Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР мен Көліктік құрылыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

2. Жол киімдерінің конструкциялық қабаттары.

Жыл бойы жолдың жүргінші бөлігіндегі ауа райына тәуелсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін бір немесе бірнеше берік материал қабатынан құрылған жол киімі салынады.

Жол киімдері мынадай қасиеттерге ие болуы қажет:

а) қозғалыс қарқындылығына және жүктемеге тиісті беріктігі;

б) атмосфералық факторлардың әсеріне қарсы орнықтығы;

в) автомобильдердің жоғары жылдамдықпен қозғалыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін тегістігі;

г) шиналармен жақсы ілінісуге керекті кедір-бұдырлығы;

д) желінуге қарсы жоғарғы кедергілігі;

е) жол құрылысының аз құны;

ё) жолды механикаландырылған тәсілдермен салуға, жөндеуге бейімділігі.

Жол киімдері әдетте әр-түрлі мақсаттарға арналған бірнеше қабаттардан тұрады:

- төсем – жолдың тегіс бетін қамтамасыз етеді және жолдың керекті пайдалану сапасына ие болуына ықпал етеді;

- табан – қысымды жер беті топырағының үлкен ауданына бөліп беруге арналған;

- жайылған топырақ – жердің жоғарғы қабаттарындағы тығыздалған топырақ, ол жол киімінің төменгі конструкциялық қабаты болып табылады.

Жол киімінің конструкциялық қабаттары (жол бетінен төмен қарай) мынадай:

1- беттік өңдеу;

2- орташа түйіршікті асфальтобетон;

3- ірі түйіршікті асфальтобетон;

4- жабысқақ материалдармен өңделген щебень;

5- щебень;

6- құм;

7- жайылған топырақ.

Желінуге қарсы кедергіні көтеру үшін және төсем бетінде шиналардың ілінісуін жақсарту үшін беттік өңдеу жүргізіледі, мұнда төсем бетіне жабысқақ материалдар құйылып, оның үстіне ұсақ щебеньдер шашылады.

3. Жол киімдерінің түрлері.

Барлық жол киімдері үш топқа бөлінеді:

І. Жетілдендірілген түрі – берік табанға салынған төсемдер. Олар екіге бөлінеді:

а) күрделі (берік тасты табандарға салынған цементобетонды және асфальтобетонды төсемдер)

б) жеңілдетілген (тастан немесе қатайтылған топырақтан құрылған табанға салынған, органикалық жабысқақ материалдармен өңделген щебенді немесе гравийлі төсемдер).

ІІ. Өтпелі түрі – желінуге қарсы төмен кедергілі, пайдалану барысында жиі деформацияға ұшырайтын төсемдер. Төсемнің өтпелі түріне мыналар жатады:

- щебендік, гравийлі және шлакты тасты төсемдер;

- жабысқақ материалдармен өңделген, қатайтылған топырақты төсемдер.

ІІІ. Төменгі түрі – жыл бойы жолдағы қозғалысты қамтамасыз ете алмайтын төсемдер (гравий немесе щебеньмен қатайтылған топырақты төсемдер).

Әдебиет: [1; 2; 3; 4; 5; 6]

5-дәріс

Тақырыбы: Жол трассасын таңдау және жолдың өткізу қабілеті

1. Жол бағытын таңдау.

Салынатын жолдың бағытын таңдағанда осы жол қызмет ететін елді мекендердің барлығы, жүк ағындарының бағыты мен көлемі және жол құрылысы ауданындағы табиғи жағдайлар ескеріледі.

Әдетте, автомобиль жолдарының құрылысы экономикалық ізденулерден соң басталады. Осы экономикалық ізденулер нәтижесінде мыналар анықталады:

- көптеген негізгі жүктердің пайда болу және оларды қабылдау орындарын анықтау;

- елді мекендердің арасындағы тасымалдау бағытын анықтау;

- салынатын жол қызмет етенін жүк ағындарының көлемін бағалау.

Жолды бастапқы, соңғы және аралық елді мекендерді байланыстыратын тіке ең қысқа бағытта (ауалық сызық) салуға кіріскенде көптеген әр түрлі бөгеттерді кездестіруге тура келеді және жолды осы бөгеттер үстінен салу көп шығынды талап етіп, экономикалық жағынан өте тиімсіз болады. Сондықтан жолды ең қысқа бағыттан ауытқып, осы бөгеттерден айналдыра салады.

Бөгеттер екіге бөлінеді:

1. Пішіндік бөгеттер.

2. Биіктік бөгеттер.

Пішіндік бөгеттерге мыналар жатады:

- өзен иреңдері;

- көлдер;

- елді мекендер;

- геологиялық жағдайы қолайсыз жазық жерлер;

- қорықтар.

Биіктік бөгеттерге мыналар жатады:

- тау жоталары;

- жеке қыраттар;

- терең және кең шұңқырлар.

Трассаны ең қысқа тіке бағытынан ауытқыта салудың керектігі салынатын жол міндетті түрде өтетін бақылау нүктелеріне де байланысты болады.

Бақылау нүктелеріне мыналар жатады:

- темір жол және автомобиль жолдарымен қиылысу орындары;

- елді мекендерге жанасу орындары;

- өзендердің көпір салуға ыңғайлы жерлерімен қиылысу орындары;

- тау асулары.

Жол бағыты таңдалып, салынғанда жүргізушілердің жұмыс ерекшеліктері мен қозғалыс қауіпсіздігі де ескеріледі. Сондықтан жол қозғалыс ыңғайлылығының талаптарына сай болуы үшін оның элементтері автомобильді басқаруды қиындатпауы керек, ал трасса бағыты жүргізушілер үшін анық болуы қажет.

Таңдалған жол бағытының варианты үнемді және автомобиль көлігі үшін ыңғайлы болуы қажет, яғни жақсы көліктік-пайдалану сапаларына ие болуы керек.

Көліктік-пайдалану сапаларына мына көрсеткіштер жатады:

- автомобильдер қозғалысының орта жылдамдығы;

- жолдың өткізу қабілеті;

- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету дәрежесі.

Жол құрылысына жұмсалған шығынның орны автомобиль көлігімен тасымалдау құнын үнемдеу арқылы 8 жыл ішінде толуы керек.