Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

1. Батпақ жерлердегі жолдар.

Батпақ деп су сіңіп кеткен және торф қабаттары пайда болған жердің шамадан тыс ылғанданған учаскелерін айтады.

Батпақ жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Жоғарғы батпақ жердің кіші еңістікті жерлерінде атмосфералық тұнбалар тұрып қалғанда пайда болады. Оның барлық қабаты торфтан құрылады және оңай құрғатылады. Төменгі батпақтар көлдер мен баяу ағысты өзендер батпақтанғанда пайда болады. Мұндай батпақтарда торф қабатының астында тұйықталған су немесе ұсақ балдыр қабаттары орналасады. Бұл батпақтағы торфтық кілемнің беріктігі төмен болады, сондықтан олар жол үйіндісінің салмағын көтере алмайды, яғни мұндай жерлерде жол салғанда оларды бұзып, батпақ түбіне құмнан үйінді үйіледі. Батпақтанған аудандарда автомобиль қозғалысы тек үйінді үстіне салынған арнайы жолдар арқылы жүзеге асырылады.

Батпақты жерлерде жолдарды салу бірнеше әдістермен жүзеге асырылады:

  • жоғары категориялы жолдарды салғанда торф қабаты толық алынып, оның орнына құм қабатынан тұратын үйінді үйіледі;

  • торф ішінде тік орналасқан құмнан немесе кеуеу синтетикалық материалдан тұратын дренаждар орналастыры-лады;

  • төменгі категориялы жолдарды салғанда батпақты жерге бірінің жанына бірі қойылған және олар көлденең бөренелермен бекітілген төсем төселеді.

2. Тау жолдары.

Таулы аймақтарда жол құрылысын және автомобиль көлігін пайдалануды қиындататын әр түрлі мынадай факторлар ескеріледі:

  • жолдың шекті мүмкінді еңістігінен едәуір артық жердің үлкен еңістігі;

  • өте көп кіші радиусты бұрылыстарды салуды қажет ететін жер бедерінің ойлы-қырлылығы;

  • әр түрлі биіктіктегі дөңдерден өту қажеттігі;

  • құзды топырақтар;

  • жолдың жеке учаскелеріндегі ауа райының әр түрлі болуы.

Таулы жерлердегі жолдар үшін аңғарлы жолдар мен асулы учаскелер сипатты.

Аңғарлы жолдар – бұл өзен бойындағы аңғармен өте отырып, таулы аймаққа кіретін жолдар. Кез келген өзеннің иректігі көп жерде кездесеттін болғандықтан өзен бойындағы мұндай жолдарда радиусы 30-40 м аспайтын шұғыл бұрылыстар жиі кездеседі, мұның өзі жолдың көрінімдігін төмендетеді.

Таулы аңғарлардың шұғыл құламалары бойымен жолды салғанда жер төсемі жартылай үйінді мен жартылай оймада орналасады. Мұндай жолдарда жер төсемінің үйілген бөліктерінің төмен қарай ығыспауын қамтамасыз ету үшін және ойма құламаларындағы әлсіз тасты бөліктерді бекіту үшін тасты немесе темір-бетонды итерме қабырғалар орналастырылады.

Таулы аңғарлардың құламалары, әдетте, орнықсыз болады. Сондықтан мұндай жолдарда шөгінді учаскелер жиі кездеседі, яғни таудан үлкен өлшемді тастардан бастап, жеке жерлі түйіршіктерге дейін домалап ағып жатады. Кейбір жағдайларда шөгіндідегі желдену өнімдері қатты жаңбырмен шайылып, лайлы-тасты ағындарды – селді құрайды. Сондықтан жолды қорғау үшін арнайы қондырғылар орналастырылады. Мұндай қондырғыларға селдің жолға енуіне бөгет жасайтын қабырғалар немесе галерея қарастырылады.

Таулы жолдардың кейбір бөліктерінде ауа райының қолайсыз кезеңдерінде – күз және көктем айларында жер шамадан тыс ылғалданғанда топырақтың үлкен бөлігі ығысып, топырақ көшкіні пайда болады, кейбір кездерде олар жолдың едәуір бөлігін бұзып тастайды.

Биік таулы аймақтарда қыс және көктем айларында жол қозғалысына құламалардан қардың үлкен бөліктерінің опырылып құлауы – қар көшкіндері қауіп төндіреді. Осындай қауіп төндіретін учаскелердегі жолды қорғау үшін кейбір кездерде қар көшкіндерін ұстап қалатын галереялар, ал жолға қызмет ету кезеңдерінде жолдағы қозғалыс белгілі бір уақытқа жабылып, қар көшкінін жасанды түрде тудырады, бұл қар үйіліп, жиналып қалған тау бөліктерін атқылау арқылы жүзеге асырылады.

Таулы аймақтың кейбір жерлерінде күрделі бұрылыстар – серпантиндер орналастырылады. Жолдың мұндай учаскелерінде қозғалыс жылдамжығы төмендейді (15-20 км/сағ дейін), жолдың пайдалану сапасы нашарлайды. Серпантиндер автопоездар мен ұзын өлшемді жүктерді тасымалдайтын автомобильдерді өткізуге өте қолайсыз болады.

Таулы аймақтарда автомобильдерді пайдалану жағдайлары өте қолайсыз болады. Автомобильдің карбюраторлы моторларының қуаты ауаның сиреуі нәтижесінде төмендеп кетеді, ол 3 км биіктікте 63 пайызды, ал 4 км биіктікте 50 пайызды ғана құрайды. Судың қайнау температурасы күрт төмендегендіктен, моторды салқындатудың керекті реті бұзылады, отын шығыны көбейіп кетеді. Жанармайдың толық жанбай қалуына байланысты май сұйылып, салқындату жағдайларын төмендетеді және мотор бөлшектерінің шамадан тыс желінуіне ықпал жасайды.

Сондықтан жалпы тау жолдарында автомобиль көлігін пайдалану тиімділігі осы аймақтағы биік таулы асулы учаскелердің ұзындығына тәуелді болады.

Таулы жолдарда шиналардың желінуі нормадан едәуір асып кетеді, мұның себебі – кіші радиусты бұрылыстардағы шиналардың бүйірлік ығысуы, өрге көтерілгенде және одан төмен түскенде артқы және алдыңғы белдіктерге жүктеменің қайтадан бөлінуі; өрден түскенде жиі және ұзақ тежелу болып табылады. Оған қоса тау жолдарында автомобильді төменгі берілістерде жүргізуге тура келеді, мұның өзі отын шығынын арттырады. Созылмалы өрден төмен түскенде автомобиль тежегіштерінің істен шығып қалуына байланысты, кейбір жағдайларда, жол-көлік оқиғасы өтеді.

Таулы аймақтарда жұмыс істеуге арналған автомобильдерді құрастырып, өндіргенде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың барлығы ескерілуі тиіс.