Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ Ержан.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.48 Mб
Скачать

2.2 Бекеттің екі жіпті жоспары

Бекеттің екі жіпті жоспары бекетті жобалау сатысында құрылады және де бекетті рельс тізбектерімен қондыру мен электрлі орталықтандырудың жолдық қондырғысын орнату бойынша негізгі құжат болып табылады.

Екі жіпті жоспарды құруда негізі болып бекеттің бір жіпті жоспары табылады.

Екі жіпті жоспардың құрылуы келесі ретпен орындалады:

- оқшаулағыш түйіспелердің бекетте орналасуы;

- көрші РТ-дегі полярлықтың кезектесуі;

- ДТ және РТ аппаратурасының орнатылуы;

- секциялардың нөмірленуі;

- жетектердің, бағдаршамдардың қойылуы және олардың нөмірленуі.

Оқшаулағыш түйіспелердің бекетте орналасуы

Бірінші кезеңде бекет жоспарын екі сызықты көріністе сызу керек. Осыдан кейін бір жіпті жоспардан оқшаулағыш түйіспелерді көшіреді. Бір жіпті жоспарда барлық оқшаулағыш түйісперер көрсетілген, бұрмаларда орнатылатын оқшаулағыш түйіспелер көрсетілмеген.

Бұл түйіспелерді орнатқанда мынаны есте сақтау керек: АЛС әрекеттерінің сенімділігін төмендетпес үшін бүйір жолдардағы барлық изостыктарды тармақталуға қою керек. Басқа жағдайларда бұрмалық жалғағыш сигналды тоқта болатындай түйіспелерді орнату керек. Екі жағдайда да параллель оқшаулағыш қолданады.

Келесі қадамды тұйықтаушы контурдағы оқшаулағыш түйіспелердің санынан жұптылыққа тексеру керек. Бұл үшін ішкі рельс бойынша қозғалып тұйықтаушы контурдағы оқшаулағыш түйіспелері саналады. Тақ саны-келешекте көрші тізбектердегі полярлықтардың кезектестірілуі жүзеге асырылмайтынын көрсетеді. Санды жұп қылу үшін қандай-да бір кіру РТ-гін екіге бөлу керек, немесе бұрманың басқа оқшаулауын пайдалану керек. РТ-тің қосылуы аппаратураның көбеюіне алып келетіндіктен, кіру бұрмалардың біріне оқшаулағышты қолдану тиімдірек болады.

Осылай барлық контурларды жұптылыққа тексеріп шығады. Біздің жағдайда олардың саны – екеу, егер де бекет толығымен жобаланса, мұндай контурлар көп болады (мысалы, мұндай контурлар көрші қабылдау-жөнелту жолдардың арасында түзіледі).

Көршілес РТ-дегі полярлықтардың кезектесуі.

Бұл кезеңде сұлбадағы сигналды токтың полярлығын белгілеу керек. Лездік плюс ағатын рельсті қалындатылған сызықпен сызады. Полярлықтардың разгонкасын кез-келген оқшауланған телімнен бастауға болады. Плюс ағатын рельсті таңдаймыз да, сұлбадағы оның сызығын қалыңдатып сызамыз. Бұл кезде көрші тізбектегі полярлық кері болу керек. Полярлықтың разгонкасы кезінде бұрмалық жалғағыш арқылы ток өтетін телімдерді ұмытпаңыз.

ДТ мен РТ аппаратураларының орнатылуы.

Бұл кезеңде тартым тогын өткізу үшін дроссель-трансформаторларын орнатып, РТ-дегі релелік пен қоректендіруші соңдарын қайда орналасуын көрсету керек.

Дроссель-трансформаторлары рельс тізбектердің соңдары бойынша орнатады да, әрбір оқшауланған телімнен тартым тогының шығарылымы кем дегенде екеу болатынын ескеру керек. ДТ тупикта орнатылмайды, ескерту ретінде тартымды тупикта орнатады, оның рельстеріне тартым подстансасының кері сымын қосады. Кіру бағдаршамдағы көрші жолдардың ДТ ортаңғы нүктелері біріктіреді.

ДТ орнатқаннан кейін, қысқа тартым контурларын жоқтығын тексеру керек. Тартым контурдың мысалы: кіру Н ДТ-нан шығу Нд ДТ-ға дейін, содан кейін ДТ Ч, ДТ Чд дейін (Ч мен Чд сұлбада көрсетілмейді, өйткені бекеттің басқа ауқымында орналасады), одан қайтадан ДТ Н-ге. Бұл контурларда кем дегенде 13 РТ болу керек. Басқаша жағдайда, бұл контурды «үзу» керек.

Басты жолдарда РТ аппаратурасын пойыз РТ релелік соңына кіретіндей орнату керек. Бұл кезде РТ соңдары бойынша рельстердің арасына «р» немесе «т» әріптер қойылады, бұл сәйкесінше релелік пен қоректендіруші соңдарының белгіленуі. Кодалау ескерілмейтін РТ-да изостыктың екі жағына бір атты аппаратураны ( релелік-релелік немес қоректендіруші- қоректендіруші) қою керек. Тармақталған РТ-де релелік соңдарды әр тармақта қою керек, ескерту-съезд тармағында. РТ соңында ДТ болмаса, «т» немесе «р» әріптердің орнына аппаратураның шартты белгіленуі салынады.

Секциялардың нөмірленуі.

Бұрмалық , бұрмасыз және қабылдау-жөнелту жолдары екі жіпті жоспардағы жол рельстері арасында нөмірленеді.

Қабылдау-жөнелту жолдары бір жіпті жоспардағыдай нөмірленеді.

Бұрмалық телімнің нөмірі телімге кіретін бұрмалар көшірмелерінен және «СП» әріптерінен тұрады. Кіру бағдаршамынан кейінгі бұрмасыз телімдер «НП» және «НДП» деп нөмірленеді, ал жұп ауқымда «ЧДП» және «ЧДП». Ауқымдағы бұрмасыз телімдер телімді шектейтін бұрмалар нөмірімен нөмірленеді, мысалы 1 мен 9 бұрмалардың арасындағы бұрмасыз телім 1/9 П деп аталады.

Жолдық релелері бар тармақталған РТ-дегі тармақталу А,Б,В әріптерімен қоса нөмірленеді.

Жетектердің, бағдаршамдардың қойылуы, олардың нөмірленуі.

Бұрмалық жетектердің нөмірленуі бір жіпті жоспардағы бұрмалардың нөмірленуіне ұқсас. Бекет осіне жақын және біреулік қосарланған бұрмалардың бұрмалық жетектердің жолдық коробкалары болады, сұлбада тік бұрышы бар шеңберлер белгіленеді. Съездің алыс бұрмаларының муфталары болады, сұлбада олар нүктесі бар шеңбермен белгіленеді. Бұрмалық электрлі жетектерді басты жолдардың арасындағы жол аралыққа қоюға тиым салынады. Басқа жағдайда жетектерді қызмет көрсету ыңғайлылығына қарай қояды.

Бағдаршамдардың орналасуын екі жіпті жоспарға бір жіпті жоспардан көшірді, олардың нөмірленуі өзгермейді.