Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП ӨФ қазақша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.67 Mб
Скачать

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары

ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ

Тапсырма №1. «Өсімдік жасушасы» тақырыбында сөз жұмбақ құрастырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сөз жұмбақ құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: сөз жұмбақты құрастыру кезінде ұсынылған әдебиет көздерін, сонымен қатар «Өсімдік жасушасы» тақырыбына қатысты терминдер мен түсініктерді қолданыңыз. Мысалға, жасуша қабықшасы, вакуоль, митохондрия және т.б. терминдерді қолданыңыз. Сөз жұмбақтардың бірнеше нұсқаларын пайдаланыңыз: жұмбақсөздер, сканвордтар, чайнвордтар, ребустар және т.с.с. Сөз жұмбақ, дәптерде қойылған сұрақтарына берілген жауптары белгіленіп, көрсетілуі тиіс.

Тапсырма №2. Ұсынылып отырған суреттегі өсімдік жасушасының құрылымдық бөліктерінің сәйкес белгілерін белгілеңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: өсімдік жасушасының құрылымдық бөліктерін белгілеу барысында Н. И. Якушкинаның «Өсімдіктер физиологиясы» атты оқу құралын қолданыңыз [1]. Берілген 1-суреттен жасушаның келесі құрылымдық элементтерін анықтап көрсетіңіз: плазмалық мембрананы, қосылыстарды, хлоропласттарды, митохондрияларды, вакуоль, рибосомалар, жасуша қабықшасын, лизосомаларды, ядроны, цитоплазманы, Гольджи аппаратын, эндоплазмалық ретикулумды (тегіс немесе бүдірлі ЭПР) [2].

1-сурет. Өсімдік жасушасы

1 - ..., 2 - ..., 3 - ..., 4 - ..., 5 - ..., 6 - ..., 7 – Гольджи аппараты, 8 - ..., 9 - вакуоль, 10 - ....., 11 - ……

Тапсырма №3. 1-кестені толтырыңыз: «Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы».

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген кестені толтыру кезінде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. «Өкілдері» деген бағананы толтырғанда прокариоттар мен эукариоттар тобына жататын организмдерді жазыңыз. «Ұқсастықтары» деген бағанада прокариот және эукариот жасушаларының ұқсас құрылымдық элементтерін сипаттаңыз. «Айырмашылықтары» деген бағананы толтырған кезде прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан өзгешеленетін белгілерін толтырыңыз.

Мысалға:

1 кесте

Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы

Жасуша

Өкілдері

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Прокариоттар

Бактериялар

Генетикалық материалдың, рибосомалардың және т.б. болуы

Вакуолі болмайды, тыныс алу процесі мезосомаларда өтеді және т.с.с.

Эукариоттар

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Ядросының, митохондриялардың және т.б. болуы

Тапсырма №4. Ядроның, эндоплазмалық тордың (тегіс және бүдірлі ретикулум), Гольджи аппаратының, лизосомалардың, вакуольдің, митохондриялардың, хлоропласттың қызметтерін сипаттаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: бұл тапсырманы орындаған кезде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Берілген тапсырманы, келесідей орындауға болады, мысал ретінде 2-кесте күйінде ұсыну, онда органоидтардың негізгі қызметтері көрсетілуі тиісті.