Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ Ержан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.48 Mб
Скачать

2. Теориялық бөлім

    1. Бекеттің бір жіпті жоспарының құрылу негізі

Бекет бойынша пойыздардың қозғалуы маршруттар бойынша жүзеге асырылады. Маршрут-бұл ашық бағдаршам бойынша тұйықталған бұрма мен белгілі күйге орнатылған бұрмалар бойынша пойыздың бекет көлемінде орын ауыстыру жолы.

Бекетте релелік орталықтандыру құрылғысы кезінде барлық қабылдау-жөнелту жолдары мен бұрмалық секциялар рельс тізбектерімен қондырылады, бұл құрамасының бұрманың ауысу мүмкіндігін және бағдаршамның бос емес жолдар ашылу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Бекетті жобалау кезеңінде бекеттің бір жіпті жоспары құрылады, онда қабылдау-жөнелту жолдарының саны, қабылдау-жөнелту жолдары бойынша қозғалыстың бағыттары, бұрмалар көрсетіліп, бұрмалық ауқымның оқшауланған түйіспелерге (рельс тізбектеріне) бөлінуі жүргізіледі. Бір жіпті жоспардың негізінде бекетте маневрлік жұмыстың анализі жүргізіледі, соның негізінде бекеттегі бағдаршамдар орнатылады.

Келесідей дамуы бар тақ ауқымды бекет үшін бір жіпті жоспардың құрылу процессін қарастырайық.

Жолдардың нөмірленуі, қозғалыстың бағыты, бұрмалардың нөмірленуі.

Бекеттің басты жолдары (оларға пойыз бұрма бойынша ығысусыз аралықтан кірген кезде) рим әріптерімен сәйкесінше IП мен IIП деп белгіленеді. Тақ пойыздар IП жолына, ал жұп пойыздар IIП жолына барады. Екі жолды желілерде бас жолдар арнайыландырылады, яғни олар бойынша пойыздар тек бір бағытта қозғалады. Бүйір жолдар басты жолдардан бастап нөмірленеді: IIП - дан жұп араб санымен, ал IП - дан тақ сандармен белгіленеді. Бүйірлік қабылдау жөнелту жолдары арнайыландырылған және арнайыландырылмаған (екі жаққа қозғалады) бола алады. Қозғалыстың рұқсат етілген бағыты бекет осіндегі бұрмалармен көрсетіледі.

Бұрмалар аралық жағынан бастап нөмірленеді. Егер де бұрмалар бір ординатада орналасса, онда жоғарырақ тұрған бұрманың нөмірі төмен болады. Тақ пойыздардың келу жағындағы бұрмалар араб тақ сандарымен 1,3,5 және т.с.с нөмірленеді. Жұп пойыздардың келу жағындағы бұрмалар-жұп сандарымен 2,4,6 және т.с.с. Бұл кезде съездер бұрмаларының нөмірлері рет-ретімен болады. Бұрмалық секцияға кіретін бұрмалар да рет-ретімен нөмірленеді.

Бекеттің оқшауланған телімдерге бөлінуі:бекеттің оқшауланған телімдерге бөлінуі келесі ретімен жүзеге асырылады:

а) қабылдау-жөнелту жолдарын оқшаулағыш түйіспелермен жеке бұрмасыз телімге бөлу қажет(бұл пункт бойынша қойылған түйіспелер суретте «а» әріппен белгіленген, ал шынайы жоспардағы оқшаулағыш түйіспенің белгіленуі болмайды);

б) бекетті аралықтан оқшаулағыш түйіспемен бөліп шығару керек;

в) тупиктарды бекеттен бөліп шығару керек;

г) көрші жолдар бойынша бір уақытта қозғалысты жүргізу үшін съезд бұрмаларын жеке бұрмалық секцияларға бөлу керек;

д) АЛС кодаларын локомотивке таратылуын нашарлатпау үшін басты бүйір жолдардың бұрмаларын бір секцияға біріктірмейді;

е) 1,15,13,3 бұрмалары сұлбада «тегеш» деп аталатын трапецияны құрайды, «тегештің» кең бөлігін (1мен 15 бұрмалардың арасы) оқшаулағыш түйіспемен бөлу керек, әйтпесе электрлі орталықтандыру блоктарын қоюға мүмкіндік болмайды. 5 пен 11 бұрмалар арасындағы түйіспені тура осылай қою қажет;

ж) бекет көлемінен шықпай-ақ маневрлік жұмыстарды орындау үшін бекеттің шеткі стыктары мен бірінші бұрманың арасында бұрмасыз телім ескеріледі; з) бұрмалық ауқымы үш бұрмадан көп емес бұрмалардан тұратын секцияларға бөлу керек. Біз мысалда 4 бұрмадан: 3,7,9,13 тұратын секция бар, сондықтан да бұл секцияны оқшаулағыш түйіспемен екіге бөлу керек.

