Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ӨФ қазақша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.67 Mб
Скачать

4 Кесте

Әр түрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердегі су аналымының ерекшеліктері

Өсімдіктердің экологиялық топтары

Өсімдік түрлерінің мысалдары

Өсімдіктердің экологиялық топтарының сипаттамасы

Су айналымының ерекшеліктері

Ксерофиттер

Түйетікен

Мезофиттер

Қалыпты ылғалдылық жағдайында өсетін өсімдіктер

Гидатофиттер

Транспирация болмайды. Су гидатодтар арқылы бөлініп шығады. Суды сіңіруі – денесінің барлық бетімен

Гигрофиттер

Гидрофиттер

Галофиттер

Тапсырма №5. «Транспирацияның қарқындылығына әсер ететін факторларды» сызба-нұсқа түрінде ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: бұл сызба-нұсқаны құрастырған кезде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Сызба-нұсқада транспирацияның қарқындылығына әсер ететін сыртқы (абиотикалық) және ішкі факторларды ашып көрсету қажет.

Тапсырма №6. Ұсынылған 4 және 5-суреттер бойынша гуттация үрдісін, өсімдіктердің «жылауын» анықтаңыз, сәйкес белгілерін жазып көрсетіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. Гуттация үрдісін және өсімдіктердің «жылауын» анықтаған кезде бұл үрдістер бір бірінен немен ажыратылатыны есте болуы керек. Белгілеулер сәйкес келетін суреттің астына қойылуы қажет [7, 8].

4-сурет. Жапырақтың физиологиялық құбылысы

5-сурет. Сабақтың физиологиялық құбылысы

Негізгі әдебиет: (2-4, 8, 10-13)

Қосымша әдебиет: (4, 8, 9, 15, 16, 24-30)

ТАҚЫРЫП 3. ФОТОСИНТЕЗ

Тапсырма №1. «Өсімдіктің тірішілігіндегі фотосинтездің маңызы» тақырыбына эссе дайындап, қорғаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: эссе жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: эсседе өсімдіктің тірішілік әрекетінде фотосинтездің қажеттілігін ашып көрсетіңіз. Ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз.

Тапсырма №2. «Хлоропласттардың онтогенезін» сызба-нұсқа күйінде ұсыныңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сызба-нұсқа сызу.

Әдістемелік нұсқаулар: сызба-нұсқа сызу кезінде негізгі әдебиет көздерін қолданыңыз. Хлоропласттардың онтогенезінің барлық кезеңдерін белгілі бір реттілікпен көрсеткен жөн.

Тапсырма №3. Жапырақтың анатомиялық құрылысы бейнеленген суретте сәйкес белгілерді қойып шығыңыз: эпидермисті, борпылдақ және бағаналы ұлпаларды, флоэманы, ксилеманы, саңылауларды.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген тапсырманы орындау барысында ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін, сонымен қатар әртүрлі Ғаламтор-сайттарды қолданыңыз [9]. Мына 6-суреттен жапырақ тақтасының құрылымдық элементтерін: саңылауларды, жоғарғы және төменгі эпидермисті, борпылдақ және бағаналы (палисадты) ұлпаларды, ксилеманы, флоэманы белгілеп көрсетіңіз. Мысалға:

Палисадты ұлпа

6-сурет. Жапырақтың анатомиялық құрылысы

Тапсырма №4.: «Хлорофилл топтарының өкілдері» кестесін толтырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: осы кестені толтыру кезінде Н.И.Якушкинаның авторлығымен «Өсімдіктер физиологиясы» [10], П.Рейвн және басқаларының «Современная ботаника» оқу құралдарын қолданыңыз [11]. «Химиялық құрылысы» деген бағанада хлорофиллдердің әртүрлі топтарының химиялық формуласын көрсетіңіз; «Қасиеттері» деген бағанада фотосинтез үрдісіндегі пигменттердің қатысуын көрсету қажет; «Сіңіру спектрі» деген бағанада пигменттер толқынының ұзындығы мен сіңіру спектрін белгілеңіз; «Фотосинтездегі қызметтер» деген бағанада фотосинтезге қатысатын пигменттердің қызметтерін сипаттаңыз. Мысалға: