- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
Халық шаруашылығы салаларының кейбір түрлерінде автомобильдерді пайдалану жағдайлары қарапайым топырақты дала жолдарында тасымалдаумен тығыз байланысты, мысалы, ауыл шаруашылығы мен ағаш дайындау шаруашылығында. Сондықтан топырақты жолдар қасиеттерінің әсерін автомобильдерді пайдалану жағдайларын бағалағанда ескеру керек.
Топырақтық жүктемелерге кедергісі олардың ылғалдануына байланысты болады. Жыл ішінде топырақтың ылғалдану және кебу дәрежесі өзгеріп отырғандықтан олардың автомобильдерден түсетін жүктемеге кедергі келтіруі әр-түрлі болады.
Көктем және күз айларында топырақ қарқынды ылғалданғанда топырақты жолдардың өтімділігі қиындайды. Қатты ылғалданған топырақтың доңғалақ жүктемелеріне қарсы кедергісі жеткіліксіз болғандықтан жолда сораптар пайда болып, қозғалыс жағдайлары қиындайды. Бұл кезеңдер күзгі және көктемгі майсаңдар деп аталады.
Осы кезеңдердегі тасымалдауды жүзеге асыру үшін мына шаралар жүзеге асырылады:
- жолдан суды ағызып жіберу жүйесімен қамтамасыз ету (жолға дұрыс көлденең профиль беру);
- жеке ойықтар мен сораптарда жиналған суды жойып, терең ойықтарды жөндеу;
- жолдың қиын өтімді учаскелерін айналып өтетін құрғақ айналым жолдарын қарастыру;
- жолдың жеке қиын өтімді учаскелеріне гравийлі, щебеньді немесе щлактан төсем төсеп, жолдан суды ағызуды қамтамасыз ету;
Автомобильдің өткіштігі деп оның жолдың нашар жағдайларында және жолсыз жерлермен қозғала алу қабілетін айтады.
4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
Автомобиль жолдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, оларды уақытында жөндеу және автомобильдік тасымалдауға қызмет ету – жолдарды қалпында ұстау және жөндеу қызметінің міндеттері болып табылады (ЖПҚ - жолдық пайдалану қызметі)
Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- жолдардың пішінінің өзгеруін қалыпқа келтіру;
- жол өтімділігіне табиғи факторлардың әсер етуімен күрес жүргізу;
- мұз тайғақтармен күрес жүргізу;
- мұз өткелдердің көтергіштігін қадағалау;
- жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу;
- жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қозғалысы қарқынды болатын автомагистральдарда жанар май құю пункттері, техникалық баптау және жөндеу пункттері, қонақ үйлер мен асханалар орналастырылады. Жүктер мен жолаушыларды қабылдау пункттерінде жолаушылар мен жүк түсіру әрекеттеріне қызмет ететін орындар қарастырылады.
Жолдарды жөндеу процесінде құрылыстық сипаттағы жеке жұмыстар орындалады.
Гравийлі және щебеньді төсемдер бірнеше жыл ішінде тізбектеле орындалған беттік өңдеу жолымен жақсартылып, жетілдірілген жеңілдетілген төсемдер категориясына ауысуы мүмкін.
Жөндеу және жолды бір қалыпта ұстау қызметі автомобиль жолдарының бойына жасыл егістіктер мен әдемілік егістіктерін егу жұмыстарын да жүргізеді.
5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
Еліміздің кейбір аймақтарында қыс айларында автомобиль жолдарын бір жыл ішінде 3-4 ай қар басып жатады. Егер жол үстіндегі қар қалыңдығы биік болса, онда ол қозғалыс жағдайларының нашарлауына ықпал жасайды.
Қардың жел әсерінен көшуі – күрделі физикалық-механикалық құбылысқа жатады.
Қар бөлшектерінің жер әсерінен жұлынып алынуы әр түрлі факторларға байланысты болады, олар: жел күші, қар қабатының тығыздығы мен қалыңдығы, қар массасының температурасы мен ылғалдығы.
Қардың жұлынып алу шарты мына теңсіздікпен сипатталады
Fsn > Fg+Fc+F (10)
мұндағы
Fsn- желдің жұлып алу күші, Н;
Fg – қаршықтардың ауырлық күші, Н;
Fс – қаршықтардың қар массасымен ілінісу күші, Н;
F - қар бөлшектері аралығындағы үйкеліс күші.
Жол үстіндегі қар қабаты қатты тығыздалған болса, кейбір жағдайларда ол автомобиль қозғалысына жарамды болады. Жолдағы қар қалыңдығы 10-20 см, ал тығыздығы 0,08-0,5 г/см3 болса, онда оның үстімен бір жарым тонналық автомобильдер; тығыздық 0,4-0,65 г/см3 болса үш тонналық автомобильдер; тығыздық 0,65 г/см3 жоғары болғанда бес тонналық автомобильдер еркін жүреді. Бірақ қалың қар қабаты сораптар мен шұңқырлардың пайда болуына себеп болады. Әсіресе олар ауа райы жылына бастағанда қарқынды құрылады.
