Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D-rister.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
342.67 Кб
Скачать

Кіріспе

1-Дәріс. Тәрбие – тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы.

Жоспары:

1.Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбиелеу үрдісін ізгілендірудің ұстанымдары.

2.Тәрбие үрдісінің мәні.

3.Тәрбиелеу үрдісінің мақсаты мен міндеттері

4.Тәрбие бағдарламасы және тәрбие субьектісі

5. Құндылық қарым-қатынас тәрбие үрдісі мазмұны ретінде.

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.

  • Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.

  • Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.

  • Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.

  • Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс

Грек философы Аристотель (Aristotle, б.з.д. 384 - б.з.д. 322 жылдар)  тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсеткен: дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі. Өзінің «Саясат» (Politica) атты еңбегінде басшы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударғанын айта келе, саясаткерлер адамгершілігі мол тұрғындарға қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады [2].

Тәрбие мәселесін зерттеушілер арасынан әлемге әйгілі ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) орны ерекше. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатында тәрбие туралы нақты ғылыми анықтама берді: тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз; тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі; этикалық ізгіліктерді - білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады. Аталмыш еңбекте елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырса көптеген жетістіктерді бағындыратындығы жайында баяндайды: 1) ... адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек... [3].

Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін,болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.

Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский (Jan Amos Komenský, 1592-1670) ғылымға «пампедия» жаңа терминін енгізді. Ұғым бойынша «пампедия - бүкіл адамзаттың әмбебап тәрбиесі... Басты мәселе бәрі, барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс».

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамда тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет.

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

Мақсат дегеніміз - бір нерсеге  ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.

Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.

Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді: •  адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";

•  заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";

•  құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";

•  тән саулығы - "дене тәрбиесі".

К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.

1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.

Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.

Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.

М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.

Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты- Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.

Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.

3. Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас  ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.

Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:

а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;

ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;

б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

 Эстетикалық тәрбие міндеттері:

бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру •  эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.

•  әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу. 4. Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.

Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл

атқарады. Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.

Сыртқы қарама-қайшылықтар:

•  Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік. •  Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы. Ішкі қарама-қайшылықтар:

•  Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы. •  Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.

"Қазақстан Республикасының Білім туралы" Заңы, Қазақстан мақұлдаған Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тәрбиені негізінен тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі деп қарайды.

Қазакстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.

Тәрбиенің негізгі міндеттері:

  • қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;

  • саяси, құкықтық, экономикалық, экологиялық, талғам мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастыру;өзінің кәсіби қабілетін айқындауды қалыптастыру;отбасылық мәдениетті және гендер проблемасындағы сауаттылықты калыптастыру;

  • рухани-адамгершілік, этномәдениет, ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру;сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

2 Дәріс. «Тәрбие жүйесі» ұғымы

Жоспары:

1.Мектептің тәрбие жүйесі мектептегі тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылыс және балаларды әлеуметтендіру мен дамытуға мақсатты түрде бағытталған фактор ретінде.

2.Тәрбие жүйесі дамуы мен қалыптасуының әдістемесі мен кезеңдері, оны бағалаудың өлшемдері. Мектеп пен сыныптағы тәрбие жүйесінің өзара байланысы.

3. Педагогикада қалыптасқан тәрбие жүйесі, оларға сипаттама. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жұмысы.

4.Педагогикалық қолдау қазіргі педагогикадағы ізгілік парадигмасы көрсететін педагогтің миссиясы ретінде. Педагогикалық ықпал жасау.

Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.

Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады.

 Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.

“Тәрбие ,кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді ,адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізілнді” (М. Жұмабаев.)

“Тәрбие- бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар”.

Н.К. Крупская “Тәрбие” атты мақаласында (1929 ж..) :”Тар мағынада алып қарағанда ,”Тәрбие”деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы”,ал кең мағынасында “...қоғамдық мекемелер , айналамен қоршаған бүкіл жағдай , бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді”-деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский “...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар-адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері.. табиғат, отбасы, қоғам халық.... және оның тілі болады”,-деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлейдейді.

Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін –оны өмір сүре білуге ,өзін қоршаған орта мен қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.

Тәрбие жұмысының жүйесі мынадай компоненттерден тұрады:

Мектептің педагогикалық жүйесі:

1. Дидактикалық жүйе.

2. Тәрбиелік жүйе.

3. Қарым-қатынас жүйесі.

  Оқыту процесі психология-педагогика тұжырымдамаларына сүйенеді, оларды дидактикалық жүйе не оқыту моделі деп атайды. Дидактикалық жүйеге енетіндер: оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары. Бар жүйелерді жинақтай келе, үшеуін бөлуге болады: дәстүрлі, педоцентристік және қазіргі дидактикалық жүйелер. Әрқайсысының негізгі бағыттары, ғалымдардық теориясы бар. Дәстурлі оқыту жүйесінде оқыту, мұғалім іс-әрекеті үстем орын алады.

  ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында педагогикада білім беру мекемелерінің тәрбиелік жүйелерін зерттеумен айналысатын ғылыми мектеп дамиды (Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Н.Л.Селиванова, М.А.Сидоркин, А.В.Гаврилин, Е.Н.Степанов). Тәрбие жүйесінің жалпы теориясы Л.И.Новикова мектебінің өкілдерімен өңделген. Ол мектептің тәрбиелік жүйесін «тәрбиелеудің негізгі құрамаларының (мақсаттар, субъектілер, олардың іс-әрекеті, қатынас, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттесуінің процессінде пайда болатын және ұжым өмірінің салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративтік сипаттамаларды иеленетін тұтас әлеуметтік механизм» деп анықтайды. Н.Л.Селиванова мектептің тәрбиелік жүйесін «мақсатқа сай тәрбиенің маңызды факторы, тәрбиешінің – педагогтар мен қоғамшылдардың, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі» ретінде анықтайды. «Тәрбиелік жүйе – нақты болмыстың феномены. Ол солар үшін құрылатын мақсаттарды қамтиды: осы мақсаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекетін; осы іс-әрекет субъектілері ретіндегі адамдардың өзін; олармен меңгерілген ортаны; олардың арасында дамып жатқан қатынастарды; олардың рұхани бірлігі мен мінез-құлқының сипатын анықтайтын құндылықтық бейімделулері мен өнегелі жақтарын». Мектептің тәрбиелік жүйесі оқушының тұлғасын тәрбиелеу үшін әрекет етеді және адамгершіліктік болып табылады. Бұл - өзінің ең маңызды қызметіне – тәрбиеге қатысты реттелген күрделі әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық кешен. Ол оқушыларға мұғалімдердің сабақтары, оқулықтар, үй тапсырмалары (педагогикалық фактор) арқылы ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға қосылғандығы арқылы, балалар, сынып жетекшілері және ата-аналар арасында қалыптасатын құндылықтық қатынастар арқылы, мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін психологиялық климат, дәстүрлер арқылы әсер етеді.

Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі

Тұлға дамуының қозғаушы күштері

  • Жаңа мүдделер

  • Жаңа танымдық талаптар

  • Дербестікке ұмтылыс

  • Тұлғаның дамуындағы қызметтер

  • Инерттілік,

  • Стереотиптік, тұрақтылық

  • Жақсы жетістіктерге

  • Ұмтылыс

  • Еркіндік пен Қоғамдық іс-әрекет

Тәрбие принциптері

  • Тәрбиенің мақсаттылығы

  • Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі

  • Жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты

Өзін-өзі тәрбиелеу

  • Адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіру жөніндегі саналы, мақсатты іс-әрекеті.

  • Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістемесі

  • Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатын қою

  • Өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жоспарлау

  • Өзін-өзі тәрбиелеудің нақты тәсілдерін игеру

  • Өзін-өзі бақылау

  • Өзін-өзі анықтау

  • Өзін-өзі бағалау

  • Өзін-өзі сендіру

  • Өзін-өзі ұйымдастыру

  • Өзін-өзі жетілдіру

Тәрбие процесі

  • Тәрбие процесі-жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруде, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.

  • Тәрбие процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұның соған негіздеп, оларды іс-жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктерідің қорытындысын белгілейді.

  • Тәрбие процйесінің екі жақтылық функциясының мәні –педагогтің белгілі мақсат пен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде, оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет.

Тәрбие процесінің ерекшеліктері

  • Тәрбие процесі-жеке тұғаны қалыптастыруды мақсатқа бағытталған үрдіс.

  • Тәрбие процесі-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тиімді өзара іс-әрекеті (ынтықмастығы).

  • Тәрбие процесінің көп факторларлығы объективтік және субъективті.

  • Тәрбие процесінің ұзақтылығы тікелей емес тәрбие ықпалы кезеңінен нәтижеден алыстау мен сипатталады.

Тәрбие процесінің этаптары

  • Жеке адамда қалыптастыру

  • Адалдық, сенім

  • Бейімділікті қалыптастыру

  • Қарым-қатынасты қалыптасру

  • Білімді көрсетудіқалыптастыру

Тәрбие процесінің құрылымы

  • Қоғамдық тәрбиенің міндеті (жеке адамды жан-жақты дамыту)

  • Нақтылы мақсаты, міндеті

  • Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты, міндеті ,құралы ,әдісі ,мазмұны ,құралы, әдісі, мазмұны.

Тәрбие заңдылықтарын процессінің қарама-қайшылықтары

  1. ішкі

  • Жеке тұлға дамуының қозғаушы күші жандүниесі

  • Қызығушылығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]