- •«Көліктік ғимараттар және көліктік құрылыстар» пәнінен
- •5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы үшін
- •1 Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлім бойынша курстың тақырыптық жоспары
- •3 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •3.2 Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •3.4 Постреквизиттері
- •3.5 Қысқаша мазмұны
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі.
- •5 Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6.Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1. Автомобиль жолдарының халық шаруашылығы жүйесін-дегі маңызы.
- •2. Қазақстан Республикасында жол құрылысын жүгізу бағыттары.
- •3. Автомобиль жолдарының жіктелінуі.
- •2. Жолдың бойлық профилі.
- •3. Жолдың көлденең профилі.
- •4. Жолдағы бойлық еңістік.
- •1. Жолдан суды ағызу жүйесі.
- •2. Жолдардағы көпірлер мен құбырлар.
- •2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.
- •3. Жол киімдерінің түрлері.
- •1. Жол бағытын таңдау.
- •2. Көліктік ағындар қозғалысының ерекшеліктері.
- •3. Автомобиль ағындары қозғалысының тәртіптер заңды-лығы.
- •4. Жолдың өткізу қабілеті.
- •6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.
- •1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
- •2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
- •1. Жол киімдерінің жұмыс қабілетіне табиғи факторлар-дың тигізетін әсері.
- •2. Жол киімдеріне автомобильдердің әсер етуі.
- •3. Топырақты дала жолдарының пайдаланылу сапасы.
- •4. Жөндеу қызметінің міндеттері.
- •5. Жолдарды қар басудан қорғау, қысқы тайғақтармен күрес жүргізу, мұз өткелдері.
- •6. Жол үстіндегі иірімдермен және шаңмен күрес жүргізу.
- •1. Батпақ жерлердегі жолдар.
- •2. Тау жолдары.
- •3. Шөл даладағы жолдар.
- •1. Қазіргі заманғы жол-құрылыс жұмыстарының ерекше-ліктері және оларды ұйымдастыру.
- •2. Жер төсемін салу.
- •3. Жол салу кезінде автомобиль көлігі жұмысының ерек-шеліктері.
- •1. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •2. Жол қоршаулары көмегімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •3. Қозғалысқа қызмет ету ғимараттары.
- •4. Қозғалыс жағдайлары туралы жүргізушілерге ақпарат беру.
- •Қалалардың қызметіне қарай аймақтарға бөлінуі.
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •9.Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •13. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қосақталуы
- •«Көлік ғимараттары және көлік құрылысы» пәні бойынша
1. Жолдардың бір деңгейде қиылысуы.
Автомобиль жолдарының бір деңгейде қиылысу учаскелері басқа учаскелерге қарағанда көбірек жүктелген, өйткені мұндай қиылысулардағы қозғалыс қарқындылығы қиылысқан жолдардағы қарқындылықтардың қосындысына тең болады.
Бір деңгейдегі қиылыста қозғалыстың мүмкінді траекториясы 16 қиылысу нүктелерін, 8 тарамдану нүктелерін және 8 қосылу нүктелерін құрайды. Келіспеушілік нүктелері деп аталатын мұндай жерлерде автомобильдер соғылып қалуы мүмкін.
Қиылыстағы қозғалыс қарқындылығы 4000 авт/тәуліктен артық болмаған жағдайда бір деңгейдегі қиылыстарды салу мына жолдарға рұқсат етіледі.
а) ІІ-категориялы жолдың ІV және V категориялы жолдармен қиылысы;
б) ІІІ, ІV, V категориялы жолдардың бір-бірімен қиылысы.
Жолдардың бір деңгейде қиылысу учаскелерінде қозғалыс жағдайларын жақсартудың тиімді шараларына қозғалысты каналдау жатады – бұл жүргінші бөлікте әрбір бағыт үшін жеке өзіндік алқаптарды бөліп беру болып табылады.