Күшті жел тұрып, боран болғанда жолды қар басудан қорғау үшін бір қатарлы немесе екі қатарлы жасыл егістіктер егіледі, олар жол бойында орналасып, жел жылдамдығын азайтады, қарды бойына ұстап қалады. Жолдың кейбір учаскелеріне қардан қорғайтын бөгеттер орнатылады.
Қозғалысы қарқынды болатын жолдарды қардан тазалаудың негізгі әдісі – патрульдік қар тазартқышты қолдану.
Жолды қардан тазалау жұмыстарында роторлы қар тазартқыштарды пайдалану өте жақсы нәтиже береді, өйткені олар қарды 20 м-ге дейінгі қашықтыққа лақтыра алады.
Қыс, көктем айларында күн жылынып, қар ерігенде және түнгі суықтан еріген қарлы-су қатып қалғанда жолдың кейбір жерлерінде тайғақ пайда болады. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендетіп жібереді. Жолдың беті тайғақ болғандықтан шиналардың жолмен ілінісу коэфициенті 0,06-0,1 мәндерінен аспайды. Бұл кезеңде автомобиль орнықтылығы төмендейді. Тежеу жолы ұзындығының тез ұзаруының нәтижесінде жол көлік оқиғалары қауіпі өседі.
Қысқы тайғақтармен күрес жүргізу үшін жолдық пайдалану қызметі әртүрлі шаралар жүргізеді. Бұл шаралар жолдан тайғақ мұздарды алып тастауға немесе доңғалақтардың жолмен ілінісу коэфициентін жоғарылатуға бағытталады. Төменгі категориялы жолдарға құм шашылады. Шашылатын материалдардың (құм, шлак) тиімділігін арттыру үшін құмға немесе шлакка 8% дейін тұз қосылады. Құм құрамына 3% хлорлық кальций қосылса, онда ілінісу коэффициенті 0,22 дейін, ал 4,5% қосылса 0,27 дейін жоғарылайды. Оған қоса тұз қосылған құм қыс айларында қатып, жабысып қалмай жақсы сақталады да оны пайдалануды оңайлатады.
Жылдың қысқы, көктем және күзгі айларында жол мұзданып, ЖКО өсуіне ықпал жасайды (15-30%).
Мұзданудың үш түрі кеңірек таралған деп есептеледі:
1. Нығыздалған қар қабаты;
2. Мұз - жаңбыр суларының мұздалған жұқа қабаты;
3. Тайғақ – төсем бетінде атмосфера сулары тамшыларының қатуы.
Жол бетінде мұз қабатының пайда болу уақыты мына формула бойынша анықталады
(11)
мұндағы
һ – мұз қабатының қалыңдығы;
-
мұздану кезеңіндегі ауаның орта нөлден
төмен температурасы;
-
жел жылдамдығын ескеретін коэфициент.
Vм=1 =1 ал Vw=5…10 м/c =1…15
Жол практикасында тайғақпен және мұзданумен күрес жүргізудің мынадай әдістерінің классификациясы қарастырылған:
1. Механикалық әдіс – арнайы машиналардың көмегімен жол төсемі бетіндегі мұз қабаттарын бұзып, жол жағасынан ары шығарып тастау. Жоғары өнімді машиналар болмағандықтан бұл әдіс кеңінен таралмаған.
2. Фрикциялық әдіс – құм шашу машиналарының көмегімен төсем бетіне фрикциялық материалдарды (құм, шлак, щебень қалдықтары т.б) шашу. Бұл әдістің кемшілігі - машина доңғалақтары айналысының әсерінен бұл материалдар төсем бетінен ұшып кетеді.
3. Фрикциялық-химиялық әдіс – функциялық материалдарды мұз бетіне бекіту үшін, оларды тұзбен араластырады. Өйткені тұз ерітінділері суға қарағанда төменгі қату температурасына ие. Ерітінді неғұрлым қою болса, соғұрлым оның қату температурасы төмен болады. Мысалы, натрий тұзының ерітіндісінің қоюлануы 10% болса, онда оның қату температурасы – 3... 5 0С, ал 29 % болса, онда – 210С (NaCl). Хлорлы кальций ерітіндісінің қоюлануы 10% болса, онда – 30 0С.
4. Химиялық әдіс – жол төсемі бетіндегі тайғаққа тек тұз себіледі. Бұл қандай да бір уақыт өткен соң, мұздың толық еріп етуіне себеп болады.
Қыс айларында жол бағытын қысқарту мақсатында қатып қалған өзендер мен көлдердің бетінде уақытша қысқы мұз өткелдер пайдаланылады. Мұндай мұз өткелдерден автомобильдерді өткізу үшін ені 5-10 м болатын үш алқап тазартылады.
