- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары
- •2 Кесте
- •3 Кесте
- •4 Кесте
- •5 Кесте
- •Фотосинтез үрдісіне сыртқы факторлардың әсері
- •Газ алмасудың сандық көрсеткіштері
- •Тыныс алу үрдісінің факторларға тәуелділігі
- •Топырақ – минералды заттардың қайнар көзі
- •Топырақ пен өсімдіктің құрамындағы минералды заттарды анықтайтын факторлар
- •Пиноцитоз үрдісі
- •Макроэлементтер
- •Микроэлементтер
- •Өсімдіктегі заттардың жоғарғы және төменгі ағысы
- •Өсу физиологиясы
- •Фитогормондар
- •Өсудің синтетикалық реттеушілері және ингибиторлары
- •Тропизм түрлері
- •Вегетативті көбею физиологиясы
- •Өсімдіктердің төзімділігі
- •Тұзданған топырақ түрлері
- •Топырақ тұздылығына байланысты өсімдіктердің классификациясы
Пиноцитоз үрдісі
Негізгі әдебиет: (1, 4, 9-13)
Қосымша әдебиет: (2, 6, 13, 20, 24-30)
ТАҚЫРЫП 8. ҚОРЕКТЕНУДІҢ НЕГІЗГІ МАКРО ЖӘНЕ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ РОЛІ
Тапсырма №1. «Макроэлементтер» деген кестені толтырыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. «Қызметтері» деген бағананы толтырғанда өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріндегі макроэлементтердің негізгі қызметтерін белгілеу қажет, «Қалыпты жағдай» деген бағанада макроэлементтердің орташа мәнін көрсетіңіз, «Артық мөлшер» және «Жетіспеушілік» деген бағаналарда өсімдіктердің тіршілігі үшін артық және жетіспейтін шаманың ролін нақтылап, өсімдіктерде қандай өзгерістер болатынын, қандай үрдістер жүретінін, макроэлеметтердің жетіспеушілігі немесе артықшылығының айқын белгілерін сипаттаңыз.
Мысалға:
Макроэлементтер
№ |
Элементтің атауы |
Қызметтері |
Қалыпты жағдай |
Артықшылық |
Жетіспеушілік |
1. |
Азот |
Ақуыздардың, НҚ, пигменттердің, коферменттердің, ФГ және дәрумендердің құрамына кіреді; ақуыздар мен АҚ синтезіне қатысады |
|
|
|
2. |
Фосфор |
|
қ/с 0,2 % |
|
|
3. |
Калий |
|
|
|
|
4. |
Күкірт |
|
|
|
Күкірт құрамды АҚ мен ақуыздардың синтезінің бәсеңдеуі, фотосинтез бен өсу жылдамдығының төмендеуі, хлоропласттардың бұзылуы. Белгілері: жас және ескі жапырақтардың бозаруы мен сарғаюы |
5. |
Магний |
|
|
|
|
6. |
Кальций |
|
|
ТФ тежелуі |
|
Ескерту: АҚ – амин қышқылдары, НК – нуклеин қышқылдары, ФГ - фитогормондар, қ/с – құрғақ салмақ, ТФ –тотықтыра фосфорландыру
Тапсырма №2. «Өсімдіктердің минералды қоректенуі» тақырыбында сөз жұмбақ құрастырыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: сөз жұмбақ құрастыру.
Әдістемелік нұсқаулар: сөз жұмбақ құрастырған кезде ұсынылған әдебиет көздерін, сонымен қатар «Өсімдіктердің минералды қоректенуі» тақырыбына қатысты терминдер мен түсініктерді қолданыңыз. Сөз жұмбақты негізгі бір сөзді қолдана отырып тігінен және көлденеңінен құрастыруға болады.
Тапсырма №3. «Микроэлементтер» атты кестені толтырыңыз.
СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. «Қызметтері» деген бағананы толтырған кезде өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріндегі макроэлементтердің негізгі қызметтерін көрсету керек. «Қалыпты жағдай» бағанасында микроэлементтердің орташа құрамын анықтаңыз, «Артықшылық» және «Жетіспеушілік» бағаналарында өсімдіктердің тіршілігінде артық мөлшер мен жетіспейтін шаманың ролін сипаттау қажет, өсімдіктер қандай жағдайға ұшырайды. Мысалға:
