Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ӨФ қазақша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.67 Mб
Скачать

Фотосинтез үрдісіне сыртқы факторлардың әсері

Факторлар

Фотосинтез үрдісіне әсері

Температура

Жоғары температураға қарағанда, төмен температура жағдайларында қарқындырақ жүреді

Жарық

Көмірқышқыл газының құрамы

Минералды қоректену

Сумен қамтамасыз етілу

Тапсырма №6. Сызба-нұсқа түрінде «Кальвин циклын» ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: аталған сызба-нұсқаны ұсынған кезде негізгі әдебиет көздерін және Ғаламтор-көздерінен алынған мәліметтерді қолданыңыз. Сызба-нұсқаны сызғаннан кейін фотосинтездің қараңғы кезеңінде Кальвин циклы қалай жүретінін, қандай өсімдіктерге тән келетінін ашып жазыңыз. Мысалға:

Негізгі әдебиет: (2, 4, 7, 9, 11-13)

Қосымша әдебиет: (5, 8, 10, 13, 19, 24-30)

ТАҚЫРЫП 5. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТЫНЫС АЛУЫ

Тапсырма №1. Ұсынылып отырған суреттен митохондриялардың құрылымдық бөліктерінің сәйкес белгілерін қойып шығыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз. Бұл суреттен митохондриялардың құрылымдық бөліктерін белгілеп көрсетіңіз: АТФ молекулаларын, сыртқы және ішкі мембраналарды, ДНҚ, матрикс, мембрана аралық кеңістікті, кристаларды, рибосомаларды, гранулаларды.

Тапсырма №2. Сызба-нұсқа түрінде «Кребс циклын» ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: аталған сызба-нұсқаны ұсынған кезде негізгі әдебиет көздерін және Ғаламтор-көздерінен алынған мәліметтерді қолданыңыз. Сызба-нұсқаны сызған кезде Кребс циклына қатысатын негізгі заттарнды көрсетіңіз. Мысалға:

Тапсырма №3. Мына суретте ненің молекуласы бейнеленгенін анықтаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін пайдаланыңыз.

Тапсырма №4. Көмірсулардың диссимиляциясының негізгі жолдарын сипаттаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Тотығудың гликолитикалық жолын, оның негізгі кезеңдерін, ашу түрлерін сипаттап жазыңыз.

Тапсырма №5. Суретте не көрсетілгенін анықтаңыз да, белгілеулерін жазыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: суретте бейнеленген циклды анықтаған уақытта негізгі әдебиет көздерін және Ғаламтор-көздерінен алынған мәліметтерді қолданыңыз.

Тапсырма №6. Сызба-нұсқа түрінде «Жасушадағы органикалық заттардың тотығу жолдарын» дайындаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: аталған сызба-нұсқаны ұсынған кезде негізгі әдебиет көздерін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. Жасушада органикалық заттардың тотығуы қалай жүретінін көрсетіңіз.

Негізгі әдебиет: (1-4,9-11-13)

Қосымша әдебиет: (2, 5, 7, 10, 15, 24-30)

ТАҚЫРЫП 6. ТЫНЫС АЛУ ЦИКЛДАРЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Тапсырма №1. Тексертуге «Субстрат деңгейінде фосфорландыру» тақырыбына дайындалған түйінді мазмұндама (аннотация) ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: аннотация жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындаған кезде негізгі әдебиет көздерін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. Мазмұндама жазу үшін ұсынылып отырған тақырыпты жете түсіну қажет, әрі берілмен мәліметтерді талдау керек.

Мазмұндама (Аннотация) – оқыған мағлұматты негізгі мәнін жоғалтпай қысқаша түйінді мазмұндау. Мазмұндаманы жазу үшін бір тараудың қысқаша түсініктемесін мазмұндау керек, осы тарау арналған оқырмандар аясын көрсету, көрнекілік құралдардың: кестелердің, суреттердің және т.с.с. бар-жоғын және олардың атауларын көрсету қажет.

Тапсырма №2. «Тыныс алу және ашу» тақырыбында сөз жұмбақ құрастырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сөз жұмбақ құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: сөз жұмбақ құрастырған кезде ұсынылған әдебиет көздерін, сонымен қатар «Тыныс алу және ашу» тақырыбына қатысты терминдер мен түсініктерді қолданыңыз. Сөз жұмбақтардың әрқилы нұсқаларын пайдаланыңыз: жұмбақтар, чайнвордтар, ребустар және т.с.с. Сөз жұмбақ, қойылған сұрақтарына жауптары белгіленген дәптерде көрсетілуі керек.

Тапсырма №3. «Тыныс алу тізбегінде фосфорландыру» тақырыбна жазылған конспект тексертіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: конспект жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: конспект жазған уақытта негізгі әдебиет көздерін, дәрістердің конспектілерін, әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. Конспектіде фосфорландыру үрдісінің маңызын және оның тыныс алумен байланысын ашып көрсету қажет.

Тапсырма №4. Сызба-нұсқа түрінде «Митчеллдің түйіндесудің хемиостатикалық теориясының негізгі ережелерін» дайындап көрсетіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: сызба-нұсқаны құрастыру барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Сызба-нұсқада хемиостатикалық теорияның негізгі ережелерін айқындап көрсетіңіз.

Тапсырма №5. «Газ алмасудың сандық көрсеткіштері» атты кестені толтырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындаған кезде негізгі әдебиет көздерін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды пайдаланыңыз. «Пайыздық қатынастар» атты бағананы толтырған уақытта оттегінің сіңірілу, көмірқышқыл газының бөліну пайызын, газ алмасу кезіндегі тыныс алу коэффициентін көрсетіңіз.