Қозғалысты каналдауды бірнеше тәсілдермен жүзеге асыруға болады:
- жүргінші бөлікте бағыттағыш аралшық орналастыру;
- солға бұрылатын автомобильдер үшін бұрылу мүмкіндігі пайда болғанша күтіп тұруға арналған қосымша алқаптарды бөлу;
- бұрылатын автомобильдердің баяу тежелуін немесе жылдамдығын тез арттыру үшін жүргінші бөлікте қосымша өтпелі-жылдамдықтық алқаптарды орналастыру.
2. Жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуы.
Қозғалыс қарқындылығы жоғары болғанда қозғалыс қауіпсіздігі мен оның тоқтап қалмауын қамтамасыз ету үшін жолдарды әр түрлі деңгейде қиылыстырады.
Егер қиылыстағы қозғалыс қарқындылығы 4000 авт/тәуліктен артық болса, онда әр түрлі деңгейдегі жол қиылыстарын міндетті түрде орналастыру мына жолдарға рұқсат етіледі:
а) І категориялы жолдың барлық категориядағы жолдармен қиылысуы;
б) ІІ категориялы жолдардың бір-бірімен қиылысуы;
в) ІІ категориялы жолдың ІІІ категориялы жолмен қиылысуы;
г) ІІІ категориялы жолдардың бір-бірімен қиылысуы.
1- қозғалыс ағындарының тарамдану нүктелері;
2 - қозғалыс ағындарының қосылу нүктелері;
3 – қозғалыс ағындарының қиылысу нүктелері.
1-сурет. Бір деңгейлі қиылыстағы қақтығысу нүктелері
Әр түрлі деңгейдегі қиылыстарда бір жол екінші жолдан жоғары салынған жол өткізгіштің үстімен өтеді, әдетте бұл жолдың қозғалыс қарқындылығы астыңғы жолмен салыстырғанда аз болады. Мұның өзі екі жолдағы тіке бағыттағы қозғалыс ағындарының жылдамдығын төмендетпей, кедергісіз өтіп кетуіне ықпал жасайды.
Әр түрлі деңгейдегі жол қиылыстарында оңға бұрылу ешқандай кідіріссіз, жылдамдықты аздап қана төмендетуге мүмкіндік беретін оңға бұрылу құламалары арқылы жүзеге асырылады.
Әр түрлі деңгейдегі жол қиылыстарында солға бұрылуды қамтамасыз ету үшін бірнеше әдістер қолданылады.
- көпірден өткеннен соң 2700-қа тең оң бұрылыстың көмегімен (2а сурет)
- бөлгіш сақинаның көмегімен (2, б сурет)
- арнайы солға бұрылу құламаларының көмегімен (2, в сурет)
а) б) в)
2 – сурет. Әр түрлі деңгейлі қиылыстардағы солға бұрылуды қамтамасыз ету схемалары
Бір тәулікте бірнеше жүз мың автомобиль өтетін жоғары қарқындылықты автомобильдік магистральдардың әртүрлі деңгейде қиылысу учаскелерін әр бағыттағы ағынның қарқындылығын жеке ескере отырып, солға бұрылудың жоғары қарқындылығын, қысқа бағытта қамтамасыз етуге мүмкіндік беруін есепке ала отырып жобалайды.
Егер автомагистралдарда қозғалыс қарқындылығы бірнеше он мың болса, онда әртүрлі деңгейдегі қарапайым қиылыстар жобаланады. Мұндай қиылыстардың кеңірек таралған түрі – жоңышқа жапырағы, мұнда автомобиьдерді сол жаққа бұру солға бұрылу тұзақтары арқылы жүзеге асырылады.
“Жоңышқа жапырағы” қиылысының жақсы жұмыс істеуі үшін ондағы қозғалыс қарқындылығы 600-700 авт/тәулік болуы қажет.
Әдебиет: [1; 2; 3; 4; 6]
7-дәріс
Тақырыбы: Жолдардың көліктік-пайдалану сапасы және оны үзбеу
