Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

4. Жолдың өткізу қабілеті.

Жолдың өткізу қабілеті деп белгілі бір уақыт аралығында жол бойымен өте алатын автомобильдер санын айтады.

Практикалық типтік өткізу деп көліктік ағындар қозғалысының нақты қалыптасқан тәртібі кезіндегі жолдың өткізе алатын автомобильдер санын айтады.

Бір түрлі автомобильдер арасындағы тұрақты ара қашықтықты сақтап келе жатқан көліктік ағын болғандағы қозғалыс алқабының өткізу қабілетін қарастырайық.

Бірінші автомобильдің жүргізушісі қандай да бір себеппен тежелеуді бастағанда, артқы автомобиль 1с болатын жүргізушінің реакция уақытында l1=V жолын өтеді. Алдыңғы және артқы автомобильдер тежеуіштерінің жағдайы әр түрлі болуына байланысты бірінші автомобильдің тежелу жолы аз болуы мүмкін, сонда артқы автомобиль алдыңғы автомобильге мынадай ара қашықтықта жақындайды

(3)

мұндағы

V – жылдамдық, км/сағ.;

l3, ln - алдыңғы және артқы автомобильдердің тежелу жолдары, м;

k3, kn – екі автомобильдің тежегіштерінің пайдалану жағдайларының коэффициенті.

Қозғалыс қауіпсіздігі үшін тоқтаған автомобильдер аралығында ара қашықтық запасы l3ап болуы қажет.

Осыдан V жылдамдығымен қозғалғандағы автомобильдер арасындағы қауіпсіздік ара қашықтығы мынаған тең

(4)

Жолдағы бір автомобильге сай учаске ұзындығы

L=S+la

мұндағы

la – автомобиль ұзындығы.

Қарастырылып отырған бір бағыттағы жол қимасы арқылы бір сағат ішінде өткен автомобильдер саны, яғни V жылдамдығындағы қозғалыс алқабының өткізу қабілеті мынаған тең

(5)

5. Жүргінші бөліктің алқап санын анықтау.

Автомобиль магистральдарында алқаптар санын сайлағанда алқаптың жалпы саны төмендегі формула бойынша анықталады

(6)

мұндағы

N – есептік мерзім аяғындағы есептік сағаттық қарқындылық

- қозғалыстың маусымдық біркелкі емес коэффициенті;

z - өткізу қабілетін пайдалану коэффициенті;

Nnp – берілген жол категориясының типтік өткізу қабілеті.

6. Жолдың өткізу қабілетін бағалау.

Жолдың өткізу қабілетін бағалау үшін тәжірибелік коэффициенттерге негізделген тәсілді қолданады. Бұл коэффициенттер өткізу қабілетінің өзгеруіне жол жағдайларының нашарлауының әсерін көрсетеді.

Жолдың кез келген учаскесінің өткізу қабілеті жеңіл автомобильдерге келтірілген мөлшерде бағаланады

(7)

мұндағы

Nmax – жолдың максимал өткізу қабілеті;

- қолайсыз жағдайлардың әсер етуіне байланысты өткізу қабілетінің төмендеуінің жеке коэффициенттері.

Бұл коэффициенттер мына қолайсыз жағдайларды ескереді:

- қозғалыс алқабының енін ескереді;

- жүргінші бөліктің шетінен жол жағасында тұрған бөгетке дейінгі қашықтықты ескереді;

- көлік ағындары құрамындағы автопоездардың санын ескереді;

- бойлық еңістікті ескереді;

- көріну қашықтығын ескереді;

- пландағы қисықтың радиусын ескереді;

- жол белгілерімен рұқсат етілетін жылдамдықты ескереді;

- бір деңгейлі қиылыстарда солға бұрылатын автомобильдердің пайызын ескереді;

- жол жағасының түрін ескереді;

- төсемнің тұрін ескереді;

- автобус аялдамалары мен демалу аудандары маңайындағы учаскелерді ескереді;

- жол бетіндегі таңбаларды ескереді.

- елді мекендерде рұқсат етілетін жылдамдықты ескереді.

Жолдың өткізу қабілетін бағалау және автомобильдердің тұрып қалу қауіпі бар учаскелерді анықтау үшін өткізу қабілетінің сызықтық графигі құрылады.

Әдебиет: [1; 2; 3; 4; 5; 6]

6-дәріс

Тақырыбы: Жол қиылысуларын жобалау