Бекетті сигналдандыру:бекетте пойыздық жұмыс үшін кіру, шығу бағдаршамдарын және маневрлік жұмыс үшін маневрлік сигналдарды ескеру қажет. Бүкіл бағдаршамдарды пойыз қозғалысының жүрісі бойынша оң жағынан оқшаулағыш түйіспелер ординатасында орнатады.

Аралық жақтан бекетті кіру сигналы шектейді. Кіру бағдаршамы бұл сигнал бойынша қозғалыс бағытына байланысты «Н» немесе «Ч» деп белгіленеді. Дұрыс емес жолдан пойызды қабылдау үшін қосымша «Нд» мен «Чд» орнатылады.

Бекеттен пойыз шығу үшін әрбір жөнелту-қабылдау жолы үшін шығу бағдаршамын орнату қажет. ІП мен 3П жолдары үшін шығу бағдаршамдары керек емес, өйткені біздің мысалымыздағы бұл жолдар арнайландырылған. Бұл жолдарда маневрлік қозғалысты жүзеге асыру үшін маневрлік бағдаршам ескерілген. Шығу бағдаршамдары әріп пен санмен белгіленеді, мысалы, Ч4- бұл 4 жолдан қозғалыстың жұп бағыты үшін шығу сигналы. Басты жолдан шығу сигналын – діңгекті, ал бүйір жолда – ергежейлі орнатылады.

Тупиктан шығару үшін М1 маневрлік сигналды орнатамыз.

Маневрлік сигналдардың кейінгі орнатылуын бекеттің маневрлік жұмысын талдай отырып орнату қажет. Бұрыштық орын ауыстыруды қолдана отырып, кез-келген жолдан басқа кез-келген жолға өтетіндей бағдаршамдарды орналастыру керек.

Маневрлік қозғалыстардың екі түрі бар:

а) сигнал бойынша сигналға дейін (мысалы, М1 сигналы бойынша М7 сигналына дейін);

б) сигнал бойынша қарсы сигналдың артына (пойызға артымен тұрған) (мысалы, Ч6 бойынша М9 артынан).

Талдауды бастайық: ІП-дан ІІП-ға қозғалысы үшін М5 сигналын ескерейік, бұл кезде қозғалыс былай болады: М11 сигналы маневрлік локомотивке бірінші жолдан кетуге рұқсат береді, бұрмалар ауысқаннан кейін (13,9,15,21) локомотив қарсы сигнал артына барады, М5 сигналы ашылады және локомотив екінші жолға өтеді. Аналогты түрде М5 сигналы бірінші жолдан басқа жолға қозғалысқа қатысады.

Егер біз М5 сигналын 9 бен 13 бұрмалардың арасына қойсақ, бұл сигнал 3П, 5П, 7П-ға қозғалыстарға қатыса алмайды, сондықтан изостыктарды орнату сатысында маневрлік жұмыс қалай ұйымдастырылуы керек екенін білу керек. Қажет болса, стыктардың орналасуын сигналдандыру сатысында да өзгертуге болады.

Екінші жолдан төртінші жолға өту үшін М5 сигналын қолдануға болады, бірақ та бұл кезде локомотив артынан пробег жасап, бірінші жолды басып кіретін. Бұл жағдайда бірінші жолды баспайтындай, ІІП, 4П, 6П арасындағы жүрісті қамтамасыз ететін жеке сигналды (М9) ескеру керек.

М7 сигналы бірінші жолды баспайтындай, үшінші, бесінші және жетінші жолдардың арасындағы бұрыштық қозғалысты қамтамасыз етеді.

Сигнал мен изостыктардың дұрыс қойылуында кейбір орын ауыстырулар уақыттың бір сәтінде болуы мүмкін. Мысалы, бекеттен 5 жолдан 19-17-11-9-7-3-1 бұрмалар бойынша пойыз жөнелтілуі мүмкін бе және де сол мезетте маневрлік локомотив екінші жолдан 4-шіге жүруі мүмкін бе, иә, бірақ бұл үшін маневрлік локомотивтің қозғалысын шектейтін сигналды (М3) қою керек.

Маневрлік бағдаршамдардың нөмірленуін маневрлік жұмыстың толық анализінен кейін жүргізеді. Бұл кезде бағдаршамдар нөмірлерін кіру бағдаршамынан бастап береді, кіру «Н» кейінгі бірінші маневрлік сигналы «М1» деп белгіленеді, және бұл бұрмалық ауқымдағы қалған бағдаршамдарына да тақ нөмірлер беріледі. Сәйкесінше кіру «Ч» кейінгі маневрлік сигналдар «М2», «М4» және т.с.с аталады.