- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
Иірімдер деп қыс айларында жол киімдері тегістігін жоғалтып, кедір-бұдырлар пайда болғанда, ал көктем айларында қар ерігенде автомобильдердің қозғалысы кезінде киім ойықтарында пайда болатын жол киімдерінің пішінін өзгертуін айтады.
Иірімдердің ашылу белгілері байқалған кезде жол киімдерінің - бұзылуын болдырмау үшін мынадай шараларды жүзеге асырады:
-жолды алдын-ала еріген судан тазартады;
арықтар мен жол жағасын қардан тазартады;
жолдың иірімдермен зақымдалған жерлерін автомобиль доңғалақтарының әсерінен қорғайды;
жол киімінен суды ағызып жіберу үшін оның үстінде 2-5 м сайын көлденең арықтар жасайды.
Ыстық жаз айларында жол бетінде көтерілген шаң автомобильдердің пайдалану сапасын және автомобиль паркін тиімді қолдануды төмендетеді.
Құрғақ ауа райында жолдан автомобильдер өткен кезде шаң ауаға көтеріліп, шаңды бұлт құрайды. Көтерілген шаң жолдың көрінуін төмендетіп, автомобильдер бір-бірінен үлкен қашықтықта төменгі жылдамдықпен қозғалуына тура келеді, мұның нәтижесінде жолдың өткізу қабілеті төмендейді.
Жолдағы шаңмен күресу – қиын әрі қымбат шараларға жатады. Қала жағдайында жолдар шаңнан су шашқыш машиналардың көмегімен тазартылады, мұнда 1 м2 ауданға 0,15-0,25 л су шашылады. Қаладан тыс жолдарда жол жағасын әртүрлі тәсілдермен бекіту жұмыстары қарастырылады.
7. Жолдарды қалпында ұстау және жөндеу қызметінің структурасы. а) Дорожный участок – бекітіліп берілген жол учаскесін және оның бойындағы ғимараттарды күзетуді қамтамасыз етеді, жолды жөндеу және қалпында ұстау жұмыстарын орындайды, жолдың көліктік – пайдаланылу сапасын жақсартуға бағытталған шараларды өткізеді (100,140,180,250,300 км).
б) Дорожно-эксплуатационный участок – бекітіліп берілген автомобиль жолдарын қалпында ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйым.
в) Дорожное ремонтно-строительное управление – жолдарды және ондағы ғимараттарды күзету, жолдардың күйін зерттеу, деформациялардың пайда болу себептерін, аз уақытта тез желініп-бұзылу себептерін анықтау, жөндеу материалдарымен қамтамасыз ету жоспарын жасау, жолды ағымдағы, орта күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жүзеге асыратын бөлім.
г) Дорожно-ремонтный пункт – жолды ағымдағы және орта жөндеу жұмыстарын атқаратын өндірістік бөлім. Оларға бекітілетін жол учаскесінің ұзындығы І кат – 40 км, ІІ кат – 50 км, ІІІ кат – 65 км, ІУ кат – 80 км, У кат – 100 км.
д) Дорожно-эксплуатационный пункт – жолдардың күйін қалпында ұстау жұмыстарын атқаратын жол учаскесі бөлімі.
Жолдарды қалпында ұстау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың бірнеше тәсілдері болады:
1.Ағымдық тәсіл – жұмыс жоспарланған арнайы механикаландырылған бригадалармен, топтармен, жол машиналарымен бүкіл жол бойына жүргізіледі. Мұндай тәсіл жол жұмыстарының көлемі мен сипаты жол бойында біркелкі бөлінгенде қолданылады.
2. Учаскелік-ағымдық тәсіл – жол бірнеше учаскеге бөлінеді де, әр учаскеде ағымдық тәсіл қолданылады. Мұндай тәсіл жол бойында жөндеу жұмыстарының сипаты мен көлемі әртүрлі болғанда қолданылады.
3. Учаскелік-параллель тәсіл - жөндеу жұмыстары бір уақытта жолдың барлық учаскелерінде жүргізіледі.
Әдебиет: [1; 2; 3; 4; 5; 6]
8-дәріс
Тақырыбы: Күрделі табиғат жағдайларындағы жол ерекшеліктері
