әдетте, үлкен қашықтықта орналасқан жол-құрылыс орындарына темір жол немесе су көлігімен жеткізіледі. Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу құрылыс нысандарының ондаған және жүздеген шақырымдарға созылуы себебінен қиынға соғады.
Кейінгі кезде біздің елімізде жол құрылысы көлемінің жыл сайын өсуі – жол-құрылыс жұмыстарын механикаландыру деңгейін көтеруді, жоғары өнімді шет ел техникаларын пайдалануды, жол-құрылыс материалдарын үнемді пайдалануды талап етеді.
Қазіргі кезде автомобиль жолдарын салғанда механикаландырылған бірнене топтар құрылады, бұл топтардың әрбірі тек бір ғана құрылыстық процесті орындауға мамандырылған, мысалы, кіші көпірлер мен құбырларды өткізетін топтар, жол киімінің табанын құратын топтар, төсем төсейтін топтар және т.б.
Кейбір жол жұмыстарының көлемі жолдың бүкіл қашықтығында бірдей болады, мұндай жұмыстарға төсемдер мен табандарды төсеу, үйінділер мен оймаларды салу жатады және олар сызықтық жұмыстар деп аталады. Басқа жұмыстар жолдың кейбір жеке бөлек учаскелерінде өтеді, мысалы, көпірлер мен құбырларды орнату, өте терең оймалар мен биік үйінділерді құру. Мұндай жұмыстар шоғырландырылған жұмыстар деп аталады. Сондықтан ірі жер жұмыстарын орындайтын механикаландырыл-ған топтар басқа құрылыс топтарының алдында жүреді.
Кіші көпірлер мен құбырларды салғанда оларды жеке элементтерден салынатын орнында құрастырады.
Үлкен көпірлерді, әдетте, мамандырылған көпір салғыш ұйымдар салады.
Жер төсемін жолдың бұкіл қашықтығында салудың негізгі жұмыстарын механикаландырылған топтар жүргізеді, олар топырақты бүйірлік резервтерден алуға немесе үйіндіні сырттан әкелінген топырақтан құруға мамандырылады (сызықтық жер жұмыстары). Жол киімдерін екі еркін топ салады (табан мен төсемді төсеу).
